37 шығарылым Ағаш дайындау өндірісінің жалпы кәсіптері



жүктеу 0.94 Mb.
бет1/6
Дата12.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2009 жылғы 30 қарашадағы № 343-ө бұйрығымен

бекітілген

Жұмыстың және жұмысшы мамандардың

бірыңғай тарифті-біліктілік

анықтамалығы

37 шығарылым


«Ағаш дайындау өндірісінің жалпы кәсіптері,

Ағаш дайындау жұмыстары, Ағаш ағызу,

Ағаш шырынын ағызу, Қамыс дайындау және өңдеу»

бөлімдері

Астана 2009
Кіріспе
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы (БТБА) 37 шығарылымы «Ағаш дайындау өндірісінің жалпы кәсіптері, Ағаш дайындау жұмыстары, Ағаш ағызу, Ағаш шырынын ағызу, Қамыс дайындау және өңдеу» бөлімдері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 15 қарашадағы № 266-ө бұйрығымен бекітілген бұрын қолданылған БТБА 37 шығарылымы негізінде жасалған.

Бұл шығарылымның шығуы өндіріс технологиясына енген өзгерістер, өндірістегі ғылыми-техникалық прогрестің ролінің артуымен, жұмысшылардың біліктілігінің, арнайы және дайындықтарының, сапа, ішкі және сыртқы нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеті деңгейіне қойылатын талаптардың өсуімен, еңбекті қорғауымен байланысты.

Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне бойынша белгіленді.

Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар.

"Жұмыс сипаттамасы" бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды.

«Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.

Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.

"Жұмыс сипаттамасы" бөлімінде көзделген жұмыстармен қатар, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.

«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды; жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатқышты; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.

Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

«Ағаш дайындау өндірісінің жалпы кәсіптері» бөлімі
1. Аңшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бекітіп берілген обходта, қорықта, аңшы шаруашылығында, өндірістік учаскелерде жабайы жануарлар мен орман егістіктерін браконьерлерден қорғау. Азық дайындау. Аңшылық етуге және балық аулауға құқық беретін құжаттарды тексеру, жайылымдардағы жабайы аң мен құстың жылжуын бақылау, қоректендіру алаңшықтарын, аншлагтарды тиісті күйде ұстау; жабайы жануарларды есепке алу. Ағаш отынын дайындау, мал жаю, шөп шабу және орманды пайдаланудың өзге де жанама түрлеріне құқық беретін құжаттарды тексеру, белгіленген ережелердің орындалуын бақылау.

Ормандағы өрт сөндіру жұмыстарына қатысу. Ағаш кесуге, шөп шабуға, мал жаюға және орманды пайдаланудың өзге де түрлеріне арналған жерлерді бөлу, орман өсіруді жоспарлау жүргізу кезде жерде шекаралар, меже белгілерін, кварталдық тоғай жолдарын, визирлерді және т.б. белгілеу. Ағаш кесетін жерлерді бөлу және таксациялау, ағаш кесілетін жерлерді, дайындалған ағаш материалдарын, орман егістіктерін, сөл ағызу жерлерін, орындалған орман жұмыстарын куәландыру. Тіркелген обходы, қорығы, аңшылық шаруашылығы, өндірістік учаскесі шегінде аңшыларды тіркеу. Аңшылық етудің ережелері мен мерзімдерін және орман тәртібін бұзғандарға қатысты хаттама әзірлеу. Орманды заңсыз шабу, мал жаю және орманды пайдаланудың өзге де заңсыз түрлерін доғарту жөніндегі шараларды қолдану.

Көпірлердің, өрт бақылау мұнарасын, телефон желісін, шектегіш белгілерін, орман өсіру жоспарланған және орман шаруашылығы белгілерін дұрыс күйде ұстау, обходта зиянды жәндіктердің ошақтары, ағаштардың ауруы, ағаштардың жел мен дауылдан құлауы, сүрек діңнің кебуі және орман шаруашылығына зиян келтіру мүмкін өзге де құбылыстар анықталғаны жөнінде орман мекемесіне дер кезінде хабарлау.

Білуі тиіс:басқаруға берілген обходының, қорығының, орман шаруашылығының, өндірістік учаскенің шекараларын; аңшылық ету ережелерін; орманды дұрыс пайдалану және орман шаруашылығын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, үкімдерді; орман егу және оман отырғызу, орман өсімдіктерін күту, орман тұқымдарын және ормандық тұқым материалдарын дайындау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын және технологиясын; ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін және өрт сөндірудің практикалық әдістерін; аңшылық ету кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін; орман шаруашылығындағы агротехника мен жұмыстар технологиясын.
2. Аңшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бекітіліп берген обходында, қорығында, аңшы шаруашылығында, өндірістік учаскелерінде жабайы жануарлар мен орман егістіктерін браконьерлерден қорғау. Азық дайындау. Фенологиялық күнделікке күнделікті жазулар енгізу; аңшылық етуге және балық аулауға құқық беретін құжаттарды тексеру, ормандағы жабайы аң мен құстың жылжуын бақылау, қоректендіру алаңшықтарын, аншлагтарды тиісті күйде ұстау; жабайы жануарларды есепке алу. Ағаш отынын дайындау, мал жаю, шөп шабу және орманды пайдаланудың өзге де жанама түрлеріне құқық беретін құжаттарды тексеру, белгіленген ережелердің орындалуын бақылау.

Ормандағы өрт сөндіру жұмыстарына қатысу. Орман шаруашылығы мен орман өсімдіктерімен жұмыс жүргізу; ағаш кесуге, шөп шабуға, мал жаюға және орманды пайдаланудың өзге де түрлеріне арналған жерлерді бөлу, орман өсіруді жоспарлау жүргізу кезде жерде шекаралар, меже белгілерін, кварталдық тоғай жолдарын, визирлерді және т.б. белгілеу. Ағаш кесетін жерлерді бөлу және таксациялау, ағаш кесілетін жерлерді, дайындалған ағаш материалдарын, орман егістіктерін, сөл ағызу жерлерін, орындалған орман жұмыстарын куәландыру. Бекітілген обходы, қорығы, аңшылық шаруашылығы, өндірістік учаскесі шегінде аңшыларды тіркеу. Аңшылар мен жергілікті халық арасында аңшылық жөніндегі заңдар, орманды қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу; орманды заңсыз шабу, мал жаю және орманды пайдаланудың өзге де заңсыз түрлерін доғарту жөнінде шаралар қолдану.

Көпірлердің, өрт бақылау мұнарасын, телефон желісін, шектегіш белгілерін, орман өсіру жоспарланған және орман шаруашылығы белгілерін дұрыс күйде ұстау, обходта зиянды жәндіктердің ошақтары, ағаштардың ауруы, ағаштардың жел мен дауылдан құлауы, сүрек діңнің кебуі және орман шаруашылығына зиян келтіру мүмкін өзге де құбылыстар анықталғаны жөнінде орман мекемесіне дер кезінде хабарлау.

Білуі тиіс: өсімдіктер мен жануарлардың төлдеуін қорғау және оларды пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді; тапсырылған обходының, қорығының, орман шаруашылығының, өндірістік учаскенің шекараларын; аңшылық ету ережелерін; орманды пайдалануды және аңшылық шаруашылықты дұрыс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, үкімдерді; орман егу және орман отырғызу, орман өсімдіктерін күту, орман тұқымдарын және ормандық тұқым материалдарын дайындау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын және технологиясын; ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін және өрт сөндірудің практикалық әдістерін; орман заңдарын, аңшылық ету ережелерін бұзу үшін жауапкершіліктің нормаларын; аңшы ит қосу және итпен қуу ережелерін; аңшылық ету кезіндегі қауіпсіздік техникасын; орман шаруашылық агротехникасы мен жұмыстар технологиясын.
5. Аңшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бекітілген обходында, қорығында, аңшы шаруашылығында, өндірістік учаскелерінде жабайы жануарлар мен орман егістіктерін браконьерлерден қорғау; азық дайындау; бүкіл биотехникалық іс-шаралар кешенін жүргізу; фенологиялық күнделікке күнделікті жазулар енгізу; аңшылық етуге және балық аулауға құқық беретін құжаттарды тексеру, ормандағы жабайы аң мен құстың жылжуын бақылау, қоректендіру алаңшықтарын, аншлагтарды тиісті күйде ұстау; жабайы жануарларды есепке алу. Ағаш отынын дайындау, мал жаю, шөп шабу және орманды пайдаланудың өзге де жанама түрлеріне құқық беретін құжаттарды тексеру, белгіленген ережелердің орындалуын бақылайды.

Ормандағы өрт сөндіру жұмыстарына қатысу. Орман шаруашылығы мен орман өсімдіктерімен жұмыс жүргізу; ағаш кесуге, шөп шабуға, мал жаюға және орманды пайдаланудың өзге де түрлеріне арналған жерлерді бөлу, орман өсіруді жоспарлау жүргізу кезде жерде шекаралар, меже белгілерін, кварталдық тоғай жолдарын, визирлерді және т.б. белгілеу. Ағаш кесу жерлерін бөлу және таксациялау, ағаш кесілетін жерлерді, дайындалған ағаш материалдарын, орман егістіктерін, сөл ағызу жерлерін, орындалған орман жұмыстарын куәландыру. Тіркелген обходы, қорығы,аңшылық шаруашылығы, өндірістік учаскесі шегінде аңшыларды тіркеу. Аңшылар мен жергілікті халық арасында аңшылық жөніндегі заңдар, орманды қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу; орманды заңсыз шабу, мал жаю және орманды пайдаланудың өзге де заңсыз түрлерін доғарту жөнінде шаралар қолдану. Көпірлердің, өрт бақылау мұнараларын, телефон желісін, шектегіш белгілерін, орман өсіру жоспарланған және орман шаруашылығы белгілерін дұрыс күйде ұстау, обходының санитарлық күйін бақылау және онда зиянды жәндіктердің ошақтары, ағаштардың ауруы, ағаштардың жел мен дауылдан құлауы, сүрек діңнің кебуі және орман шаруашылығына зиян келтіру мүмкін өзге де құбылыстар анықталғаны жөнінде орман мекемесіне дер кезінде хабарлау.



Білуі тиіс: өсімдіктер мен жануарлардың төлдеуін қорғау және оларды пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді; тапсырылған обходының, қорығының, орман шаруашылығының, өндірістік учаскенің шекараларын; аңшылық ету ережелерін; орманды пайдалануды және аңшылық шаруашылықты дұрыс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, үкімдерді; орман егу және орман отырғызу, орман өсімдіктерін күту, орман тұқымдарын және ормандық тұқым материалдарын дайындау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын және технологиясын; ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін және өрт сөндірудің практикалық әдістерін; орман заңдарын, аңшылық ету ережелерін бұзу үшін жауапкершіліктің нормаларын; аңшы ит қосу және итпен қуу ережелерін; аңшылық ету кезіндегі қауіпсіздік техникасын; орман шаруашылық агротехникасы мен жұмыстар технологиясын.
6. Орманшы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орман дақылдарын отырғызу, плантациялар, қорықтар отырғыза бастау жөніндегі дайындық және қосалқы жұмыстары. Машина арқылы отырғызылған екпе көшеттерді қолмен жөндеу, көшеттердің дұрыс егілуін бақылау, қорықтардағы егістіктерді қолмен суару. Қазып алынған екпе көшеттерді іріктеу және уақытша отырғызу. Дайын шіліктен, өзге де материалдардан шарбақтар, механикалық қоршаулар жасау. Қорықтар мен плантацияларды қоршау, құрғату (суармалау) желілер үстінен өтпе жолдар мен көпірлер жасап орнату. Орманды қорғау жұмыстарын жүргізу кезінде дайындық жұмыстары. Орман кесетін жерді тазарту, қарағайдың қылқанын дайындау, сұрыптау, тазарту және буып – түю. Тін мен шел қабықтан, мочалодан шикізат дайындау, шетперден сыпырғылар, бұйымдар жасау.

Білуі тиіс: орман дақылдарын өндіру әдістері мен тәсілдерін, ормантану негіздерін; ағаш шебері және балташы жұмыстарының негіздерін; көшеттерді отырғызу агротехникасын, егіс материалдарын дайындаудың ережелері мен әдістерін, ағаш және бұта тұқымды көшеттердің стандарттарын, отырғызу сапасына қойылатын талаптар, егіс материалды көму ережелерін; ағаш кесілген жерлерді тазарту ережелерін; қарағай қылқанын дайындаудың әдістері мен стандарттарын; шикізатты дайындау ережелерін, шетперден бұйымдар жасау технологиясын; жұмыстарды атқарудың озық әдістері мен қауіпсіздік техникасының ережелері; аспаптар мен оларды қолдану ережелерін.

7. Орманшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Атты және қол аспаптарын, құралдары және қажетті материалды тексеру және дайындау. Орман егестерін, қорықтар, плантациялар егуге топырақ дайындау. Орман дақылдарын, екпе көшеттерді, тікпе көшеттерді қолмен және салт атпен күту. Егістік материалды дайындау; ағаш және бұта тұқымдарын жинау, өңдеу және егуге дайындау; екпе және тікпе көшеттерді қазып алу, сұрыптау, тиеу және түсіру. Егістік және көшет материалдан қысқы уақытта сақтауға дайындау. Табиғи жағуарына көмектесу (топырақ бетіндегі қыртысты алу және топырақты қопсыту). Өрттің алдын алу жұмыстарын өткізу кезінде топырақты минерализациялау. Ұшақтарға улы химикаттарды тиеу, зиянды жәндіктермен және орман ауруларымен жүргізілетін күрес нәтижелерінің есебін жүргізу. Этномофаунаның қоныстығының тығыздығын тексеру үшін топырақты зерттеу (тұзақ шұқырларды қазып алу), қоршағыш және тұзақ арықтарын орнату, ағаштарға желім шығыршықтарын салу, ұядағы жұмыртқаларды мұнайлау, тұзақ ағаштарды тізу. Ағаштың қабықтарын, өрт сөндірушілер балтасының саптарын дайындау, себеттер тоқу. Бұталар мен өсіп тұрған ағаштардан қолмен тұқым жинау. Өсіп тұрған қылқан жапырақты ағаштардан бүршіктер жинау. Кесілген ағаштардың жемістері бар бұтақтарын дайындау. Қалқа астында дайындалған бұтақтарды кептіру, бұтақтардан жемісті сілкіп түсіру немесе сындырып алу, тұқымдарды желдетіп алу, елеп алу, кептіру және ыдыстарға салу, сақтайын жерге тасымалдау. Қылқан жапырақты ағаштардың бүршіктерін кептіргіш камераларға себу. Кептіргіш камералардың пешін жағу. Аралары ашылған бүршіктерді камерадан түсіру, тұқымдарды ыдыстарға салу, тұқымды сақтауға тапсыру. Сөрелердегі сақтауға қойылған тұқымдарды қопсытып отыру. Бүршік кептіретін және тұқым сақтауға арналған қоймаларды жинау, оларды әктеу және зарарсыздандыру.

Білуі тиіс: топырақтану негіздерін (топырақтың механикалық құрамын, құрылымын, топырақтың негізгі қасиеттерін), ормантану, орман, тұқым ісінің, ормандық тауартанудың, орманды қорғау жұмыстарының негіздерін; топырақ өңдеудің және орман дақылдарын, екпе және тікпе көшеттерді күту агротехникасын; ағаш түрлерін, тұқымдардың пісу және оларды жинау уақытын, бүршіктерді өңдеу тәртібін; тұқымдарды сақтау ережелерін, көшет материалдарын, жемістерді, бүршіктерді, емен жаңғақтарын, тұқымдарды, дайындау агротехникасын, оларды сорттау, сақтау және олардың стандарттарын; бүршіктерді кептірудің температуралық режимін; ағаш материалдарының техникалық шарттары мен стандарттарын; орман жұмыстарын орындау, аттарды күту ережелерін, түрлі құралдары, аспаптарды және құрылғыларды пайдалануды; жұмыстарды атқару барысындағы қауіпсіздік техникасын.
8. Орманшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тіркегіш құралдары, аспаптарды және құрылғыларды тексеру және жұмысқа әзірлеу, оларды жұмыс ауысымы бойы күту, егістік және көшет материалдарын дайындау. Екпе және тікпе көшеттерді, қалемшелерді отырғызу, тұқым егу. Орман дақылдарын, екпе және тікпе көшеттерді механикалық құралдар арқылы күту. Топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізу, ерітінділер, эмульсиялар, уланған еліктіргіштер дайындау; екпе және тікпе көшеттерді, ағаш түрлерінің табиғи төлдерін, шөп өсімдіктерін себелеу. Жерді жырту арқылы екпе көшеттерді алу, топырақты минерализациялау, табиғи жаңартылуына қолдау жасау және ат жегілетін соқалар мен механизмдердің қолданылумен жүргізілетін жұмыстар. Ағаш кесетін жерлерді белгілеп бөлу және орманды жоспарлау жұмыстарын атқару, оның ішінде моторланған аспаптарды қолдану арқылы сынама алаңшықтардың салынуын бастау, ағаштарды есептеу, тұқым шаруашылықтарын өлшеу, визирлерді, кварталдық орман жолдарын және шекара сызықтарын қазу, тазалау және өлшеу, сәнді ағаштарды шабу жөніндегі жұмыстар кешені. Топырақ пен орман паталогияларына қатысты зерттеулер жүргізу үшін шұңқырлар дайындау.

Білуі тиіс: Ормантанудың, орман жоспарлаудың, топырақтанудың, орман жаңғыртудың, орман қорғаудың, орманды пайдаланудың және орман тауартанудың негіздерін; топырақты өңдеудің, екпе және тікпе көшеттерді, қалемшелерді отырғызудың, тұқым егудің, егістіктерді және отырғызылған көшеттерді күту агротехникасын; екпе ағаштардағы ақауларын, орман зиянкестерін және орман ауруларын; тіркегіш және аспалы трактор және ат күшімен жүретін машиналар мен құрылғылардың, моторлы аспаптардың құрылымын және қолдану ережелерін; жұмыстар атқару барысындағы қауіпсіздік техникасын.
9. Орманшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ағаш отырғызатын машиналарды, ат күшімен жүретін және қол аспаптары мен құрылғыларды дайындау, жұмыс ауысымы бойы оларды техникалық күту. Жабық тамыр жүйелі көшет материалдарын өсіру жөніндегі жұмыстар кешені, екпе тікпе көшеттерін механиканы қолданып отырғызу. Қалемшелерді ұластыру, жеміс ағаш және ағаш мектептері мен плантациялардағы көзбақтау. Қорықтарды жаңбырлату қондырғылары, мотопомпалар арқылы суару. Орман өртін мотопомпалар, тракторлы, атты және қол бүріккіштердің көмегімен өшіру. Орман шабу орындарын және орман жоспарлау жерлерін бөлу жөніндегі жұмыстар кешені.

Білуі тиіс: ормантану, орман жаңғырту, орман жоспарлау, топырақтану, орман қорғау, орманды пайдалану және орман тауартану негіздерін; көшет материалдарын, оның ішінде тамыры жабық жүйелі көшеттерді өсірудің әдістерін; тәсілдерін, технологиясын, субстраттар дайындау әдістерін; қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар тұқымдарын ұластыру әдістері мен техникасын; улы химикаттардың сипаттамасын; улы химикаттардың ерітінділерін, эмульсияларын дайындау ережелерін; орманды қорғау жұмыстарын өткізудің технологиясын және химиялық күрестің нәтижелерін есепке алу әдістерін; ормандағы өртпен күресу әдістері мен тәсілдерін; ағаш кесуді жүргізудің технологиясын; орманды күту әдістерін; сүректің ақауларын, орман зиянкестерін және орман ауруларын анықтау әдістерін; орман отырғызуға, аурулардан және этномозиянкестерден қорғауға арналған тіркегіш және аспалы тракторлі машиналар мен құрылғылардың, тоғын – механикаландырылған тізбектердің құрылымын, оларды қолдану және техникалық қызмет көрсету ережелерін; жұмыстарды атқару барысындағы қауіпсіздік техникасын.
10. Орманшы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жұмыстар атқаруға қажетті моторлы құралдарды, аспаптарды және құрылғыларды дайындау, жұмыс ауысымы барысында оларды шамамен жөндеу және күту. Жас бұталарды механикаландырылған аспаптар арқылы күту. Моторлы қол аспаптарын қолданып орманда жеміс – жидек көшеттерін отырғызғанда шұңқырлар дайындау, орман дақылдарын өсіру және оларды арасы қашық өлшегіш материалмен отырғызу. Жарылыс арқылы өртке қарсы орлар жасағанда аммонал заряды астына шпурлар бұрғылау. Қажетсіз өсімдікпен, этномозиянкестермен және орман аурулармен күресу мақсатында моторлы қол аспаптарын қолданып орман учаскелерін, орман дақылдарын, қорықтарды химиялық заттармен өңдеу.

Білуі тиіс: орман өсірушілікті, орман қалпына келтіруді, топырақтануды, орман шаруашылық жұмыстарының механизмін; руды, пайдаланудың техникалық ережелерін және моторландырылған құралдармен қызмет көрсетуді, бензинді қозғалтқыштар базасындағы аэрозалды генераторларды; өндірістің технологиясы мен агротехниканың негізгі талаптарын, орман шаруашылығының, орман мәдениетінің, орман қорғаудың және басқа да орман шаруашылығында орындалатын жұмыстардың үздік әдістерін; улы химикаттар эмульсиясын, ерітінділерді дайындау ережесін; химиялық күрес нәтижелері әдістерінің есебін; ыстықтай майлайтын материалдардан шығыс нормаларын; оларды үнемдеу бойынша шараларды; техникалық қауіпсіздік, өндірістік тазалық сақтау және көрсетілген механизмдерді пайдалану кезінде өртке қарсы қорғануды және ыстық майлайтын материалдармен, химикаттармен және жырылғыш материалдармен жұмыс жасау ережелерін.
11. Ағаш дайындау өндірісі мен ағаш ағызу бақылаушысы
Жұмыс сипаттамасы. Күшіне енген мемлекеттік стандарттарға және техникалық шарттарға сай дөңгелек, жарылған, жонылған, араланған ағаш материалдарының, солқылдақ шыбықтар, осмол, ағаштар, живицалар, баррас, қара май, технологиялық жоңқа, ағаш қалдықтары, көмір, қабық, мочал, ағаш көгін, кіші ағашхимиясы өнімдерінің пайдалану мақсатын, сапасын, түрлерін, өлшемдерін, санын, көлемін анықтау және оларды белгілеу. Ағаштар мен шыбықтардың орташа көлемін анықтау. Ағаш материалдары мен басқа өнімдерді қабылдау мен тапсыру тіркеу құжатнамасын жүргізу.

Білуге тиіс: бағалау негіздері мен ағаш тауартану негіздерін; ағаш ақаулары мен тұқымын; ағаш дайындау өндірісі мен ағаш ағызу өнімдеріне қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды; ағаш материалдарын және басқа өнімдерді тасымалдаудың негізгі шарттарын; шетелге шығарылатын және арнайы тапсырыс ағаш материалдарына қойылатын талаптарды; ағаш өнімдері, ағаштар пен шыбықтардың көлемін анықтайтын бақылау-өлшеу аспаптары мен кестелерді қолдану ережелерін.

Көмір, қабық, мочал, ағаш көгі, кіші ағашхимиясы өнімдерін қабылдау және тапсыруды орындағанда -3-разряд;

Ағаштар, шыбықтар, технологиялық жоңқа, осмол, живица, баррас, қара май, жарылған, жонылған, араланған ағаш материалдарын, ағаш қалдықтарын, дөңгелек ағаш өнімдерін қабылдау және тапсыруда; ағаш материалдарын көлікке салғанда, ағаш ағызуда іріктегенде, ағашты судан шығарғанда қабылдау және тапсыруда - 4-разряд;

Шыбық (қырқып кесу) өнімдерін қабылдағанда және тапсырғанда 5-разряд.



12. Машинист-краншы
Жұмыс сипаттамасы. Жүк машиналарын немесе барлық типті крандарды, тракторларға монтаждалған әр түрлі жүйелердің өзі жүретін жүктеу машиналарын тасығанда, ағаш тасу көліктеріне салғанда, ағаш тасу көліктерінен ағаш материалдарын, ағашхимия өнімдерін, осмол, томарларды түсіргенде басқару, ағаш дайындау технологиялық үрдісіне қатысу, ағашты қоймада қатарлап үю. Жүккөтеретін механизмдер мен жүк тиейтін құрылғыларды реттеу. Арқан, блок, чокер, жүккөтеру механизмдерінің және құрылғыларының беріктігін тексеру. Қолданылып жатқан механизмдер мен машиналарға техникалық қызмет көрсетулер мен жөндеу жұмыстарының барлық түріне қатысу. Қызмет көрсетіліп жатқан механизмдер, машиналар, құрылғылардың ақауларын табу және жөндеу.

Білуге тиіс: жүктеу машиналары, крандардың барлық түрлері, әр түрлі жүйенің өзі жүретін жүк тиейтін машиналарының құрылымын, құрылысының ерекшеліктерін, қолдану ережелерін, пайдалану мақсаты мен жұмыс істеу принципін; қолданған кезде машиналар мен механизмдердің сорғылары мен қақпақтарын реттеу тәсілдерін; ағашты тасу, салу, қатарлап жинаудың тәсілдерін; арқандарды қолданудың техникалық шарттарын; крандар мен арқандарды басқару сызбасы мен шектік жүктемесін; автомашина, тіркеу жабдығы, вагон, платформаларды жүктеу ережелерін; қызмет көрсетіліп жатқан машиналар мен механизмдердің ақауларының шығу себептері мен оларды жөндеудің тәсілдерін.

Жүк көтеру шегі 2 т дейін жүк машиналары мен крандардың барлық түрін басқару 4-разряд;

Жүк көтеру шегі 2-ден 5 т дейін жүк машиналары мен крандардың барлық түрін; жүк көтеру шегі 5-тен 25 т дейін тұрақты мұнара және козловой крандарды басқарғанда, ағаш жүгін және басқа да жүкті иілгіш арқан көмегімен қатарға қойғанда, салып, тасығанда - 5-разряд;

Әр түрлі жүйенің тракторларға монтаждалған, өзі жүретін жүк тиеу машиналарын, жүк көтеру шегі 5-тен 7 т дейін барлық жүк машиналары мен крандарын, әр түрлі жүк ұстағыш құралдар орнатылған, жүк көтеру шегі 25 т асатын тұрақты мұнара және козловой крандарды басқарғанда; ағаш және ұқсас жүктерді тиеу, түсіру, қатарлап жинау, тасу жұмыстарын орындағанда; ағаш жүгін тасып, салып, түсіріп, қатарлағанда грейферлі, жүк көтеру шегі 5т дейін тұрақты мұнара және козловой крандарды басқарғанда; барлық жұмыстарды орындағанда жүк көтеру шегі 10 т асатын кабелді крандарды басқарғанда 6-разряд;

ағаш және ұқсас жүктерді тиеу, түсіру, қатарлап жинау, тасу жұмыстарын орындағанда әр түрлі жүйенің тракторларға монтаждалған, өзі жүретін жүк тиеу машиналарын, жүк көтеру шегі 7 т асатын жүк машиналары мен крандарын; грейферлі, жүк көтеру шегі 5 т асатын тұрақты мұнара және козловой крандарды басқарғанда -7-разряд.
13. Парашютшы (десантшы) – өрт сөндіруші

  1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет