4 – дәріс Мәдениет анатомиясының сипаты



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата01.10.2022
өлшемі1.65 Mb.
#461733
1   2   3   4
4- дәріс Мәдениет анатомиясы

Хантингтон Сэмуель − 
американдық саясаттанушы,
Гарвард университетінің
профессоры.
Бүгінгі күнің тарихи мәдени типтеріне келетін болсақ, бұл 
негізінен Хантигтон деген АҚШ ғалымы қарастырған ол 
сегіз өркениетті атап өтеді: 


Қазақстан осы өркениеттердің ішінде өзінің
сенім нанымдары бойынша ислам өркениеттіне
жатады.
Қазақстан үш өркениеттің тоғысқан жерінде
ислам өркениеті, конфуциялық өркениеттің және
проваславиялық өркениеттің тоғысқан жерінде
орналасқан.


Бұрыннан Орта Азиямен тығыз байланысты Қазақстан жеріне де
ислам өз өсерін тигізді. Еліміздегі коптеген түрік тайпалары-ның
мемлекеттік бірлестіктері ислам дінін бірден қабылдама-ған.
Қарахандар мемлекетінде мүсылман дінін алғашқы қабылдаған
қаған Сатук, ал оның баласы Мұса 955 жылы исламды
Қарахандар мемлекетінің ресми діні деп жариялады. X ғасырда
оғыздар мен кыпшақтардың да бірталай болігі мұсылмандыққа
отті. Жалпы алғанда, исламды қабылдау Қазақстан жеріндегі
тайпалардың сол кездегі озық мәдениеттерге қосылуына
мүмкіндік берді.



Осы кезден басталған мәдени өркендеуге мүсылманның рухани
оміріндегі екі бағыттың бір-бірімен тайталасы Қазақстан жерінде де
өзінің терең әсерін қалдырды. Бірінші бағыт Платон, Аристотель сияқты
грек философтарына сүйенген Шығыс перипатетикасымен байланысты.
Оның негізін салушы — дүниежүзілік мәдениет пен білімнің
Аристотельден кейінгі екінші үстазы, ежелгі Отырар қаласында туған
Әбунасыр Мұхаммед ибн Мүхаммед ибн Тархан ибн әл-Фараби ат-Түрки.
Әл-Фарабидің рухани мұрасы қазақстандық және басқа ғалымдар
тарапынан ойдағыдай зерттелген. Ал әл-Фарабидің озі зерттеу
жүргізбеген ғылым мен мәдениет саласы жоқ, Б. Ғафуровтың есебі
бойынша, ол 200-ден астам трактат жазған. Әл-Фараби өзінің
трактаттарын сол замаңдағы рухани-ғылыми кұрал саналған араб тілінде
жазғанымен, өз отанының ғасырлар бойы қалыптасқан мөдениетінен
әрқашан нәр алып отырған. Әл-Фарабидің ұлылығы оның өз отанының
мәдени көңіл-қалпына ирандық, үнділік жөне антикалық мәдениеттерді
үштастыра білуі.



Әл-Фарабидің мәдениет туралы пікірлері негізінен 
араб мәдениетінің мына 4 тармағына байланысты: 

1. Хақиқат (бір Алланың ақиқаттығын дәлелдеу).

2. Шариғат (мүсылмандық түрмыс-салт заңдары). 

3. Тарихат (Аллаға қызмет өткен әулиелер өмірі). 

4. Маарифат (білімділік, парасаттылық идеялары).



Осыңдай түлғалық деңгейге ең алдымен ел басшысы көтерілуі керек. Ол
өзінің аңдағыш қасиеті арқасында дана, философ, кемеңгер, парасат иесі
болып шығады. Міне, осының бәрі оның тәңірілікті танып білетін
болмысының шарапаты. Мәдениетті адам тәрбиелеу мәселелерін әл-
Фараби өзінің «Қайырымды қала түрғындарының көзқарастары туралың,
«Бақыт жолын сілтеуң, «Ақыддың мәні туралың, «Данышпандықтың інжу-
маржаның, «Бақытқа жету жайындаң ж.т.б. трактаттарында жан-жақты
талдаған. Оның жиі қолданатын үғымы — «қала». Қаланы әл-Фара-би жай
ғана қоныс, түрғын жер деп түсінбей, оны адамдардың мәдени топтары,
мемлекет мағынасында қолданады. Бұрын ай-тып кеткеніміздей, тіліміздегі
медениет үғымының арабшасы «маданиятң, мадина, яғни қала сөздерімен
түбірлес. Ізгілер қала-сының түрғындары, ұлы үстаздың ойынша, өздерінің
инабатты-лығымен, әділеттілігімен, білімділігімен, өнер сүйгіштігімен
көзге түседі.



Жалпы алғанда, әл-Фараби — Шығыс мәдениетінің
алып тұлғасы ол дүниежүзілік өркениетте өзінің қадірлі
орнын алады. Оның рухани мүрасы өзінің ұлы
ізбасарлары Ибн-Синаға, Бируниге, Жүсіп Баласағұнға
және т.б. суалмайтын қайнар болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет