3.4 Тоғызқұмалақ ойынының қазіргі кездегі даму деңгейі
Қізіргі таңда республика бойынша қазақтың төл ойыны - тоғызқұмалақпен шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады. Тоғызқұмалақпен тек шетелдегі қазақтар ғана емес, сонымен бірге Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінде де жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда.
Ресей ғалымдарының ішінде этнограф Н.Пантусов 1906 жылы Қазан қаласында тоғызқұмалақ туралы алғаш мақала жариялады. 1936 жылы Орт Азияда алғаш рет "Тоғызқұмалақ" кітабын жазған түркітанушы С.Аманжолов болды.
Тоғызқұмалақтан 1948 жылы Алматы қаласында өткен бірінші республикалық чемпионатқа 4 адам қатысып, бірінші жеңімпаз ретінде Жамбыл облысының өкілі - Ш.Өтегенов танылды.
Тоғызқұмалақ тақтасындағы отауларға сандық белгі қойылмастан бұрын әріптік белгілер қойылған, оның авторы - Ш.Ыбыраев. 1949 жылы өткен Қазақстан Республикасының ІІ Чемпионатында тоғызқұмалақ тақтасындағы отауларды әріптік белгілеу нотациясы қолданылды. 1974 жылы әріптік белгілеу сандық белгілеуге көшірілді. Авторы - С.Тілеубаев.
1974 жылы Қазақ ССР тоғызқұмалақ федерациясы құрылды. Тоғызқұмалақ ойынының ережесі ретінде С.Аманжолов пен Т.Сұлтанбековтың кітаптарындағы қағидалар алынды. 1990 жылы тоғызқұмалақ Федерациясының президенті болып Н.Жүнісбаев сайланды.
1978 жылы Қазақ ССР-нің ресми чемпионы болған Қостанайлық Д.Поляков "Спорт шебері" ресми атағына да тұңғыш рет ие болды. Оған дейін Қазақ ССР-нің жекелей чемпионаты ашық түрде өткізіліп келген болатын. 1984 жылы Қазақ ССР-нің командалық чемпионаты алғаш рет өткізілді.
1980 жылы Қазақ ССР-нің тоғызқұмалақ федерациясының тапсыруымен тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидаларына Қаратаулық Ә.Ақшораев пен Алматылық Н.Жүнісбаев өзгерістерді енгізді. Ал 1991 жылы Б.Әзімжанов пен М.Таникеев тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидаларына жаңа толықтырулар мен түзетулерді енгізді.
1990 жылы Тоғызқұмалақ Федерациясының І Республикалық Конференциясында Қостанайлық халықаралық дәрежедегі спорт шебері Б.Әзімжановтың ұсынысымен рейтинг - парағы енгізілді. Бірақ бұл жұмыс кейін жүйелі түрде жүргізілмей қалғанымен, 2006 жылы қайта жанданды.
1991 жылдан бері Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты ерлер мен әйелдер арасында бөлек өткізіліп келеді. Оған дейін олар сайысқа бірге түсіп келген болатын. 1991 жылдың чемпиондары Жамбылдық спортшылар - ерлер арасында Қазыбеков Ғани мен әйелдер арасында Өмірзақова Гүлнар болды.
1997 жылдан бастап ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық жарыс өткізіліп келеді. Бұл жарысқа Монғолия, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің спортшылары қатысуда.
1999 жылы ҚР жекелей чемпионатының үш дүркін жеңімпаздары Б.Әзімжанов пен А.Жақапбаеваға алғаш рет "Халықаралық дәрежелі спорт шебері" спорттық дәрежелері берілді.
2001 жылдан бері ҚР Туризм және спорт министрлігі ҚР ардагерлері, жасөспірімдер мен жастар арасындағы чемпионаттарды бөлек өткізіп келеді.
2006 жылы әр ойыншының жеке дәрежесін (рейтинг) есептеу тәртібі қайта енгізілді. 2007 жылы рейтинг бойынша тұңғыш рет "Спорт шебері" спорттық дәрежесін Қостанайлық Д.Қасенова орындады.
Тоғызқұмалақ тарихында 2006 жылы алғаш рет Лондонда өтетін зияткерлік ойындар олимпиадасының бағдарламасына, кейін 2008 және 2009 жылы Чехияда өтетін дүниежүзілік зияткерлік ойындар олимпиадасының бағдарламасына енді.
2008 жылы Орал қаласында өткен ҚР Президентінің жүлдесі үшін жарыста Халықаралық Тоғызқұмалақ Федерациясы құрылды. Президенті - А.Байменов. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия, Ресей Федерациясы және Қытай елдері мүше болды.
2008 жылдан тоғызқұмалақ ойыны тіркеліп, www.iggamecenter.com сайтында тоғызқұмалақты онлайн жүйеде ойнайтын бағдарлама жасалды. Сонымен бірге интернетте қазақ, чех, ағылшын, орыс, түрік тілдерінде сайттар ашылып, жұмыс жасалуда.
2010 жылы тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Серік Ақтаев пен Диана Кенина және бағдарламашы Ернар Шамбаев бірігіп тұңғыш тоғызқұмалақтан компьютер бағдарламасын жасады.
2010 жылдың 1 - 7 қараша аралығында Астана қаласында Тоғызқұмалақтан І Әлем Чемпионаты өтті. Алғашқы Әлем Чемпионатына барлығы 19 мемлекеттен: Антигуа - Барбуда - 2 адам, Әзірбайжан - 1 адам, Германия - 1 адам, АҚШ - 1 адам, Испания - 1 адам, Қазақстан - 6 адам, Қырғызыстан - 6 адам, Қытай - 2 адам, Өзбекстан - 4 адам, Грузия - 1 адам, Монғолия - 6 адам, Түркия - 2 адам, Түркменстан - 2 адам, Ресей (Алтай, Башқұрстан, Қарашай-Шеркесия, Татарстан, Тыва) - 6 адам, Чехия - 1 адам, Швейцария - 1 адам, яғни 43 спортшы, оның ішінде 25 ер, 18 әйел адам қатысты. Классикадан ерлер арасында бірінші Әлем чемпионы Ғалымжан Темірбаев (Қазақстан). Классикадан қыздар арасында бірінші Әлем чемпионы Әсел Далиева (Қазақстан). Блицтен ерлер арасында бірінші әлем чемпионы Ғалымжан Темірбаев (Қазақстан). Блицтен қыздар арасында Әлем чемпионы Әсел Далиева (Қазақстан).
Тоғызқұмалақ федерациясының тапсыруымен тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидаларына өзгерістер енгізіп, жазу жұмысын Қаратаулық А.Ақшораев пен Алматылық Н. Жүнісбаев 1980 жылы ойдағыдай жазып шықты. 1991 жылы белгілі тоғызқұмалақшы Б.Азымжанов пен М.Танекеев Қазақ тоғызқұмалақ федерациясының тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидаларына өзгерістер енгізіп, ойынның кодексін жаңашалап жазып шықты.
1984 жылдан бастап командалық чемпионаттар өткізіле бастады .1991 жылға дейін жекелей чемпионатта ерлер мен әйелдер бірге сайысқа түсіп келді. ҚР туризм және спорт Министрлігі 2001 жылдан бастап ҚР ардагерлері, жасөспірімдер мен жастар арасындағы чемпионаттарын бөлек өткізу ісін жүзеге асырды. Сонымен қатар республика көлемінде 20-дан астам республикалық және халықаралық жарыстар өткізіледі. 1997 жылдан бастап елбасы Н.Ә.Назарбаев жүлдесі үшін халықаралық жарыс өткізіліп келеді және оған осы жылдар шеңберінде бұл жарысқа моңғолия, ресей, қырғыз, өзбек елдерінің спортшылары қатысып үлгерді.
2012 жылдың 13-20 шілдер аралығында Пардубице (Чехия) қаласында Тоғызқұмалақтан ІІ Әлем Чемпионаты өтті. ІІ Әлем Чемпионатына 10 мемлекеттен (Германия, АҚШ, Ресей, Швейцария, Түркия, Украина, Латвия, Қырғызстан, Чехия және Қазақстан) 47 спортшы қатысты. Классикадан ерлер арасында Әлем чемпионы Хакімжан Елеусінов (Қазақстан). Классикадан қыздар арасында Әлем чемпионы Әсел Далиева (Қазақстан). Блицтен ерлер арасында Әлем чемпионы Айдос Сейтжан (Қазақстан). Блицтен қыздар арасында Әлем чемпионы Әсел Далиева (Қазақстан). Рапидтен ерлер арасында бірінші Әлем чемпионы Серік Ақтаев (Қазақстан). Рапидтан қыздар арасында бірінші Әлем чемпионы Диана Кенина (Қазақстан).
Бүгінде тоғыз-құмалақ ойынын жастар арасында дәріптеу мақсатында түрлі курстар мен үйірмелер ашылуда. Сондай үйірменің бірін мен Астанадағы оқушылар сарайында көрдім. Өткен ғасырда қазақ даласында ең танымал ойынының бірі осы "қойшылар алгебрасы" атанған тоғызқұмалақ бүгінде жақсы жарнама күтіп тұрған сияқты.
Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғыз-құмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғыз-құмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғыз-құмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық. 1974 жылы тұңғыш рет Қазақ ССР тоғызқұмалақ федерациясы құрылды. Тоғызқұмалақ ойынының ережесі ретінде С.Аманжолов пен Т.Сұлтанбековтың кітаптарындағы қағидалар алынды.
1990 жылы тоғызқұмалақ Федерациясының президенті болып Н.Жүнісбаев сайланды. Тоғызқұмалақ әуесқой ойыншыларының Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясы 2001 жылы құрылды.
Басты мақсат – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру. Мәні кез-келген жанның ақыл ойы шындап, ми қызметін дамытып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.
2001 жылы 1 сәуір айынан бастап Астана қаласында Шахмат клубы жанынан Тоғызқұмалақ бөлімі ашылды. Оған «4» жаттықтырушы 170-ке жуық оқушылар дайындалады. «1» халықаралық спорт шебері, «3» спорт шебері , «8» спорт шеберлігіне үміткер, «11» I-деңгейлі тоғызқұмалақшылары бар. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-құмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғыз-құмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғызқұмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |