4 дәріс «Бетон» Қарапайым (жылы) бетонға арналған материалдар



бет2/4
Дата22.04.2024
өлшемі42.3 Kb.
#499502
түріҚұрамы
1   2   3   4
4-дәріс. Бетон

Ρк.кус – кесектегі ірі толтырғыштың орташа үйінді тығыздығы.
Түйіршік аралық кеуектілік көрсеткіші минималды болуға болады. Оның шамасы аз болса ірі толтырғыштың тиімді түйіршік құрамын таңдау жолымен қабылдауға болады.
Ірі толтырғыштардың түйіршікті құрамын кептірілген ірі толтырғыштарды өлшемдері 70; 40; 20; 10; 5 мм тесікті елегішпен елеп өткізу нәтижесінде оның ең жоғарғы Днаиб және ең төменгі Днаим ірілік есебімен бекітеді.
Қиыршық тас-тау жыныстарын, ірі табиғи малта тас пен жасанды тастарды ұнтақтау жолымен алынған кедір-бұдырлы борпылдақ қарапайым жасанды материал. Қиыршық тастың жарамдылығын анықтау үшін төмендегілерді білуі қажет: тау жыныстарының нақты тығыздығы, қиыршық тастың орташа тығыздығы, орташа үйілмелі тығыздығы, салыстырмалы түйіршік аралық кеуектілігі, қиыршық тастың ылғалдылығы.
Малта тас-тау жыныстарының физикалық мүжілу үдерісінде пайда болатын майдаланған табиғи түйіршікті борпылдақ материал. Малта тасқа қойылатын талаптар қиыршық таспен бірдей болады.
Қоспалар. Цементке қоспаны енгізгенде ерітінді немесе бетон қоспасындағы цемент, ерітінді тас пен бетон сапасын қарапайым және ыңғайлы тәсілмен жақсартады. Қоспалар олардың қасиетін көтеріп қоймай техникалық, пайдалану көрсеткіштерінде жақсартуға әсер етеді. Қоспаларды байланыстырғыш заттар, құрылыс ерітінділері мен бетон қоспасын өндіру кезінде қолданады. Олар бетон қоспасы сапасын өзгертумен бірге бетонның өзінің сапасына әсер етеді; ыңғайлы төселу, механикалық беріктігіне, аязға төзімділігі, сызатқа төзімділігі, суға төзімділігі, сусіңірмеушілігі, жылу өткізгіштігі, қоршаған ортаға төзімділігіне әсер етеді.
Бетон қоспасының негізгі қасиеті (оның біртүрлілігін сақтау қабілеті, тасымалдау, түсіру кезінде қабаттаспауы) біртүрлілігі, су ұстау қабілеті (бетонның құрылымын, олардың беріктігін алуда, су сіңірмеушілігі мен аязға төзімділігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады), ыңғайлы төселуі (бетонның жоғары тығыздығын қамтамасыз ету, қажетті конфигурация мен тығыздығын алуда ең төменгі энергия шығынымен оның жылдам қабілеттілігі) байланысына тәуелді болады.
Жаңадан дайындалған бетон қоспасы жақсы араласатын (біртекті), ауа райы жағдайында төсеу орнында тасымалдауға жарамды болуы тиіс, осы кезде су бөлгіштігі мен қабаттасуға қарсыласатын болады.
Бетон қоспасы құрамын жобалау мен таңдау тапсырмасына қажетті материалдар (байланыстырғыш заттар және т.б.) және олардың тиімді көлемінің қатынасын анықтау кіреді. Осының негізінде технологиялық қасиетімен бірге бетон қоспасы алынады, сонымен қатар максималды үнемді және ұзақ уақыт қолданылатын, цементтің минималды шығыны кезінде жобалау мен пайдалану талаптарына жауап беретін бетон алынады. Бетон қоспасының жобаланған құрамы қатпарланбайтын, қажетті ыңғайлы төселуін қадағалау, ал осы қоспамен дайындалатын бетон-қажетті келесі қасиеттерге ие болады: тығыздығы, беріктігі, аязға төзімділігі, су сіңірмеушілігі.
Бетон қоспасы құрамын жобалаудың көптеген қарапайым әдісі-бетон қоспасын төсеу мен тығыздау кезінде саңылаусыз дайындалуымен қабылданған абсолюттік көлемі бойынша есептеледі.
Бетон құрамын жобалау төмендегі әрекеттегі ұсынылған және нормативтік құжаттарды пайдалану арқылы орындалады:

  1. Берілген бетон маркасын Rб, тиімді цемент Rц маркасын белгілеу.

  2. Су цемент қатынасын анықтау В/Ц, қарапайым бетон үшін В/Ц ≥0,4: В/Ц=А·Rц/(Rб+0,5А·Rц); мұндағы, Rц – цемент маркасы; Rб – бетон маркасы; А – қолданылған компоненттер сапасын есептеу коэффициенті.

  3. 3 бетон қоспасына болжамды шығынды белгілеу. Судың шығыны, бетон қоспасын дайындау үшін берілген жылжымалылығы.

  4. Белгілі болған В/Ц қатынасы бойынша цементтің шығынын (1м3 бетонға кг-мен) есептеу және судың болжамды шығынын қабылдау: ;

  5. 3 бетон қоспасын есептеу өрнегі:

(1.12)
мұндағы, Ц, В, П, Кр – 1м3 қоспадағы цемент, су, құм, ірі толтырғыштардың шығынары, кг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет