4 дәріс «Бетон» Қарапайым (жылы) бетонға арналған материалдар



бет4/4
Дата22.04.2024
өлшемі42.3 Kb.
#499502
түріҚұрамы
1   2   3   4
4-дәріс. Бетон

Гидротехникалық бетон. Бетонның арнауыл түрлер.
Тұрақты және мезгілдік сумен шайылып тұратын, гидротехникалық және гидромелиорациялық ғимараттар құрылысы кезінде қолданатын бетонды гидротехникалық деп атайды. Гидротехникалық бетоны тек қана берік болумен қатар оның сулы ортадағы ұзақ уақыт қызметін қамтамасыз ету үшін аязға төзімді, бірақ сусіңірмейтін және суға төзімді болуы керек.
Ғимараттағы гидратехникалық бетоны немесе құрылымдары су деңгейінің орналасу қатынасына байланысты суастындағы-үнемі суда орналасқан; ауыспалы деңгейі аймағы- сумен мезгілдік шайылып тұратын; су үстінде-ауыспалы деңгей аймағынан жоғары орналасқан болып бөлінеді. Гидротехникалық бетон құрылымы бетінің ауданы бойынша массивті және массивсыз, ал ғимараттағы орналасу орны бойынша-сыртқы және ішкі аймағы болып бөлінеді.
Гидротехникалық бетонның негізгі құрылыс-техникалық қасиеті-сусіңірмеушілігі, аязға төзімділігі, су жұтуы, беріктігі, судың агрессивті әрекетіне қарсы қабілеті, жылу бөлгіштігі, ұзақ уақыттылығы, бетон қоспасының жылжымалылығы мен қатаңдығы.
Гидротехникалық бетонға арналған байланыстырғыш материалдар ретінде портландцементті пайдаланады. Гидротехникалық бетонның сапасын арттыру үшін оның құрамына көлемдік ұлғаюды, шөгуді, су тұтынуын төмендету мақсатында қоспалар қосуды ұсынады. Гидротехникалық бетонға арналған құм ірі, орташа ірілікте, табиғи және жасанды ұсақ қатты және тығыз тау жыныстарын пайдаланады. Гидротехникалық бетонға арналған ірі толтырғыштар ретінде тау жыныстарынан алынған малтатас, қиыршық тастарды пайдаланады.
Айырықша ауыр бетон-арнаулы қорғаныс ғимараты үшін қолданады (радиоактивтік әсерінен қорғану үшін). Оның орташа тығыздығы 2500 кг/м3 жоғары болады. Толтырғыштар ретінде магнетит, лимонит, гидрогенит, гематит, баритті пайдаланады, бетонның атауыда – магнетитті, лимонитті, баритті болып аталады. Бұл бетонның байланыстырғыштары портландцемент, шлакопортландцемент және балшықты цементтер болады.
Жол бетоны - автомобиль жолдары, аэродромдар, қала көшелері құрылысында қолданады. Жол бетонының бетон қоспаларын дайындау үшін жоғарғы сапалы материалдар пайдаланады. Байланыстырғыш ретінде пластифицирленген портландцементті қолданады.
Құрғақ бетон – бұл құрғақ компоненттерден (цемент, құм, ірі толтырғыштар) зауытта өлшеніп жасалған құрғақ бетон қоспасы. Бетон қоспасы төселетін орында бетон араластырғышта немесе тікелей автобетон араластырғыштарда сумен араластырылады.
Құрылыс ерітінділері.
Құрылыс ерітінділері құрамында бейорганикалық байланыстырғыш заттар (цемент, әк, гипс, балшық), ұсақ толтырғыштар (құм, ұнтақталған шлак), су және қажетті жағдайларда қоспалардан (бейорганикалық және органикалық) тұратын мұқият өлшенген ұсақ түйіршікті қоспалар. Жаңа дайындалған күйде оларды негізге оның барлық тегіс емес жерлеріне толтыра жұқа қабатпен төсейді. Олар қабаттанбайды, ұстасады, қатаяды және беріктік жинайды, тас түріндегі материалға айналады. Құрылыс ерітінділерін тас қалауға, әрлеуге, жөндеу мен басқа жұмыстарға қолданады. Оларды орташа тығыздығы бойынша топтастырады: орташамен ауыр ρ=1500кг/м3, орташамен жеңіл ρ<1500кг/м3. Атауы бойынша: су оқшаулағыш, талтопогенді, инъекционды, қалау, әрлеу және т.б.
Бір түрлі байланыстырғыш заттардан дайындалған ерітінділерді қарапайым деп атайды, бірнеше байланыстырғыш заттардан болса аралас (цемент-әкті) деп атайды. Ауалық байланыстырғыштан дайындалған құрылыс ерітінділерін ауалық (балшықты, әкті, гипсті) деп атайды. Ерітінділер құрамындағы ұсақ толтырғыштар санының көлемдік қатынасын көрсететін екі (қарапайым 1:4) немесе үш (аралас 1:0,5:4) сандармен байланыстырғыштар белгіленеді. Аралас ерітіндідегі алғашқы саны негізгі байланыстырғыш заттардың көлемдік бөлігі, екіншісі-қосымша байланыстырғыш заттардың көлемдік бөлігінің негізгісіне қатынасын айтады. Ерітінді қоспаларын байланыстырғыш заттар мен ұсақ толтырғыштар көлеміне байланысты майлы - құрамындағы байланыстырғыш заттарының көлемі көп, қалыпты - құрамындағы байланыстырғыш заттарының көлемі қарапайым, майда-құрамындағы байланыстырғыш заттарының көлемі салыстырмалы түрде көп емес (илімділігі төмен) деп бөлінеді.
Құрылыс ерітінділерін дайындау үшін бұдырлы бетті түйіршікті құмды қолдану қолайлы. Құм ерітіндінің қатаюы кезінде жарылудан сақтайды, оның құнын төмендетеді.
Су оқшаулағыш ерітінділер (су сіңірмейтін) – цементті ерітіндінің құрамы 1:1 – 1:3,5 (қарапайым майлы), церезит, амоминат натрия, нитрат кальция, хлорлы темір, битум эмульсиясы қосылады.
Церезит – қоспаны ақ немесе сарғыш түске келтіріп, анилин қышқылынан, әктен, аммиактан алынады. Церезит ұсақ саңылауларды торлтырып, ерітіндінің тығыздығын ұлғайтады, оның су сіңірмеуіне ықпал етеді.
Су оқшаулағыш ерітінділерін дайындау үшін портландцемент, сульфатқа төзімді портландцементті пайдаланады. Су оқшаулағыш ерітінділерінің ұсақ толтырғыштары ретінде құмды пайдаланады.
Қалауға арналған құрылыс ерітінділері – тас қабырғаны қалауға, жер асты ғимаратына қолданады. Олар цементті-әкті, цементті-балшықты, әкті және цементті болады.
Әрлеуге арналған (сылақ) ерітінділері – аталуы бойынша сыртқы және ішкі, сылақтың орналасуы бойынша дайындық және әрлеуге деп бөлінеді.
Акустикалық ерітінділер – жеңіл ерітінділер, жақсы дыбыс оқшаулауға ие. Осы ерітінділерді дайындауға портландцемент, қожды портландцемент, әк, гипсті байланыстырғыш заттарды және т.б. толтырғыш ретінде жеңіл саңылаулы материалдарды (пемза, перлит, керамзит, қож) қолданады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет