4 дәріс тезистері ТҰтас педагогикалық процесс жоспар

бет2/3
Дата12.03.2024
өлшемі52.36 Kb.
#495111
1   2   3
№4 дәріс

Бағыттар

Мазмұны

Өкілдер

Тәрбие мен оқытудың тұтастығы

Білім беру мазмұнының тәрбиелік мүмкіншіліктері

З.И.Васильева, В.С.Ильин, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б.

Тәрбиелеуші ұжымдық танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру

М.Д.Виноградова, И.Б.Первин және т.б.

Оқыту процесіне тәрбие жұмысының формаларын енгізу

В.М.Коротов және т.б.

Тәрбие мен оқытудың тұтастығы ғана емес, сонымен бірге «жеке»
тәрбиелік әсер етулердің тұтастығы

Көптеген кішігірім
жүйелердің орнына, жалғыз ғана тұтас тәрбиелік жүйені құру.

Б.Т.Лихачев, В.М.Коротов,
Ю.П.Сокольник және т.б.

Педагогтер мен оқушылардың
өзара әрекетінің сипаты

Екі түрлі қарым-қатынастың
тұтастығы: мұғалім мен оқушылардың және оқушылардың өзара қатынасы

Н.Д.Хмель және т.б.

«Басқару алгоритмдерінің»
және «қызмет ету алгоритмдерінің» тұтастығы

В.П.Беспалько және т.б.

Педагог әрекеті

Педагогикалық процестің нәтижесін диагностикалаудың, жоспарлаудың, ұйымдастырудың,
реттеудің, бақылаудың
және бағалаудың
тұтастығы

Л.Ф.Спирин, М.Л.Фрумкин
және т.б.

Педагогикалық процестің тұтастығы мәселесіне көптеген көзқарастардың болуы педагогикалық процестің күрделілігінен туындап отыр. Сонымен, кейінгі кезеңдерде айқындалған педагогикалық процестің мәні мен оның біртұтастығы мәселесін қарастырайық.

Педагогикалық процесс – оқушы тұлғасының жағдайын өзгертуге бағытталған, мазмұны жағынан толықтырылған және арнайы ұйымдастырылған тәрбиешілердің жүргізуші және бағыттаушы әрекетінің және баланың белсенді әрекетінің негізіндегі өзара әрекеттесу процесі (Б.Т.Лихачев).
Педагогикалық процесс – белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған және тәрбиеленушілердің қасиеттері мен сапаларын алдын-ала анықталған жағдайға өзгеруіне әкелетін тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің дамып отыратын өзара әрекеттесу процесі (И.П.Подласый).
Тұтас педагогикалық процесс – жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу процесі (Н.Д.Хмель - Қазақстанда тұтас педагогикалық процестің теориясын қалыптастырушы ғалым).
Сонымен, тұтас педагогикалық процесс – ол мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу процесі болып табылады, оның барысында әлеуметтік тәжірибе тұлғаның қасиеттеріне алмасады.
Тұтастық – ол педагогикалық процестің синтетикалық қасиеті, ол оның дамуының жоғары деңгейін, онда қызмет ететін субъектілердің саналы әрекетінің нәтижесін сипаттайды. Тұтас педагогикалық процеске оны құраушы компоненттердің ішкі тұтастығы, олардың үйлесімділігі тән.
Тұтас педагогикалық процестің негізгі белгілері – мақсаттылық, екіжақтылық және тұтастық. Мақсаттылық – тұтас педагогикалық процесс әр уақытта белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады, яғни нәтижесі алдын-ала болжанады.
Екіжақтылық – процестің нәтижесінің тиімділігі мұғалім мен оқушының әрекеттерінің өзара байланыстылығына және белсенділігіне байланысты.
Тұтастық – процестің нәтижелілігі оның аясында іске асырылатын тәрбие мен оқытудың үйлесімді ұйымдастырылуына байланысты.
Тұтас педагогикалық процесс келесі компоненттерден тұрады: мақсат, мазмұн, әдіс-тәсілдер және формалар, нәтиже, мұғалім әрекеті, оқушы әрекеті.
Мақсат біртұтас педагогикалық процестің жүйе құраушы компоненті болып табылады, өйткені мақсатқа байланысты процестің мазмұны және оны іске асырудың формалары мен әдіс-тәсілдері таңдалады.
Тұтас педагогикалық процестің дамуы, алға жылжуы объективті және субективті қарама-қайшылықтарды шешуге байланысты, яғни тұтас педагогикалық процестің қозғаушы күші - қарама-қайшылықтар.
Қарама-қайшылықтар екіге бөлінеді: объективті қарама-қайшылықтар, субъективті қарама-қайшылықтар.
Объективті қарама-қайшылықтарға жатады:
- тәрбиеленушілердің шынайы мүмкіндіктерінің қоғам талаптарына сай болмауы (бірақ егер талаптар тым жоғары немесе тым төмен болса, олар оқушының дамуын қамтамасыз етпейді);
- баланың белсенді-әрекетік табиғаты мен оның өмір сүруінің әлеуметтік-педагогикалық жағдаймен сай болмауы (яғни баланың дамуына сай жағдайдың ұйымдастырылмауы);
- қоғамдық өмірдің күрделілігі мен баланың оларды түсінуге тәжірибесінің аздығы арасындағы қайшылық;
- ақпараттың қарқынды ағылуы мен педагогикалық процестің мүмкіншіліктері арасындағы қайшылық;
- қоғам қажеттіліктері мен тұлғаның қажеттіліктері арасындағы қайшылық және т.б.
Субъективті қарама-қайшылықтарға жатады:
- тұлғаның тұтастығы бағытталған педагогикалық процестің біржақтылығы арасында (яғни
педагогикалық процестің оқытушылық сипатта болуы, ал тұлғаны жан-жақты қалыптастыру үшін тәрбие мен оқытудың тұтастығын қамтамасыз ету керек);
- тұлға дамуының дербес шығармашылық процесі мен педагогикалық процесті бұқаралық-репродуктивті арасындағы қайшылық;
- тұлғаның азаматтық қалыптасуында гуманитарлық пәндердің ролінің өсуі мен педагогикалық процесті технократизациялау арасындағы қайшылық және т.б.
4. Педагогикалық өзара әрекеттесу педагогикалық процестің негізгі сипатамасы болып табылады. Ол «субъект-субъектілік қатынастармен» сипатталады, яғни мұғалім де, оқушы да педагогикалық процестің белсенді қатысушылары болып табылады, бір-біріне әсер етеді.
Педагогикалық өзара әрекеттесу, «субъект-объектілік қатынастармен» сипатталатын педагогикалық әсер етуден әлдеқайда кең ұғым.
Педагогикалық өзара әрекеттесу өзіне келесі өзара әрекеттесулерді қамтиды: «оқушы - оқушы», «оқушы - ұжым», «оқушы - мұғалім», «оқушы –меңгеру объектісі». Педагогикалық процестің негізгі қатынас, ол «педагогикалық әрекет – тәрбиеленуші әрекеті». Осы процестің нәтижесін анықтайтын негізгі қатынас «оқушы – меңгеру обектісі». «Оқушы – мұғалім қатынасы» мұғалімнің оқушының белсенді әрекетін басқаруымен сипатталады, оның барысында оқушы әрекет тәсілдерін меңгере отырып, оның тұлғасы өзгеріске ұшырайды, яғни дамиды.
«Әлеумет» қазақ тілі сөздігінде «адамдар қауымы» деп түсіндірілсе, яғни «социология» латынша «socialis» - «қоғамдық», «жалпы» деген мағынаны береді. Ол – бірге өмір сүрген адамдардың тұрмысын, олардың қарым- қатынас және байланыс формаларын, олардың салдарын зерттейтін ғылым. Белгілі бір қоғамдағы балалар оқу - тәрбие үлгісінде бірге білім алып, қоғамдық шараларға қатысып, әлеуметтік тәжірибе жинақтап, «әлеуметтану» процесіне қатысады.
«Әлеуметтік педагогика» деген түсінік педагогика ғылымының бір саласы ретінде кейінгі кезде қолданысқа енген. Бұл ғылымның бірі – философиядан, екіншісі- педагогикадан алынып, олардың бірігуі ғылымдардың дифференция және интеграция процестерінің негізінде туындаған. Ғылым дамыған сайын жаңа ғылыми орта туындап, қоғамның талабы өзгереді, мәселелерді шешу мақсатында оның тармақтары топтастырылып, не болмаса жіктеліп, көбейіп бір ғана мәселені бірнеше ғылым жан-жақты зерттей бастайды. Мысалы, педагогика мен философияның негізінде «педагогикалық психология» пайда болды. Ал әлеуметтану мен педагогикадан «Әлеуметтік педагогика» деген жаңа ғылыми сала дүниеге келді.
Ғылым саласы ретінде әлеуметтік педагогика өзінің алғашқы қадамдарын жасауда, бірақ көптеген отандық педагогтар мен псиологтардың еңбектерінен оның бастауын табуға болады. әсіресі әлеууметтік педагогика ХХ ғасырдың соңғы он жылдықтарында ғылым ретінде қарқынды дами түсті.
Ресейдің ғалымдары әлеуметік педагогиканың дамуында бірнеше кезеңдерді бөліп көрсетеді:
І кезең – бастапқы кезең (ежелгі уақыттан ХVII ғ. дейінгі)
ІІ кезең – әлеуметтік педагогиканың ғылым ретінде пайда болуы (ХVII-ХІХ ғасырлар)
ІІІ кезең – әлеуметтік педагогиканың ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық кезеңінде дамуы;
VI кезең – 1990 жылдан бастап әлеуметтік педагогика ғылымы мен тәжірибесі дамуының қазіргі қалпы.
Қазіргі ғылымда әлеуметтік педагогика ғылымы деп тұлғаның әлеуметтік басталуы процесін және әлеуметтік топқа ортаның әсер ету факторларын есепке ала отырып, оны басқаруды зерттейтін ғылымды түсінеміз.
«Әлеуметану» сөзін тұңғыш рет Огюст Конт (1798-1857) өзінің «Позитивтік философия курсында» позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды.
Ол әлеуметтану пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді. Бұл келісім өз кезегінде адамзат тарихының және адамның өз табиғатының бірлігіне арқа сүйейді. О.Конт оң әлеуметтану білімін табиғи-физикалық процестерге ұқсатып құрды. Әлеуметтануды әлеуметтік физика деп түсіну, оның пәндік саласын әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамикаға бөлу осыдан келіп шыққан.
Ағылшын философы әрі ғалымы Г.Спенсер әлеуметтануды әлеуметтік институттардың табиғи эволюциясы нәтижесінде ондағы жіктелу тұтасумен ұштасатын әлеуметтік организм ретіндегі қоғам туралы ғылым деп білді.
Әлеуметтендіру ұғымының авторы американдық социолог Ф.Г.Гиддинсге. Ол өзінің 1887 жылы жазылған «Әлеуметтену теориясы» еңбегінде әлеуметтенуді әлеуметтік табиғаттың немесе индивид мінез-құлықтың дамуы, адамзаттың тіршілік етуге даярлығы деп түсіндірген.

  • Жеке тұлғаны әлеуметтендіру - әлеуметтік құндылықтар мен әлеуметтік нормалары меңгеру негізінде жеке тұлғанын қоғамдағы әрекетке қабілеттілігін қалыптастыру.

  • Әлеуметтендіру - әлеуметтік ақиқатты жеке тұлғаның меңгереді,әлеуметтік рольдерді орындау тәсілдерді мен қоғамдық мінез-құлық дағдыларын игереді.

  • Әлеуметтендіру жеке тұлғаға қоғамда тең құқылы мүше санатында болуына мүмкіндік берді.

  • Әлеуметтендіру жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыу жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу процесінде белгілі бір тәртіпке келтіріп жинақталған қажетті ғылыми білімдерді дағды-іскерліктерді, біліктілікті рухани байлықтарды мүдделерді мен салт- дәстүрлерді әлеуметтік рөлдер жүйесіне қосу.

Жастарды әлеуметтендіру процесі, академик И.С.Конның зерттеуінше бірнеше кезеңді қамтиды.
І кезең 11-12-23-25 жас аралығын қамтиды. Бұл кезең бозбаланың яғни балалық балалықпен жігіттің екі аралығындағы әлеуметтендіру кезеңіне жатқызылады. Бозбалалық шақ осы сөздің биологиялық мағынасында алып қарағанда жас азаматтың жыныстық жағын пісіп-жетілуі. Бұл жастағылардың негізгі іс-әрекеті - оқу.
II кезеңі 14-15-17-18 жас аралығын қамтиды. Бұл мезгіл адамның аралық әлеуметтену немесе жасөспірімнің әлеуметтенуі деп аталады. Биологиялық тұрғыдан, бұл мезгіл адамның пісіп-жетілудің аяқталу кезеңі. Бұл шақта жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайы әр қилы. Біреулері-жалпы орта білім беретін мектептердің не кәсіптік техникалық училишилердің оқушылары екіншілері – арнаулы орта білім беретін оқу орындарының студенттері, ал үшіншілері болса-дербес ерекшелік жолын бастаған жасөспірімдер. Бұл шақта жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайлары өте қиын. 14 жасында ер балалар мен қыздар түрлі жастар ұйымдарының қатарына өтсе 16 жасында жеке куәлікті алады, ал 18 жасында депутаттарды сайлауға қатысуға құқылы.
III кезең 17-18-23-25 жас аралығын қамтиды. Бұл екі аралық орнықты яғни біржола әлеуметтендіру кезеңіне жатқызылады. 17-18-23-25 жас аралығындағы азамат биологиялық тұрғыдан да әлеуметтік тұлғалық жасына қарап емес керісінше мамандығына әлеуметтік орнына қарап анықталады. Оларға білім беру жалпылама емес, арнаулы кәсіптік сипатта жүргізіледі. Оның үстіне кәсіптік-техникалық училищедегі арнаулы және жоғарғы оқу орнына оқу еңбектенудің белгілі бір түрі ретінде қаралады. Жас азаматтардың басым көпшілігі отбасы иесі атанады. Жалпы қоғам бұл екі аралықтағы жастарға тек әлеуметтендірудің обьектісі ретінде ғана емес сонымен қатар қоғамдық-өндірістік қызметтің белсенді субьектісі ретінде қарайды. Олардың еңбектегі жетістерін үлкендерін өлшемімен бағалайды.
Әлеуметтендіру институттары - жеке тұлғаны норма мен құндылықтар жүйесін меңгеруге икемдейтін әлеуметтік тәжірбиені тасымалдаушы нақты топтар

  • Отбасы

  • Мектеп

  • Еңбек ұжымы

  • Жоғарғы оқу орындары

  • Микроорта

  • Әлеуметтік топтар

  • Қоғамдық ұйымдар

Білім беру – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі. Атап айтқанда, білім - бұл жүйелік білімді беру жəне ол өркениетті қоғамда орын алған көп түрлі компоненттер мен элементтердің болуын талап етеді. Білім беру – міндетті екі субъектісі – мұғалім жəне білім алушы, яғни оқытушы жəне оқушы бар, ұйымдастырылған процесс. Осы субъектілер болмаса білім беру процесі болмайды. Білім беру процесі əлеуметтік тəжірибе немесе өткен ұрпақтың қалдырған білімге, нақты материалдарға негізделген, мақсатқа бағытталған процесс.
Білім беру ол оқу процесі жəне осы мағынада қатысушылардың жаңа білімдерді игеруі. Білім берудің əр түрлі мақсаттары мен міндеттері болуы мүмкін. Бірақ, қазіргі əлемде, көбінесе, білім беру жүйесі туралы сөз қозғалады. Кəсіби білім берудің нақты іске немесе кəсіпке үйрету ретінде ежелгі тарихы бар. Сондықтан, кəсіби білім беру белгілі бір қолөнерге немесе мамандыққа оқыту болып табылады. Білім беру мен оқыту түсініктері арасында сондай ерекше айырмашылық жоқ, бірақ білім беру түсінігі көлемі бойынша оқыту түсінігіне қарағанда ауқымдырақ. «Үйрету» түсінігі қолданбалы сипаттағы белгілі бір нақты білімді игеруге бағытталған нақты мағынаға ие. Мысалы, бастапқы кəсіптік білім беру жүйесіне қатысушыларды слесарь, машинист, тігінші, электрик, оператор кəсіптеріне үйрету. Білім беру пайда болғанынан бастап, адамзаттың əлеуметтік құндылығына айналды. Ол қоғам дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Толық мағынада, білім берудің əлеуметтік институт ретіндегі пайда болуынан бастап қоғамның өзінің дамуы, оның экономикалық, əлеуметтік жəне рухани прогрестері білім беру деңгейіне тəуелді болып қалды. Білім интенсивті түрде дамып жатқан мемлекеттерде мектептер мен басқа да білім орталықтары пайда болып, халықтың сауаттылығы артып, өзінің дамуының қарқынын жоғарылатуда. Мысал ретінде Ежелгі Греция, Рим, Византия, Персия, Египет, Қытай, Үнді елдерін айтуға болады. Бұл елдерде білім беру жоғары қарқынға ие болып, аталған елдер сол дəуірлерде əлемнің басқа елдерімен салыстырғанда алға жылжып, жоғары дамыған болып табылды. Бүкіл Еуропа тарихы ғылым мен білім олардың экономикалық, техникалық жəне рухани қарқынды дамуында шешуші рөл атқаратындығына дəлел бола алады. Əлемнің қазіргі дамыған елдері білімнің арқасында жоғары технологиялық жəне экономикалық дамуға қол жеткізген. Өз уақытында, XVIII ғасырдың басында Англия елі философы Ф. Бэконның «Білім — күш» принципі арқасында ілгері жылжыды. Бұл принцип барлық Еуропа елдерінің бұдан арғы саясаты мен идеологиясына негіз болды. Сциентикалық бағыт ғылым мен білімнің қоғамдағы мəнін оларды қоғамдағы алғашқы құндылық ретінде анықтай отырып абсолюттендіреді. Бұл тұжырымдарда шындық бар, жоғарыда айтылғандай, ғылым мен білімнің арқасында Еуропа барлық елдерден үстем болып шықты. Бірақ, бұл принципте үстемелеу, яғни білім беру мен ғылымның ролін абсолюттендіру бар. Адамзаттық қоғамда, білім мен ғылымнан басқа, адамгершілік, дін, философия, саясат жəне құқық, мəдениеттің алар орындары ерекше. Білім беру мен ғылым адамзаттың тұрмыстық формаларымен өзара əрекеттесіп, олардың өздеріне əсерлерін сезініп, оларға өздері де əсер етеді. Сонымен бірге, білім көрсетілген формаларға əсер етіп қана қоймай, əлеуметтік мобильділік пен қоғамның əлеуметтік құрылымына да əсер етіп, жеке, күрделі, автономды жүйе болып қала береді.
Білімді социология ғылымында қарастыру ерекшелігіне көшсек, социология білімді əлеуметтік институт ретінде қарастырады. Əлеуметтік институт — бұл өздерінің нормалары мен ережелері бар, белгілі бір қызметтер атқаратын, қоғамдық өмірдің жеке салаларындағы əлеуметтік қатынастарды реттеп отыратын институционалдық мекемелер немесе ассоциациялар (ұйымдар). С.С.Фроловтың айтуы бойынша, «əлеуметтік институт - бұл мəнді қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін, қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын байланыстар мен əлеуметтік нормалардың ұйымдастырылған жүйесі».
Осылайша, әлеуметтануда əлеуметтік институт түсінігіне көптеген анықтамалар беріледі, сөйтсе де олар мазмұндары бойынша жақын. Əлеуметтік институттардың маңызды жақтары:

  • норма мен статус енгізілген еркін жүйе;

  • əдет, дəстүр, іс-əрекет, жүріс-тұрыс ережелер жиынтығы;

  • ресми жəне ресми емес ұйымдар;

  • қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттеп отыратын нормалар мен мекемелер жиынтығы;

  • əлеуметтік іс-əрекеттер кешені.

Білім - ол əлеуметтік институт, өйткені ол өзінің тұрақты құрылымы, статусы, нормасы, ережесі, символдары бар, автономды түрде əрекет етеді. Əлеуметтік институтқа тəн, басқа да белгілері бар. «Білім беруге байланысты адамдар əрекеттерін реттеуші жəне ұйымдастырушы нормалар жиынтығы білім берудің əлеуметтік институтт болып табылатынына куəлік етеді». Ең алдымен, білім беру институциаландырылған, заңмен бекітіліп, мемлекет пен қоғаммен мойындалған. Білім əлеуметтік институт ретінде келесі құрылымнан тұрады:

  • білім беруді басқару органдары;

  • білім беру мекемелер тобы (мектептер, колледждер, гимназиялар, лицейлер, кəсіптік мектептер, университеттер мен академиялар т.б.);

  • шығармашылық одақтар, кəсіптік ассоциациялар, қоғамдар, ғылыми жəне әдіснамалық кеңестер мен басқа да бірлестіктер;

  • оқытушылар мен білім алушылар үшін шығарылған оқулықтар мен əдістемелік оқулықтар;

  • білім беру бағдарламалары мен білім берудің мемлекеттік стандарттары;

  • журналдар мен жылдық басылымдарды енгізетін кезеңдік басылымдар;

  • білім беру мекемелері əлеуметтік жəне заңдық статусқа ие, өзінің жарғысы жəне басқа да құжаттары болады. Олар ғимараттарда орналасады, жер көлемі болады, материалдық құндылықтары мен қаржыларға ие.

Білім беру субъектілері білім алушылар мен мұғалімдер. Сонымен бірге, білім беру субъектілері мыналар бола алады: білім беру мекемелері (ұйымдар) — ішінде əлеуметтік қатынастар, нормалар, ережелер орын алатын кəсіптік белгілері бойынша біріккен адамдар топтары.
Білімнің кез келген деңгейде екі негізгі қызметі бар. Олар:
1) білім беру;
2) əлеуметтендіру, тəрбиелеу.
В.И.Добреньков жəне А.И.Кравченко білім берудің бірнеше қызметтерін бөліп көрсетеді:

  • бір ұрпақтан екінші ұрпаққа білімді беру жəне мəдениетті тарату;

  • қоғам мəдениетін сақтау жəне жетілдіру;

  • тұлғаның əлеуметтенуі, əсіресе, жастардың жəне олардың қоғамда интеграциялануы;

  • тұлғаның статусының анықталуы;

  • əлеуметтік таңдау (селекция) қоғам мүшелерін дифференциациялау, бірінші кезекте жастарды, оның нəтижесінде қоғамның əлеуметтік құрылымы қайта өндіріледі жəне өзгереді, индивидуальды мобильділік;

  • жастарды кəсіби бағыттауды жəне кəсіби таңдауды қамтамасыз ету;

  • сатылы үзіліссіз білім беру үшін білім базаларын құру;

  • əлеуметтік-мəдени новация, жаңа идеялар мен теорияларды, жаңалықтарды өңдеу жəне құру;

  • əлеуметтік бақылау.

Қазіргі білім беру жүйелері ғылымға, ғылыми жетістіктерге негізделген жəне өзіндік күрделі əлеуметтік құбылыс болып табылады. Білім беру жүйелері ұлттық, аймақтық, континенталдық, жаһандық жəне əлемдік болуы мүмкін. Қазіргі білім беру жүйесі ұлттық-мемлекеттік, аймақтық болып бөлінеді. Əзірге əлемдік білім беру жүйесі жоқ, бірақ оған көптеген əлем елдері ұмтылуда. КСРО-дағы білім беру жүйесі аймақтық болып табылады. Кеңестік білім беру жүйесі немістік білім беру жүйесімен байланысты. Қазіргі əлемде англосаксондық, американдық білім беру жүйесі кеңінен таралған. Білім берудің еуропалық жүйесі де кеңінен таралып, дамыған өзгермелі жүйе болып табылады. Жапония, Қытай, Корея (оңтүстік) сияқты Азия елдерінде өзіндік ұлттық білім беру жүйесі бар. Олардың барлығы ұлттық білім беру жүйесі ретінде сипатталады. Əр елде əлемдік білім жетістіктеріне, ұлттық-мемлекеттік ерекшелігіне, халықтың менталитетіне сай білім беру жүйесі бар. Білім берудің ұлттық стандарттары ғылым жетістіктеріне, жоғарғы əдістемелерге, ұлттық мəдени ерекшелікке, дəстүрлерге, əлеуметтік-экономикалық даму деңгейлеріне негізделе оқытылады. Білім берудің ұлттық стандарттары мемлекеттік органдар арқылы жасақталады жəне біртұтас құжаттар кешені болып келеді. Білім беру стандартының негізі жалпы бұқара халық пен барлық білім беру мекемелерінің қатысуы арқылы жүргізілетін мемлекетпен қабылданатын білім беру реформалары табылады. Білім стандарттарының басты құжаты «Білім туралы Заң». Көптеген елдер қабылдаған түрлі өзгеріске ұшырап отыратын, аймақтық білім беру жүйесі де бар. Мысалы, Еуропалық білім беру жүйесі. Бірақ Еуропалық білім беру жүйесі толық қалыптаспаған деп айтуға болады. Еуропарламент жəне біріккен Еуропалық өзге ұйымдары осындай аймақтық, ұлттық білім беру жүйесін құруға кірісуде. Бұл туралы (1999 ж.) Лиссабон, (2004 ж.) Болондық декларациялар дəлел бола алады. Мəні бойынша ұлттық білім беру жүйелері бір-біріне жақын, əсіресе, жоғары білім жəне бұл елдерге ортақ білім беру жүйесінде қиындық тудырмайды. Америкалық білім жүйесі Еуропалықтан ерекшеленеді. Бірақ бұл жүйе негізінде осы жүйені қалыптастырушылар европалықтар болғандықтан, европалық (ағылшындық) құндылықтар жатады. Америкалық білім беру жүйесі, əсіресе, жоғары білім қазіргі кезде афро-азиаттық, европалық жүйеге əсер етуде жəне оның көптеген принциптері əлемнің бірқатар елдерінде енгізілуде.
Ресейдің өзіндік білім беру жүйесі бар. Бұл жүйе КСРО-дан мұра болып қалған, бірақ бұнда уақыт талабына сай келетін білім берудің жаңартылған жүйесін құруға бағытталған жаңа реформа басталды. Ресей европалық, америкалық немесе англосаксондық білім беру жүйесінің ең үздіктерін қабылдауда. Бірақ ол өзіндік ұлттық білім беру жүйесін құруға бағытталған.
Қазақстан Республикасында жаңа Білім заңы 2007 жылы қабылданды. Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» Стратегиясының негізгі приоритеттерінің бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа əлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамыту маңызды роль атқарады.
Жаңа мақсаттарды шешу үшін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы техникалық жəне кəсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Қазақстан балалары» бағдарламасы секілді бірқатар бағдарламалық құжаттар мен нормативті актілер қабылданды.
2008 жылы Қазақстан Болон процесі деп аталатын еуропалық оқу жүйесі туралы құжатқа қол қойып, сөйтіп еуропалық, америкалық стандартқа жақындай бастады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет