Дәріс мақсаты: Әрбір кезеңде зерттелу тарихынан мәлімет беру.
Тірек сөздер: Тарихнама, Герадот, Страбон, Ж.Ф.Лафито, К.Ю.Томсен.және т.б.
АҚҚ туралы ежелгі дүние мен орта ғасырлардағы түсініктер.
АҚҚ ғылымының қалыптасуы.
ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. АҚҚ тарихы ғылымының дамуы.
1888 ж. дат ғалымы Конрад Старкенің «Алғашқы қауымдық жанұя, оның пайда болуы және дамуы» атты еңбегі жарық көреді. Ол өз еңбегінде алғашқы қауымдық қоғамның әлеуметтік құрылысының негізі ру емес, ортақ шаруашылық және мүлікке негізделген моногамиялық жанұя болды деп мәлімдейді. Алғашқы қауымдық отбасында туысқандық және мұрагерлік әке жағынан жүргізілді, ал матриархат – кейіннен пайда болды. Старкенің жақтасы фин ғалымы Эдуард Вестермарк (1862-1939 ж.ж.) 1891 ж. ағылшын тілінде жарық көрген «Адамзат отбасының тарихы» атты еңбегінде некенің ежелгі формасы – патриархальдық отбасы деп көрсетеді.
ХІХ ғ. аяғы, әсіресе ХХ ғ. І ж. шет елдерде алғашқы қауым тарихын зерттеуде қарсы тарихи көзқарастар қалыптастырған бірқатар этнографиялық бағыттар немесе мектептер пайда болады. Алғашқы кезеңінде буржуазиялық ғылымда диффузионизм (таралу) пайда болды. Ол эволюция, тарихи прогресс ұғымын мәдени диффузияға яғни мәдени құбылыстардың бір жерден екінші жерге таралуы, қарама-қарсы қойды. Диффузионизмнің пайда болуына неміс географы және этнографы Фридрих Ратцел құрған антропологиялық ілім әсер етті. Ол «Антропогеография» (1882-1891 ж.ж.), «Халықтану» (1885-1888), «Жер және өмір» (1901-1902 ж.ж.) еңбегінде табиғат жағдайларына байланысты орын алған халықтар арсындағы мәдениет ерекшеліктерін, қоныстану, жаулап алу, айырбас, сауда т.б. зерттеді.
ХІХ ғ. аяғында диффузионистік бағытпен бір мезгілде этнографияда әлеуметтік ағым пайда болды. Социолог Эмиль Дюркгейм (1858-1917 ж.ж.) тарихи даму процесінің басты мазмұны қоғамдық құрылым деп есептеді. 1912 ж. жарық көрген «Діни өмірдің қарапайым формалары» атты еңбегінде Дюркгейм діни түсініктердің тууының жалғыз көзі – қоғамдық орта деп дәлелдеуге тырысты.
ІІ д.ж. соғыстан кейін жаңа әлеуметтік – этнографиялық теориялар пайда болады. 1950 жылдан, әсіресе 60 ж. бастап АҚШ қоғамында «неоэволюционизм» деген атау алған жаңа бағыт қалыптасты. Оның көрнекті өкілі Л.Уайт (1900-1975 ж.ж.) және оның шәкірттері Э.Р.Сэрвис және М.Д. Салинз болды.
Плюрализм ағымының негізін салушы және осы ағым жетекшісі Дж. Стюардтың (1902-1972 ж.ж.) көзқарастары басқа да батыс елдерінің этнографиясында кеңінен қолданылды.
Батыстық этнография ғылымының дамуы Ресейде алғашқы қоғам тарихының даму жолына да үлкен әсер етеді. Орыс этнографиясы, батыс этнографиясына қарағанда марксизм ықпалына көбірек ұшырайды. Мысалы, белгілі орыс ғалымы Н.И.Зибер (1844-1888 ж.ж.) «Алғашқы қауымдық экономикалық мәдениет очеркі» (1883 ж.) атты еңбегінде Маркс пен Энгельстің пікірлеріне арқа сүйеп, олардың Ресейде кең таралуына көп еңбек сіңіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |