рН = − lg [H+] рОН = − lg [ОH-] Теріс таңбамен алынған сутегі ионы концентрациясының ондық логарифмі сутектік көрсеткіш деп аталады. Теріс таңбамен алынған гидроксил ионы концентрациясының ондық логарифмі гидроксил көрсеткіші деп аталады. Сонымен, бейтарап ерітіндіде рН = 7 болады, қышқыл ерітіндіде рН < 7, сілтілі ерітіндіде рН > 7 тең, рН + рОН = 14 тұрақты болады. Мысалы, егер [H+] = 10-3моль/л болса, онда рН= − lg [H+] =− lg [10-3] = 3; егер [H+] = 10-10 моль/л болса, онда рН= − lg [H+] =− lg [10-10] = 10 рН көрсеткіш - Ерітіндінің рН-ын білу химиялық зерттеу жұмыстарында, әр түрлі өндірістік процестерде, тірі организмдерде жүретін құбылыстарды түсіндіруде аса қажет.
- Көпшілік жағдайларда рН-тің дәл мәнін емес, ерітіндінің реакциясының (ортасы) қышқыл немесе сілтілік екендігін сапалық түрде білу жеткілікті, ол үшін индикатор деп аталатын арнаулы реактивтерді қолданады. Индикаторлар сутегі не гидроксид иондары концентрациясына байланысты түстерін өзгертеді.
- Жиі қолданылатын индикаторлар: фенолфталеин, лакмус, метилқызғылт, метилқызыл.
- Ғылыми зерттеуде, өндірістерде арнайы рН метр деп аталатын аспаптармен анықтайды.
- Өсімдік, жануар және адам ағзасында жүретін реакциялар белгілі ортада жүреді.
- Мысалы, асқазан сөлінің рН = 1,7; жауын суында рН = 6,5 т.б.
Ерітінділердің рН және рОН анықтау 1) Бірнегізді күшті қышқылдың сутегі ионының [Н +] концентрациясын есептеу Бірнегізді күшті қышқылдар толық дерлік диссоциацияланады: НА = Н+ + А- [Н +] = Сқыш , яғни рН= – lg[Н + ] 2) Бірнегізді әлсіз қышқылдың сутегі ионының [Н +] концентрациясын есептеу Бірнегізді әлсіз қышқылдар диссоциацияланады: НА = Н+ + А- ; диссоциациялану константасы Кқыш = [Н +] . [А-] / [НА] Диссоциацияланған молекулаларды [Н +] = [А-] = х, диссоциацияланбаған
Достарыңызбен бөлісу: |