CH3COOН = Н+ + CH3COO- К = [H+] [CH3COO-] / [CH3COOH] Әлсіз электролиттің диссоциациясын көрсететін тепе-теңдік константасы диссоциациялану костантасы деп аталады. К мәні электролит пен еріткіштің табиғатына және температураға тәуелді болады, ерітінді концентрациясына тәуелді емес. Көп негізді қышқылдар сатылап диссоциацияланады. Мысалы: H2CO3 ↔ H+ + HCO3– К1 = [H+] [HCO3-] / [H2CO3] HCO3– ↔ H+ + CO32– К2 = [H+] [CO32] / [HCO3–] Жалпы тепе-теңдік: H2CO3 ↔ 2H+ + CO32– Заттар сатылай диссоциацияланғанда келесі саты бойынша ыдырау алғашқы сатыға қарағанда үнемі төменірек жүреді (бірінші сатыға қарағанда екінші саты аз). К1 > К2 > К3 ... Диссоциациялану константасы
Әлсіз электролиттің иондарға ыдырау қабілеттілігін көрсетеді
Оствальдтың сұйылту заңы - Диссоциация константасы К, диссоциациялану дәрежесі және концентрация С арасындағы байланыс:
егер электролит 2 ионға ыдыраса, оның диссоциациялану дәрежесі әрбір ионның концентрациясы с , диссоциацияланбаған молекулалар с - с немесе с(1-) белгілеуге болады. Осы мәндерді теңдеуге қойса, диссоциациялану константасы былай түрленеді: Кдис = (с ·)2 / с(1 – ) немесе Кдис 2 · с / 1- бұл теңдеу Оствальдтың сұйылту заңы деп аталады. Электролит диссоциациясы өте төмен ерітінділер үшін, Оствальд теңдеуін ықшамдауға болады, яғни <<1 болса, ол шаманы ескермеуге болады, онда теңдеу келесі түрге келеді : Кдис 2 · с Сонымен ерітіндіні сұйылтқан сайын диссоциациялану дәрежесі артады . - 0,01М сірке қышқылының иондану дәрежесі 4,19%. Қышқылдың иондану константасын есептеңіз.
- Шешуі. Сірке қышқылының иондану константасын келесі формуламен есептейді.
Кион = сα2 - Есептеу жүргізуде иондану дәрежесі өлшемсіз шамасына көшіріледі:
1>
Достарыңызбен бөлісу: |