Сутегі ионы концентрациясының табиғатта жүретін құбылыстар мен процестер үшін маңызы зор. Көптеген химиялық процестер тек белгілі бір ортада жүреді. Ерітінділердің рН тұрақты етіп тұратын реттегіш заттар бар. Өндірісте, техникада рН-ты тұрақты ету үшін арнайы әзірленген буферлі ерітінділер пайдаланады.
Сапалық және сандық талдауда кейбір талдауларды жүргізуде белгілі рН мәнінде реакция ортасын ұстап тұру қажет болады. Осы мақсатта буферлі ерітінділер қолданылады.
Қышқылды және сілтіні белгілі бір шамаға дейін қосқанда, яғни сұйылту және қойылту кезінде сутегі ионының концентрациясы тұрақты болатын немесе өте аз мөлшерде өзгеретін ерітінділерді буферлі ерітінділер деп аталады.
Бұл ерітінділердің осы қасиеті енгізілген сутегі және гидроксил-иондарының буферлі жүйенің компонентімен аз ионданатын қосылысқа (әлсіз электролитке) байланысуына негізделген.
Буферлі ерітінділерді дайындау үшін әлсіз қышқыл немесе әлсіз негіз бен олардың тұздарының қоспасын пайдаланады.