4. ЕҢбек қОРҒау және тіршілік қауіпсіздігі



бет10/51
Дата30.06.2022
өлшемі7.41 Mb.
#459562
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
Кланица Автомобиль-көлігіндегі-еңбекті-қорғау.-Оқу-құралы

2.6. ӚНДІРІСТІК ЖАРЫҚТАНДЫРУ


Дұрыс ұйымдастырылған өндірістік жарықтандыру нақты жұмыс үшін жақсы шарттарды қамтамасыз етеді, шаршау сезімін азайтады, жұмыс істеушілерге оң психологиялық ықпал етеді, еңбек қауіпсіздігін арттырады жəне өндірістік жарақаттану деңгейін азайтады, сондай-ақ, еңбек өнімділігін, өнімнің сапасын арттыруға жəне адамның еңбек қабілеттілігін ұзағырақ сақтауға септігін тигізеді.
«Табиғи жəне жасанды жарықтандыру» 23-05—95 құрылыс нормалары мен ережелеріне сəйкес өндірістік орындардың жарықтандырылуына келесі
7 2
талаптар қойылады: жеткілікті мөлшерде жарықтандырылуы (нормаларға сəйкес); жазық беттің біркелкі жарықтандырылуы; көру шегіндегі ашық заттардың жағымды түрде орналасуы; жалтырақ жазық беттер мен көлеңкенің арасындағы кереғарлықтың болмауы.
Жарықтандыру нормаланатын параметрлер: жарық жарық ағынымен, жарық күшімен, жарықтандырылу дəрежесімен, айқындылықпен сипатталады.
Ф жарық ағыны деп адамның кӛру мүшелерінің жарық түйсігі бойынша бағаланатын жарық сәулесінің қуатын айтады. Жарық ағынының бірлігі ретінде люмен (лм) қабылданған.
J жарық күші — бұл жарық ағынының кеңістіктегі тығыздығы, бұл өз шегінде жарық ағыны таралып, біркелкі бөлінетін w денелік бұрышына Ф жарық ағынының қатынасы түрінде анықталады:


Жарық күшінің бірлігі ретінде кандела (кд) қабылданған.
Е жарықтандырылу дәрежесі деп S ауданды жарықтандырылатын жазық бетте Ф жарық ағынының тығыздығы аталады:


Жарықтандырылу дəрежесінің бірлігі люкс (лк) болып табылады, ол 1 м2 ауданында біркелкі бөлінетін 1 лм жарық ағынынан пайда болатын жарықтандыру дəрежесіне тең болады.
Айқындылық — жарқырауық жазық беттен шығатын жарық күші. Айқындылық бірлігі ретінде нит (нт) қабылданған, 1 нт 1 м2 (кд/м2)-ден шағылысатын 1 кд жарық күшіне тең.
Жарықтандырылу дəрежесі люксметрлермен, ал айқындылық яркометрлермен өлшенеді.
Автомобиль көлігі кəсіпорындарының өндірістік орындарында жарықтандырудың үш түрі қолданылады: табиғи (күндізгі), жасанды жəне аралас (қосары) жарықтандыру.
Табиғи жарықтың көзі тікелей немесе шашыраңқы күн сəулесінің жарығы болып табылады. Соңғысы адамның көру органдарына, жүйке жүйесіне жəне жалпы хал-жағдайына оң əсерін тигізеді. Табиғи жарықтың үш түрі бар: қапталдан түскен жарық (терезе арқылы), жоғарыдан түскен жарық (жарық фонарлары арқылы) жəне құрамдастырылған жарық.
Табиғи жарықтандыру – толығымен ашық көк аспанның жарығынан пайда болатын Енсыртқы горизонталь жарықтылығына Евғимараттың ішіндегі сол нүктедегі табиғи жарықтылығына қатынасы болып табылатын (КЕО) е, % табиғи жарықтылық коэффициентінің шамасы бойынша қалыптасады:
E
e = -1оо. (2.9) н
Кəсіпорындарда жалпы, жергілікті жəне құрамдастырылған жасанды жарық жүйелері қолданылады.
Жалпы жарықтандыру ғимаратты толығымен жарықтандыруға арналған, көп энергия шығынын қажет етеді жəне бірқатар өндірістік орындарда (мəселен, техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу аймақтарында) жақсы көріну шарттарын қамтамасыз ете алмайды, өйткені, кейбір жұмыс орындары мен агрегаттарға, əсіресе, автомобильдің астына техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу операцияларын орындап жатқан қондырғылардың, автомобильдердің жəне адамдардың көлеңкесі түсуі мүмкін.
Энергия шығынын азайту жəне көріну шарттарын жақсарту үшін жалпы жəне жергілікті жарықтандырудан тұратын құрамдастырылған жарықтандыру түрін қолданады. Тек қана жергілікті жарықтандыруды қолдануға тыйым салынады.
Құрамдастырылған жарықтандыру құрылғысына келесі қауіпсіздік талаптары қойылады: жергілікті жарықтандыру шырағдандары үшін аз кернеу болуы тиіс (12...36 В); апатты жарықтандыру көзінің болуы; машиналардың қауіпті бөліктерінің шамадан тыс жарықтандырылуы.
Жарықтандыру аспаптары ретінде шырағдандар (жақынға түсетін жарық) жəне прожекторлар (алысқа түсетін жарық) қолданылады. Шырағдандарға қызу шамдары мен газ разрядты шамдар орнатылады. Соңғыларының қызмет ету қағидасы бойынан электр разрядын өткізген кезде газдың сəуле таратуына негізделген. Бұл шамдардың ішкі бетіне люминофор қабаты жүргізілген. Оларға төмен қысымды люминесцентті сынап шамдары (ЛД, ЛДЦ, ЛЕ, ЛБ, ЛХБ, ЛТБ), түсі түзетілген жоғары қысымды доғал пішінді сынап шамдар (ДРЛ, ДРИ), ксенон шамдары, т.б. жатады. Қызу шамдарына қарағанда газ разрядты шамдардың жарық бергіштігі (80.100 лм/Вт) жоғарырақ (3-4 есе артық) жəне төзімдірек (8 000.14 000 сағат жұмыс істейді) болады. ЛЕ жəне ЛДЦ шамдары дұрыс түс жіберу үшін қажетті жұмыстарда қолданылады. Басқа жағдайларда ЛБ үнемдегіш шамдарын қолданған дұрыс.
Төмен қысымды шамдарды (ЛД, ЛДЦ, ЛЕ, ЛБ, ЛХБ, ЛТБ) ауа температурасы 5-50°С болғанда қолдануға болады, ал жоғары қысымды шамдарды (ДРЛ) ауа температурасы -30°С пен +60 °С аралығында болғанда қолдануға болады.
Автомобиль кəсіпорны ғимаратының жарықтандырылуы 23-05—95 ҚНжЕ бойынша жүргізіледі. Жарықтандырылудың кейбір нормативті мəндері 2.3кестеде келтірілген.





Ең төменгі жарықтану дəрежесі, лк

Жұмыстың сипаттамасы

Нысанның
негізгі
фонмен кереғарлығы

Фон

Люминесцентті шамдар

Қызу шамдары



Құрамд ас-
тырылғ ан
жарықтандыр
у

Жалпы жарықтандыр
у

Құрамдастырылған жарықтандыр
у

Жалпы жарықтандыру

Нақты жұмыстар (агрегаттарды жөндеу, білдек жұмыстары, т.с.с.)

Аз мөлшерде
( орташа)

Ашық түсті
(қою
түсті)

750

200

400

100

Нақтылығы төмен жұмыстар (байқау,
майлау, т.с.с.)

Аз мөлшерде
(орташа)

Ашық түсті
(қою
түсті)

150

150

150

50

мұндағы Ф — барлық шырағдандардың жарық ағынының жиынтығы, лм; Е — нормативті жарықтандыру, лк; S— ғимараттың жарықтандырылған ауданы, м2; к — тозаңды ауада жарықтандырылудың төмендеуін ескеретін қор коэффициенті; я — шырағдандардың орналасуына тəуелді ең төменгі жарықтандырылу коэффициенті, шырағдандар өте жақын орналасқан жағдайда я = 1,1... 1,2 деп алуға болады; N— шырағдандардың саны, олардың оңтайлы орналасуна байланысты анықталады, дана; n— шырағдандардағы шамдар саны, дана; и — шырағданның жарық ағынының қай бөлігі жұмыс жазығына түсіп тұрғанын көрсететін жарық ағынын қолдану коэффициенті (анықтамалық кестелер бойынша анықталады).
Жарық ағынының алынған мəнін қолдана отырып, қажетті қуаттылықтағы шамдар таңдалады.
Жарықтандырудың қарапайым есептеуін меншікті қуаттылық тәсілін қолдана отырып жүзеге асыруға болады. Сонда шамның қуаттылығы мына формуламен анықталады:

мұндағы р — шырағдандағы шамның қуаттылығы, Вт; W— нормативті
меншікті қуаттылық, Вт/м2 (меншікті қуаттылық кестесі бойынша алынады).
Нүктелі тәсіл кӛлденең, тік және кӛлбеу беттерді, жергілікті жарықтандыруды есептеу үшін және аталған тәсілдер бойынша жүргізілген тексеру есептері үшін қолданылады. Кӛлденең бетке жарық беретін Ф шамының жарық ағынын келесі формула бойынша анықтайды:

(2.12)
мұндағы m— алыстағы қайнаркөздердің ықпалын ескеретін қосымша жарықтандыру коэффициенті, АТП m= 1,1 үшін;—шартты жарықтандыру сомасы (бақылау нүктесі үшін).
Жарықтандыру жүйесін пайдалануға қойылатын талаптар жарықтандыру аспаптарын жөндеу жəне байқау жұмыстарын тиімді ұйымдастыруды, əйнектер мен шырағдандарды тазалауды, күйіп кеткен шамдарды ауыстыруды, ауаның тазалығын сақтап отыруды, қабырғалар мен төбелерді сырлау мен ақтауды қамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет