4. ЕҢбек қОРҒау және тіршілік қауіпсіздігі



бет11/51
Дата30.06.2022
өлшемі7.41 Mb.
#459562
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
Кланица Автомобиль-көлігіндегі-еңбекті-қорғау.-Оқу-құралы

2.6. ШУ МЕН ДІРІЛДЕН ҚОРҒАУ
Шу деп жұмыс істеуге немесе демалуға кедергі келтіретін және акустикалық жайсыздықты тудыратын, адам үшін жағымсыз кез келген дыбысты айтамыз.
Шу қан айналым органдарының, ас қорыту органдарының, жүйке жүйесі органдарының, т.б. ауруларын туындатуы мүмкін, ол адамның шаршауына, есте сақтау қабілетінің нашарлауына жəне еңбек өнімділігінің 10... 15 %-ға төмендеуіне алып келеді.
Дыбыс толқындары таралған кезде орташа уақытпен алғанда шамадан тыс ауыспалы қысымды туғызады. Осы қысым мен атмосфералық қысымның арасындағы айырмашылық дыбыстық қысым деп аталады.
Адамның құлағы естілу шегі 2 • 10-5 Па-дан бастап, жоғарғы шегі 2- 102
Па-ға дейінгі белгілі бір аралықтағы дыбыстық қысымды қабылдай алады. 2- 102 Па-дан жоғары қысым кезінде бас айналу байқалады; дабыл жарғағы жарылып, құлақтан қан кетуі мүмкін.
Дыбыстық қысымның орташа квадраттық шамасы дауыстың қарқындылығының (күшінің) басты сипаттамасы болып табылады.
Қарқындылығы жөнінен бірдей, бірақ, жиілігі жөнінен əр түрлі дыбыстар дыбыс деңгейі бойынша басқаша сияқты болып көрінеді. Сондықтан, децибел (дБ) бойынша шудың бағалау көрсеткіштері ретінде 31,5; 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000; 8000 Гц орташа геометриялық жиіліктер шегіндегі октавалық белдеулердегі дыбыстық қысымның деңгейі алынады.

2.4-кесте. Кейбір жұмыс орындары үшін дыбыстық қысымның ұйғарынды деңгейлері

Жұмыс орны

Дыбыстық қысымның деңгейі, дБ, орташа геометриялық жиіліктер шегіндегі октавалық белдеулерде, Гц

31,5

63

125

250

500

1000

2000

4000

8000

Басқарма бөлмелерінде

93

79

70

63

58

55

52

50

49

Өндірістік орындарда

107

95

87

82

78

78

73

71

69

Автокөліктің жəне басқа машиналардың жүргізушілерінің жұмыс орындары

100

87

79

72

68

65

63

61

59

Е с к е р т у. Тұрақты шу дыбысының деңгейі мен тұрақты емес шу дыбысының баламалы деңгейі , дБ А:
басқарма бөлмелерінде .......................................... 60 өндірістік орындарда.............................................. 80
автокөлік жүргізулерінің жұмыс орнында ........... 70
Қарқындылығы жөнінен бірдей, бірақ, жиілігі жөнінен əр түрлі дыбыстар дыбыс деңгейі бойынша басқаша сияқты болып көрінеді. Сондықтан, децибел (дБ) бойынша шудың бағалау көрсеткіштері ретінде 31,5; 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000; 8000 Гц орташа геометриялық жиіліктер шегіндегі октавалық белдеулердегі дыбыстық қысымның деңгейі алынады.
Егер дыбыстық қысымның өлшенетін деңгейлері барлық октавалық белдеулерде ұйғарынды деңгейлердің мəндерінен (2.4-кесте) төмен болатын болса, шу ұйғарынды болып есептеледі.
Жұмыс орындарындағы шуды болжалды бағалау үшін (мəселен, қадағалау органдары тарапынан тексеру кезінде) Ашумомер шкаласы (дБ А) бойынша өлшенген децибелдер шегіндегі дыбыс деңгейін тұрақты шудың сипаттамасы ретінде қабылдауға болады.
Жұмыс орындарындағы тұрақты емес шудың сипаттамасы дБ А өлшеміндегі дыбыстың баламалы деңгейі (энергиясы бойынша) болып табылады. Жиіліктердің октавалық белдеулеріндегі дыбыстық қысымның рұқсат етілетін деңгейлері, тұрақты шу дыбысының деңгейлері мен кейбір жұмыс орындарындағы тұрақты емес шу дыбысының баламалы деңгейлері МЕМСТ 12.1.003—83 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесі. Шу. Жалпы қауіпсіздік талаптары» стандартында белгіленген (2.4-кестені қараңыз).
Автомобиль кəсіпорындарында шу көздері мыналар болуы мүмкін:
сынақ стендінде жұмыс істейтін қозғалтқыштар (110... 120 дБ); орталықтан тепкіш желдеткіштер (105 дБ);
автомобиль рамаларын қолдан пневматикалық жамау немесе шанақ пен
жақтаулар бөлшектерінің түзетілуі (80.90 дБ); газ жанарғылары; компрессорлар; қайрағыш білдектер; темір-серіппе жұмыстары; қол пневматикалық аспаптар жəне т.б.
Адам тербеліп тұрған қатты затпен байланысқа түскен кезде дірілді сезеді:
аяқтары арқылы – еденнің шайқалуы кезінде;
қолдары арқылы — автомобильдердің немесе қол аспаптарының басқару
тетіктері дірілдеген кезде; денесінің басқа мүшелері арқылы.
Автомобиль кəсіпорындарында жұмыс істейтіндер автомобиль қозғалтқыштарын стендте сынақтан өткізу кезінде, электрмен жабдықталған немесе пневматикалық қол аспаптарын қолдану кезінде, сондай-ақ, көлік құралдарын жүргізген кезде дірілді сезінуі мүмкін. Діріл шаршау сезімінің пайда болуына, жүйкенің қозуына, күйзеліске түсуге, ауру сезімдерінің туындауына, қышынуға, жүректің айнуына, жүрек-қантамыр жүйесі қызметінің өзгеруіне, т.б. əкеп соқтырады. Аяқ-қолдың қан тасымалдаушы тамырларының тарылуымен қатар жүретін дірілдеу ауруының туындауы ықтимал.
МЕМСТ 12.1.012—90 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесі. Діріл қауіпсіздігі. Жалпы талаптар» стандартында белгіленген діріл өлшемдері бойынша метр өлшеміндегі діріл жылдамдығының орташа квадраттық мəндеріне децибел өлшеміндегі діріл жылдамдығының логарифмдік деңгейлері анықталады.
Стандартты шекті шама ретінде жиілігі 2; 4; 8; 16; 31,5; 63; 125; 250 Гц орташа геометриялық жиіліктер шегіндегі октавалық белдеулер ауқымындағы 5 • 10-3 м/с діріл жылдамдығы жəне қондырғының жұмысы əсерінен туындайтын жəне жұмыс орындарына берілетін амплитудалардың орын ауыстыруы қабылданған.
СанЕмН1102—73 ережелерінде тербеліс жылдамдығының (діріл жылдамдығының), бір секундтағы метр өлшемінің жəне діріл жылдамдығының ағымдағы логарифмдік деңгейлерінің мəндерінен байқалатын жүк көлігінің, трактордың жүргізушісінің орындығындағы, операторлардың жұмыс орындарындағы, сондай-ақ жұмыс алаңдары мен басқару тетіктеріндегі (меңгеру дөңгелегі, иінтірек, басқыш тетік, т.с.с.) дірілдің ұйғарынды мəндері қарастырылған (2.5-кесте).
Шу мен дірілді əлсірету мен азайту үшін келесі іс-шаралар жүргізіле алады:
«шулы» машиналар мен қондырғыларды дыбысты жұтатын жабындары мен дыбыс оқшаулағышы бар оқшауланған жеке бөлмелерде орнату; шулы, агрегаттарды сынақтан өткізу стансаларының, темір ұстаханаларының жəне басқа бөлімшелердің басқа ғимараттарға жəне тұрғын алабына қарағанда ықтасын жақта орналасуы; шулы цехтардың айналасында дыбыстан қорғайтын жасыл аймақтарды құру.

Шу мен дірілді азайтуға қондырғының құрылымын жетілдіру арқылы (мəселен, қайтымды-ілгерілеме қозғалысты айналмалы қозғалысқа, соққыламалы қозғалысты соққысыз қозғалысқа, үйкелетін темір бөліктерді үйкелмейтін бөліктерге, тербелу мойынтіректерін үйкелмелі мойынтіректерге алмастыру, агрегаттардың шулы тораптарын оқшауланған қаптамалармен жəне қақпақшалармен тұмшалау), сондай-ақ шулы қондырғыларды шусыз қондырғылармен алмастыру (мəселен, автомобиль рамаларын пневматикалық жамау түрін гидравликалық жамау түріне немесе дəнекерлеумен, қалыпқа салуды сығымдаумен) алмастыру жəне шуды бəсеңдеткіштер орнату арқылы технологиялық үдерісті өзгертуге, іштен жанатын қозғалтқыштарда, желдеткіштерде, компрессорларда, пневмоаспаптарда, тегістеу машиналарында жəне т.б. ауа жəне газ ағындарының бөлшектерді айналып өту шарттарын жақсартуға қол жеткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет