4. ЕҢбек қОРҒау және тіршілік қауіпсіздігі


ДӘНЕКЕРЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ



бет24/51
Дата30.06.2022
өлшемі7.41 Mb.
#459562
түріҚұрамы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51
Кланица Автомобиль-көлігіндегі-еңбекті-қорғау.-Оқу-құралы

4.4.5. ДӘНЕКЕРЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
Дəнекерлеу жұмыстарын ұйымдастыру жəне жүргізу электрмен дəнекерлеу жұмыстарының, газбен дəнекерлеу жұмыстарының қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитариясы ережелеріне, ацетилен, оттегі өндірісі жəне металлдарды газ-жалынмен өңдеу жұмыстары жөніндегі ережелерге, дəнекерлеу жəне басқа да отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелеріне, автомобиль көлігіндегі еңбек қауіпсіздігі ережелеріне сəйкес болуы қажет.
Дəнекерлеу жұмыстарын оған арнайы жабдықталған ғимараттар мен алаңдарда жүргізу керек. Үнемі газбен жəне электрмен дəнекерлеу жұмыстары жүргізілетін ғимараттар келесі талаптарға жауап беруі керек:
■ бөлмелерді ғимараттардың бірінші қабаттарына орналастырады;
■ əр бір жұмыс орнына кемінде 4 м2 бөлінуі керек, ал өтетін орындарға кемінде 1 м бөлінеді;
■ дəнекерлеу бекеті бөлмелерінің биіктігі кемінде 3,25 м болуы шарт;
■ дəнекерлеу бекеттерін басқа жұмыс орындарынан кемінде 2,5 м биіктіктегі аралық шымылдықпен бөледі, ал қажет болған жағдайда жылжымалы қалқандармен қоршап тастайды;
■ дəнекерлеу бекеттеріне 5 м-ден жақын орналасқан ағаш есктер, аралық шымылдықтар мен қабырғалар табақ болатпен қапталған немесе сыланған болуы қажет;
■ еденге жылу өткізгіштігі төмен болып табылатын, жанбайтын жəне тез тазаланатын материал төсеген жөн, мəселен, кірпіш төселгені дұрыс.
Ашық ауада дəнекерлеу жұмыстары өндірісі кезінде дəнекерлеу бекеттерінің үстіне өртке төзімді материалдардан жасалған бастырмалар тұрғызған дұрыс. Бастырма болмаған жағдайда, жаңбыр мен қар жауып тұрған кезде дəнекерлеу жұмыстарын тоқтату қажет.
Дəнекерлеу жұмыстарымен айналысатын тұлғалар жұмыс істеу барысында бекітілген нормалар жəне ережелерге сəйкес жеке қорғаныс құралдарын қолдануға міндетті (4.1-сурет).
Электрмен дəнекерлеу жұмыстары кернеуі 70... 110 В болатын тоқтың көмегімен орындалады. Бұл кернеу адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті, сондықтан электрмен дəнекерлеу қондырғыларын техникалық пайдалану ережелерін, сондай-ақ электрмен дəнекерлеу жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария ережелерін қатаң сақтау қажет.
Электрмен дəнекерлеу қондырғыларына қосу мен одан ажыратуды тек электрші ғана жүзеге асыруы тиіс.


4.1-сурет. Электрмен дəнекерлеушінің жұмыс орны
Электрмен дəнекерлеу қондырғысын электр желісіне қосудан бұрын ең алдымен оны жерге қосу керек, ал ажырату кезінде алдымен қондырғыны электр желісінен ажыратып, содан кейін ғана жерге қосылуды ажырату керек.
Жерге қосылған металл үстелге орнатылған электр дəнекерлеушінің атауызы жерге жеке қосылуы тиіс.
Егер доғаның тұрақтандырылуы үшін импульсті генераторды қолданатын болса, онда бұл дəнекерлеу трансформаторының бос жүрісі кернеуінің ағымдағы мəнінен 1 В-тан артыққа аспауы тиіс.
Электр тұтқыштардың техникалық жағдайы мықтап бекітіліп, электродтарды жылдам ауыстыруды қамтамысыз етуі шарт.
Электр тұтқыштардың қолсаптарын диэлектрлік өртке төзімді материалдан дайындап, қорғаныс күнқағарымен жабдықтайды.
Сымдарды электр тұтқыштарға жəне дəнекерленетін бұйымға қосуды мехканикалық қысқыштың немесе дəнекерлеу əдісінің көмегімен орындайды. Дəнекерлеу тоғы 600 А-дан асқан жағдайда тоқ өткізгіш сым қолсапты айналып өтіп, электр қысқыштарға қосылуы тиіс.
Дəнекерлеу сымдарын ыстық күйінде дəнекерлеу, балқытып дəнекерлеу арқылы немесе бұрандалы қысқышы бар гильзалардың көмегімен жүзеге асырған жөн.
Қосылған жерлерді мықтап оқшаулау керек, қысқыштары бар гильзаларды сынбайтын оқшаулағыш материалдан жасалған бұғаудың ішіне салу керек, ал қысқыш бұрандалардың ұштарын жылу бұғауларына салған дұрыс. Сымдарды шиыршықтап жинауға тыйым салынады.
Кабиналарда жəне жұмыс орындарында жұмыстың уақытша қысқа мерзімді үзілістері кезінде оларға электр қысқыштарын орналастыру үшін керек-жарақтар (штативтер) болуы керек.
Дəнекерленетін жерлердегі металл құрғақ, шаңнан, кірден, майдан, таттан, қақтан жəне сырлы бояудан тазартылуы тиіс.
Дəнекерлеу сызығын флюс пен қалдық нəрселерден тазарту жұмыстары металл щеткалардың көмегімен жүргізіледі. Тазалау кезінде дəнекерлеуші қорғаныс көзілдірігін тағуы керек.
Тікелей автомобильде электрмен дəнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде келесі шараларды орындау қажет:
■ жұмысты бастаудан бұрын автомобильдің рамасы мен шанағын жерге қосу;
■ жанармай багына ұшқын түсіп кетпеуі үшін оны табақ темірмен немесе асбестпен жауып қою;
■ жанармай багының астында немесе оған жақын дəнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде бакты шешіп алып қою керек.
Жерден тікелей қол жетпейтін жерлерде дəнекерлеу жұмыстарын жүргізу үшін тек баспалдақ-сатыда тұрып жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Газбен дəнекерлеу кезіндегі негізгі қауіптің туындау түрлері:
■ тыныс алу кезінде ацетиленнен улану;
■ балқытылған металлдың шашыраңқыларынан күю;
■ қызған кезде жəне артық қысым кезінде ацетиленнің жарылыс қаупі;
■ ацетилен мен оттегі жəне ауа қоспаларының жарылу қаупі; ■ оттегі баллондарының жарылу қаупі.
Кальций карбидінің (техникалық карбид) құрамында оның жарылу қаупін арттыратын бірқатар улы заттар бар. Оттегідегі ацетиленнің жануы адамның көзіне зиянды əсерін тигізетін жəне ұзақ сəулелену кезінде көздің ауруына əкеп соқтыратын елеулі дəрежедегі инфрақызыл (жылулық) сəулеленумен қатар жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет