4. ЕҢбек қОРҒау және тіршілік қауіпсіздігі



бет39/51
Дата30.06.2022
өлшемі7.41 Mb.
#459562
түріҚұрамы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51
Кланица Автомобиль-көлігіндегі-еңбекті-қорғау.-Оқу-құралы

6.5. СУДЫҢ КӚМЕГІМЕН ӚРТТІ
СӚНДІРУ
Өртті сөндіру үшін су, жоғары жəне төмен қысымдағы өрт сөндіруге арналған су құрылғыларының жүйесінен беріледі. Бірінші кезекте олар тікелей гидранттардан, ал екіншіден – жылжымалы өртке қарсы мотор сорғысы немесе (өрт сөндіру автокөліктерінде орнатылған) автоматты сорғы гидранттары арқылы беріледі. Гидранттар дегеніміз – су құбыр магистралінің сыртқы жағына тікелей орнатылған өртке қарсы крандар.
Суды - ғимараттың ішінде болған өртті арнайы жабдықталған су құбырларынан, көтергіш жүйесінен құралған ішкі өрт сөндіру крандарынан алады. Бұл крандар – тек қана жылу жүйесі бар үй-жайларда, əдетте олар баспалдақ алаңында, дəлізде, шатырдан бөлек ғимараттың барлық қабаттарында орнатылады.
Ішкі өрт сөндіру краны арнайы шкафтарда орналасады, сондай-ақ өрт сөндіру түтікшесі кранға жалғанған болуы тиіс. Әрбір ғимаратта екі ішкі өрт сөндіру су құбырларымен қамтамасыз етіледі. Өрт қауіптілігі жоғары үйжайларда, А, Б, В санаттарына жататын стационарлы спринклерлермен орнатылуы мүмкін (6.1 сурет) жəне автоматты өрт сөндіру, оларды локализациялауға арналған дренчерлі құрылғылармен жабдықталады.
Жылу жүйесі жүргізілген көпқабатты ғимараттарда спринклерлі су жүйесі (құрылғы) қолданылады. 9-дан 6-дейінгі клапандардың бақылаусигнал түйінінен шығатын 5-ші су құбыры сумен толтырылады. Әдетте қабырға төбесінің ішінде орналасқан суландырғышты спринклерлер немесе спринклерлі орасительдер деп атайды. (6.2 сурет). Спринклерлердің шығатын тесіктері клапандармен жабылады, құлыптармен ұсталады, тез балқитын припойларға ерітіп жабыстырылған пластиналар қолданылады (балқу температурасы 72; 93; 141 жəне 182 0С). Құлыптар жылудың əсерінен жəне қандай да бір заттың жануынан ериді, клапандар түседі, спринклерлер түтікшесінен су ағады, əрекет ететін аумағындағы қондырғаларды жəне бөлмеге су бүркиді (9 м2 алаңды қамтиды).

6.1 сурет. Стационарлы спринклерлі қондырғының мақсатты сызбасы.

  1. – жеткізу су құбыры;

  2. – өрт сөндіру сорғысы;

  3. – сутартқыштың автоматты сыйымдылығы;

  4. – жылу жүйесі жүргізілген үй-жайлар;

  5. – спринклерлі су жүйесінің тарату су құбырлары;

  6. – суландырғыш;

  7. – Спринклерлі ауа жүйесінің тарату құбырлары

  8. – Жылу жүйесі жүргізілмеген үй-жайлар

  9. – Спринклерлі су жүйесінің бақылау-сигнал клапаны

  10. – Су жүргізу құбыры

  11. – Спринклерлі ауа жүйесінің бақылау-сигнал түйіні



Жылу жүйесі жүргізілмеген үй-жайларда спринклерлі ауа жүйесі қолданылуы мүмкін, сығылған ауамен толтырылған құбырлар таралады (6.1. сурет).
Дренчерлі жүйеде суландырғыштардың орнына дренчер ұштары қолданылады, спринклерге қарағанда клапандары жəне құлыптары жоқ, сондай-ақ əрдайым ашық тұрады.
Автоматты дренчерлі қондырғылар, электрожетекті бекіткіштер жəне басқарылатын винтельдер, өрт хабарлағыштары (датчиктері) бастапқы жүйелермен жабдықталған, температура жоғарылығын, оттың жəне түтіннің пайда болуын бақылайды.
Қолмен қосылатын дренчерлі қондырғылар сол жерден (вентиль жəне бекіткіш басқаруы қолмен ашылады) немесе қашықтықтан (вентильдерді қолдану арқылы немесе электрожетекті бекіткіш) қосылады.

Дренчерлерді өрт сөндіру үшін орналастырады, оттың таралу жəне алдын алуын оқшаулау мақсатында 4 су пердесі құрылады. Өртті сумен сөндіруде алғашқы қолда бар құралдар қолданылады, олар: жылжымалы жəне тіркемелі мотор сорғысы, өрт сөндіру су сорғылары, тартатын жəне лақтыратын өрт сөндіргіш шлангылар. Бірінші, су жиналатын жерден, су сорғыштар өрт гидранттарынан, иілгіш резиналы матадан жəне герметикалық, қатты заттардан жасалады, сондай-ақ одан əрмен күшейтіледі.
6.6. ӚРТТІ ӚШІРУДІҢ ХИМИЯЛЫҚ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет