4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«Академиялық мақсаттарға арналған шығыс (түркі)тілі» пәні
1.Түркітану – түркі халықтарының тілін, тарихын, әдебиетін, фольклоры мен мәдениетін зерттейтін – кешенді ғылым.
1) Түркітанулық зерттеулердің негізгі деректері.
2) Түркі халықтары туралы зерттеулердің этно-генетикалық және генеологиялық деректері, қытай және византия дереккөздері.
3) Орхон-Енисей ескерткіштері, Манихей жазуындағы көне түркі ескерткіштері.
4) Көне және орта ғасырдағы ұйғыр жазу ескерткіштер.
5) XI-XVI ғасырлардағы араб жазуыныдағы түркі ескерткіштері.
2.Түркітану ғылымы дамуының негізгі кезеңдері.
1) Батыс Еуропадағы Осман түріктері тілінің зерттелу тарихы.
2) XVIII ғ. XIX ғ. 1-ші жартысындағы орыс және батыс зерттеуші ғалымдары (Ф. Страленберг, А. Казембек, И. Н. Березин және т.б.).
3) XIX ғ. 2-шы жартысында түркітанудың жеке ғылым ретінде қалыптасуы және оның тарихи-филологиялық фундаментінің қалануы. Түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи әдіспен Ресейде зерттеле бастауы (В. В. Бартольд, В. В. Радлов, О. Бётлингк, Н. Ф. Катанов және т.б.).
3. Түркі тілдерін оқытудың Ресейдегі орталықтары, XX ғ. 1-ші жартысындағы отандың түркітану ғылымы.
1) Петербург университетіндегі шығыс тілдер факультеті (А. Н. Самойлович, А. Н. Кононов).
2) Мәскеудегі Лазерев атындағы шығыс тілдер факультеті (Ф. Е. Корш, А. Е. Крымский, В. А. Гордлевский), алдымен шығыс бөлімі, соңынан Мәскеу университетіндегі Азия және Африка Елдері Институты (Н. К. Дмитриев).
4. XX ғ. отадық (Ресейлік) түркітану ғылымы тарихы.
1) Лексикология және лексикография.
2) Диалектология және диалектография.
3 ) Түркі тілдері фонетикасын зерттеудің салыстырмалы-тарихи аспектісі.
4) Түркі ескерткіштерін зерттеу.
5. Түркиядағы түркітану ғылымы.
Қазақстандағы түркітану ғылымы зерттеулерінің негізгі деректері.
Қазақстан түркітану ғылымында көне түркі ескерткіштерінің зерттелуі.
Пресоналиялар: Қазакстан түркітанушы ғалымдары.
Достарыңызбен бөлісу: |