4 I. Математиканы оқытуда халық педагогикасының кейбір мәселелері



бет1/5
Дата03.07.2016
өлшемі0.52 Mb.
#175429
  1   2   3   4   5
Жоспар
Кіріспе.....................................................................................................................4
I. Математиканы оқытуда халық педагогикасының кейбір мәселелері

1.1. Халықтық педагогика туралы ілім....................................................................6-12

1.2. Халықтық педагогиканың мәні........................................................................13-14

II. Екінші сыныпта математика сабағында халықтық педагогиканы пайдаланудың әдістемесі.

2.1. Математиқалық ертегілер................................................................................15-20

2.2. Ұлттық ойындар................................................................................................21-29

2.3. Қазақ халқының есептері.................................................................................30-36

2.4. Халықтық мақал - мәтелдер.............................................................................37-39

2.5. Санамақтар........................................................................................................40-42

2.6. Жұмбақтар мен жаңылтпаштар.......................................................................43-45

2.7. Математика сабағында халықтық педагогиканы оқыту іс - тәжірибесі.....46-63



Қорытынды.....................................................................................................64

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................65-68

Кіріспе

Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім — үздіксіз білім берудің алғашқы басшысы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгерту, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Себебі, жоғалтып ала жаздаған ана тіліміздің, мемлекеттік мәртебе алып, өркендету кезеңінде жас бұлдіршіндерді халықтың салт дәстүрі, әдеп-дәстүрі, әдет ғұрыптары арқылы оқытып-тәрбиелеу өте ұжымды жұмыс. Себебі, жастайынан халықтық тәлім-тәрбие негізінде тәрбиеленген жеткіншек болашақта өз халқын, өз жерін ардақтайтын адал да парасатты азамат болып өсетіні сөзсіз. Сондықтан да мектепте балаларға білім беруде ұлттық тәрбие дәстүрлерінен басшылыққа алу басты талап бұл міндетті шешудегі шаралардың қайнар бұлағы сарқылмас көзі-халықтық педагогика.

Диплом жұмысты алдымен "1-2 сыныпта математика сабақтарында халық педагогикасының элементерін пайдалану" атты курстық жұмыс жазудан бастадым. Осы тақырып бойынша студенттердің ғылыми конференциясында баяндама жасап мақтау қағазымен марапатталдым.

"Диханкөл" орта мектебінің озат мұғалімдердің сабақтарына қатыстым



  1. Диплом жұмысының зерттеу әдісі - педагогиқалық және әдістемелік
    озат бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтарына қатысу, бақылау,
    ізденушілік және зерттеушілік жұмыстары.

  2. Диплом жұмысының зерттеу объектісі - екінші сынып
    оқушыларына математиканы оқыту процесі.

  3. Диплом жұмысының мақсаты - балаларды халықтық педагогика арқылы ұлттық сана сезімі оянған, өз халқын, өз жерін ардақтайтын адал да, парасатты азамат тәрбиелеу.

  4. Диплом жұмысының болжамы - егер математика сабақтарында
    халық педагогикасын қолдану арқылы оқушылардың математиқалық
    білім деңгейін, пәнге деген қызығушылығы нәтижесі қалыптасады.

  5. Диплом жұмысының міндеттері -

  1. Тақырып бойынша жинақталған әдебиеттерге шолу жасау.

  2. Екінші сыныпта математика сабағында халықтық педагогиканы пайдалану арқылы балалардың ой-өрісін даму мүмкіндіктерін анықтау.

3. Екінші сыныпта математика сабағында халықтық педагогиканы пайдалану арқылы балалардың ой-өрісін дамытудың әдістерін және оның тиімділігін тексеру.

Диплом жұмысының практиқалық құндылығы -



  1. екінші сыныпта математиканы оқытуда;

  2. пәндерді кірістіре оқыту әдістерін жетіддіруде;

  3. математиканы оқыту әдістемесі пәнінен арнайы семинар да,
    студенттердің педагогиқалық іс-тәжірибесінде көмекші құрал
    ретінде пайдалануға болады.

I. Математиканы оқытуда халық педагогикасының кейбір

мәселелері

1.1. Халықтық педагогика туралы ілім.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы әр адамның жан-жақты дамуына мол мүмкіндік жасайтын құжаттардың бірі.

Қанша заман өтсе де, маңызын жоймаған халықтық педагогиканы тәлім - тәрбиеннің түп қазығына айналдыру ата - ананың да, мектеп ұйымының да басты борышы.

Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми - педагогиқалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты, өмірлік мұра қалдырды. Орыс педагогтары К.Д. Ушинский, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, В.И. Водовозов, Г.С. Виноградов, Чуваш педагогы Г.Н. Волков, татар педагогы Я.И. Канбиков, азербайжан педагогы А.Ш. Ғашимов, грузин педагогы А.Ф. Кинтибидзе, Қырғызстан ғалымы, академик А.Э. Измайлов, казақтың көрнекті жаңашыл педагогы Ыбырай Алтынсарин, қазақтың асқан акыны, педагогы Мағжан Жұмабаев т.б. Кейбір ғалым - педагогтардың зерттеу мәліметтеріне қарағанда халық педагогикасы жайлы әр түрлі ұғымдарды байқауға болады. К.А. Ушинский әрбір елде халықтың мүддесіне, мүқтажына сәйкес өзіндік білім және тәрбие беру жүйесінің қажет екендігін айтты. Ол өзінің педагогиқалық теориясында тәрбиенің ұлыстық принципіне сүйеніп, тәрбиенің халықтық идеясын дәлелдеді. К.Д. Ушинский халық дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, салт-санасын жақсы білген. «Дерексіздік идеяларға сүйеніп жазған ең жақсы тәрбие жүйесін, халықтың мол тәжірибесіне негізделген тәрбие еш уакытта

тең бола алмайды» - деп тұжырымдады ол. Осыған орай халық педагогикасының тәрбиелік ықтималын өте жоғары бағалады. Оның пікірі бойынша халық бірінші тәрбиені, ал халық ертегілері - халық педагогикасын жасаудың бірінші және жарқын әрекеті.

XX ғ. алғашқы жылдарынан бастап ғалымдар халық педагогикасының проблемаларына назар аудара бастады. Белгілі этнограф және педагог Г.С. Виноградов өзінің еңбегінде халық педагогикасын жеке адамды қалыптастыру мақсатында қолданылатын дағдылар мен тәсілдердің, білім мен іскерліктің жиынтығы деп сипаттайды. Г.С. Виноградовтың пікірі бойынша жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу мақсатында көзқарасын, қолданатын құралдарын - халық педагогикасы деп атауға болады, өйткені халық педагогикасының халықтық өмірі нәтижесі. Халық педагогикасының жан - жақты зерттеген ғалымның бірі Г. Н. Волков. Ол екі монографияның авторы. Г.Н. Волков ең алғаш рет «Этно-педагогика» терминін қолданды. Этнопедагогика жас ұрпақты тәрбиелеуде халық тәрбиесі өмір үйелмен педагогикасы ру, тайпа, ұлыс және ұлт жайлы Г.Н. Волков кіргізген ұғым. Этнопедагогика - бұл ғылым, теориялық ойлардың өрісі.

Халық педагогикасы туралы ұғымдардың анықтамасын білу үшін кейбір ғалымдардың, педагогтардың пікіріне токталған жөн.

А.Ш. Ғашимов халық педагогикасына анықтама беру үшін тәрбие жөнінде халық идеяларына аса көңіл бөлудің қажет екенін айта келіп: «Халық педагогикасы кең - мағынада айтқанда тәрбие мәселері бойынша халық дәстүрінің, әдет-ғұрыптарының, идеяларының жиынтығы» - деді. Белгілі татар педагогы Я.И. Ханбиков бірсыпыра авторлардың көзқарастарын қуаттай келіп, өзінің анықтамасында халық еңбекшілер бұқарасы қолданылатын тәрбие және оқыту мақсаттары мен міндеттері. халық құралдарының жиынтығы, іскерлік пен дағдылар кіретін халықтық эмпириқалық білімдердің саласын - халық педагогикасы деп атайды.

Кейбір авторлар халық педагогикасының зерттеу саласын тәрбие деп қарастырады. Әрине, тәрбие жастарды әлеуметтік өмірге, еңбекке даярлау және қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Сонымен бірге халық педагогикасында оқыту процесінің де маңызы өте зор. Өйткені халық жастарды оқытады, оларды мамандық алуға, зергерлікке, спорт ойындарына үйретеді. Демек, халық педагогикасында тәрбие мен оқытуды екі жақты бір текті, яғни тұтас педагогиқалық процес деп қарастыру керек.

Әр түрлі ғылыми мәліметтерге сүйеніп, халық педагогикасы туралы ұғымның мәнін Орта Азия және Қазақстан халықтарының педагогоиқалық көзқарастарын зерттеген А.Г. Измайлов былай анықтауға болар еді дейді: «Халық педагогикасы бұл жиналған және эмпириқалық білімнің практикасымен тексерілген, ұрпақтан - ұрпаққа берілетін мағлұматтар, іскерлік пен дағдылар жиынтығы, халықтың әлеуметтік және тарихи тәжірибенің жемісі. Әр түрлі халықтардың дәстүрлері мен әдет -ғұрыптарының мақсаты жас ұрпақты бүкараның ең жақсы идеяларына тәрбиелеу».

Халық педагогикасы - бұл ұлттық қазына, кең өріс XIX ғасырдың екінші жартысында Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т.б. педагогиқалық ой -пікірлерді дамытқан қазақ халықтарының ғүлама ғалымдары. Бұл демократ -ағартушылардың еңбектеріндегі қазақ халқының әдет - ғұрыптары, салт -дәстүрлері, мақал - мәтелдері, фольклорлық жырлар мен көркем шығармалары, тілі мен мәдениеті ұлттық тәрбиенің құралына айналды. Қазақ халқының ұлы педагогы, этнографы, жазушысы Ы.Алтынсарин өзінің әдеби және педагогиқалық еңбектерінде казақтың фольклорын, мысалы «Қобланды батыр», «Жәнібек батыр», «Қара батыр» т.б. түрлі әңгімелері («Ағаштар бағы», «Жомарт адам», «Әке мен бала», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» т.б. сонымен бірге, «Жақсылық пен жамандық», «Адам, бала, ата - аналар») пайдалана білген.

Кемеңгер ұстаз Ы. Алтынсариннің ұлағатты сөздері, педагогиқалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды қазіргі қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт - дәстүрін қайта жаңарту кезінде кең мағынада насихаттау әрбір ғалымның, мұғалімнің борышы болуы қажет.

Халық педагогикасын дамытуда қазақтың асқан ақыны, педагогы Мағжан Жұмабаев үлкен үлес қосты. Ол бала тәрбиесі жөнінде көп өлеңдерінде («Бесік жыры», «Ана» т.б.) өзінің терең педагогиқалық ойларын ортаға салды. Балалық шақ әлемінде өмірді қызықты өткіз, білім алуға тырыс, білімді адам ел басшысы және мейірімді, көреген азаматы бол деп тілеген.

Соңғы жылдары Қазақстан ғалымдары профессор Қ. Жарықбаев, профессор С. Қалиев тағы да басқа бірсыпыра педагогтар халық педагогикасы жайлы зерттеу жұмыстарына мән беріп, өздерінің үлестерін қосуда. Қ. Жарықбаев төңкеріске және кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанда педагогиқалық ойлардың даму тарихы жазылған біркатар ғалымдардың зерттеу жұмыстарына сүйеніп, қазақтың халық педагогикасы жөнінде өзінің ой - пікірін жазған. Оның шағын кітапшасында қазақ халқының үзак тарихи өмірінде жастарды тәрбиелеуде жазылған бай тәжірибесі, сат - дәстүрлері, әдет - ғұрыптары, адам мінез - құлқынын ережелері, тәрбие принциптері, тәсілдері, құралдары баяндалған. Көшпелі қазақ елінің әлеуметтік - экономиқалық, тарихи мәдениеті, табиғи -климаттық жағдайларында оқыту және тәрбие ісінде балаларға, жасөспірімдерге қойылатын психолгиялық - педагогиқалық талаптар жөнінде автор сөз еткен. Қазақтың халық педагогикасында адамгершілік, еңбек, эстетиқалық тәрбие, дене тәрбиесі, әсіресе ер және қыз балалар арасындағы тәрбиенің ерекшелігі, мазмұны, ата - аналар және ересек үйелмен мүшелерінің беделі, сонымен бірге тәрбие жөнінде мақал -мәтелдердің және халық ауыз әдебиетінің алатын орны жайлы Қ. Жарықбаев өзінің пікірін, көзқарасын байымдаған.

Қ. Жарықбаев пен С. Қалиевтің бірлесіп жазған «Национальные аспекты обучения и воспитания, в Казахстане» атты кітапшасында қазақтың ұлттық тәрбиесі жөнінде мәселелер қарастырылған. Солардың ішінде қазақ даласында әлеуметтік және табиғи климаттық жағдайларға байланысты әрбір жеке бойында қандай қасиеттер болу керек, оған қандай талаптар қойылады. Міне, осындай мәселерердің сонымен бірге халық педагогикасында жұмбақ, мақал - мәтел, терме сияқты халық тағылымдарының тәрбиелік мәні жайлы құнды пікір айтылған. VI - XV ғасырларда, XX ғасырдың басында және кеңес өкіметі дәуірінде жинақталған философиялық және педагогиқалық ойлардың негізінде Қазақстанда халық дамуына авторлар өздерінің шабыттылық үлесін қосты.

Қазақ халқының өте әріден ата - бабаларының өмір сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі - халықтық педагогика.

Әр халықтың өзінің жас ұрпағы қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін әділ, ержүрек ізгі ниетті ар - ожданы мол болып өссін деп армандайды, бұл мәселені өзінің тұрмыс салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар бойы қолданып, сұрыпталып, тұрмыс, өмір тәжірибесінің сыннан өткен салт - дәстүрлері педагогиқалық әдіс - тәсілді пайдаланып келеді.

Халықтық педагогика дәуірдің небір қатал сынынан өтіп, жаңарып, жаңғырып, шым бойлатпай тіршілік тынысы және салт - дәстүрлерімен біте қайнасып, бірге жасасып келе жатқан құнды қазына.

Тәрбиенің қайнар көзі ретінде халықтық педагогиканың аумағы кеңейе түседі. Олар: ертегілер, "жырлар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мазақтамалар, мақал - мәтелдік сөздер, ұлттық салттар мен дәстүрлері, халықтық ойындар мен ойыншықтар.

Ертегілер баланы қызықтырады, сөзді тыңдай білуге үйретеді, оның қиялын дамытып, жан - дүниесін, мінез - құлқын қалыптастырады, дарын нышандарын өрнектейді.

Батырлар жыры мен лириқалық дастандар, термелер мен өсиеттер, бесік жыры адамгершілік тәрбиесінің куатты құралдары. Ол жырлар баланы ерлікке, халқын сүюге, сүйіспеншілікке, достыққа тәрбиелейді, ұлттық мақтаныш сезімін тудырады.

Аңыз әңгімелер шыншылдықка, сергектікке, елін сүйіп, еңбек етуге зұлымдықпен күресе білуге үйретеді.

Жаңылытпаштар баланың тілін ширатады. Жаңылтпаштың дүниетанымдық түрлері мен тәрбиелік нұсқалары әрі баланың тілін ширатып, әрі ой - өрісін кеңейтеді.

Жұмбақтар мен жұмбақ айтыстар баланың ойын, қиялын шарыктатып, қисындық пайымдау қабілетін дамытады, оны тапқырлыққа баулиды.

Санамақтар баланың ойлау жүйесін жетілдіріп, оның сюжеті нұсқаларға тапқырлық танытуға құштар етеді, дүниетанымдық мәнде құрылған санамақтар балғын жастың тапқырлық қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Мазақтамалық, юморлық уытымен баланың басындағы кемшіліктерді көрсетіп, сергектікке тәрбиелейді, дегенмен, ертеде құрылған мазақтамалардың анайы түрлері де болған, халықтың мәдениеті өскен сайын, ауыз әдебиетінің бұл түрі сыпайы сын, әдемі әзіл түрінде құрылып жүр.

Мақал - мәтелдер халықтың жиі қолданатын тәрбие құралы. Қазақ халқының мысалдап, мәтелдеп, мақалдап сөйлейтін ұлттық, ерекшелігіне сәйкес оның мақал - мәтелдері де мол. Ауыздан - ауызға тарайтын бұл жанрды халық күн сайын толықтырып отырады.

Шешендік сөздер баланы сөз қадірін білуге үйретеді, ата - бабаны —ардақтауға тәрбиелейді. Философиялық, данышпандық ой мен өткір сөздің мән - мағынасын сезініп, терең ойлануға, тауып сөйлеуге құлшындырады, ой қисындарын кеңейтіп, сөз өнеріне қызықтырады. Жиренше, Сырым батыр, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Байдалы шешендермен қатар, қазақ ақындарының шешендік сөздері ұлы мұра, терең философия.

Ұлттық салттар мен дәстүрлердің, әдет - ғұрыптардың заманға сай, ұрпақтарымызды өркендететін орнектерін халық жоғары 'бағалайды. "Дәстүрдің де озығы бар, тозығы бар" - деп халық ең озық дәстүрлерді дұрыс дәріптеп, ұрпақтан - ұрпаққа мол мұра етіп қалдыруда, әдемі әдет, әдемі әдеп, аталық дәстүр, рәсім бәрі - бәрі ғасырлар бойы қалыптаскан халық педагогикасы, адамгершілікке толы үлгі - өнеге. Әрбір ұлттың әдептілік қағидалары сол ұлттың тарихи - мәдени дәрежесін айқыы көрсетіп, ұлттық ерекшеліктерін бейнелеп тұрады. Қазақ халқының әзілқойлығы, қалжыңбастығы ұлттық әдет болса, оның ізеттілігі мен инабаттылығы, меймандостығы, сыйласымдылығы тағы басқа игі әдеттері ұлттық дәстүр болып табылады.

Халықтық ойындар мен ойыншықтар бала тәрбиесінде елеулі орын алады. "Ақсерек пен көксерек", "Алтыбақан" сияқты ойындармен бірге "Көкпар", "Аударыспақ" тәрізді спорттық сайыстар дене тәрбиесінің асыл арқауы. Жас қыздар қуыршақ ойынын кейде күрделендіріп "қуыршақ театры" сияқты сюжетте құрып ойнайтын. Әсіресе қыз баланың үй ішінің тіршілігіне үйренуі осы қуыршақ ойындарынан басталады. Ертеде ойыншықтарды, көбінесе балалардың өздері жасап, өз талғамы, өз еңбеп, өз өнері арқылы іске бейімділігін, ойын дамытып отырған.

¥лттық мерекелер мен тойлардың да тәрбиелік мәні зор. "Шілдехана тойы", "Тұсау кесер", "Атқа мінгізу", "Наурыз тойы" тағы баска тойлар мен мерекелер баланы шаттыққа бөлейді. Тойдың болғанынан боладысы қызық деп, халық тойға дайындық кезінде баларды өнерге ынталандырып, еңбекке баулиды, салтанатты салттарды қайта өткізу жолдарын үйретеді. Әулеттік тағылымдар мен тәжірибелер бір атадан тараған әулеттік тұрмыстық әулеттік, әдептік өзгешеліктері болып табылады. Яғни әр бір әулеттің өзіне тән қалыптасқан дәстүрі болады. Дәстүр әдеттен, дағдылану мен әдеппен, қалыптасады. Мысалы, сәулет өнері белгілі бір әулеттің өзіне тән тәлімдік мұрасы болуы мүмкін, сол сияқты күйшілік, әншілік, шешендік өнері де бір әулеттің өмірлік мәніне айналған қымбат мұрасы болуы ықтимал. Халықтық педагогика сан салалы, мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлім - тәрбие ісінде пайдаланып келеді. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету борышымыз.

Әрине қазіргі таңда халықтық педагогиканы оқу - тәрбие жұмысына мақсатты түрде енгізіп отыр.

Ұлттық салт - дәстүр, әдет - ғұрыптың, халықтық өнеге мен тәлімнің негізінде шәкірттерге тәрбие берудің жолдары мен бағыттарын анықтауда біршама ұнамды тәжірибелері жинақталған.

Халықтық педагогика тәлім - тәрбиелік ой - пікірің бастауы, халықтың рухани мұрасы. Халықтық педагогикамен қатар этнопедагогика атауы жиі қолданылады.

1.2. Халықтық педагогиканың мәні.

Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік, саяси және жаңа технологиялық өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие беру жүйесінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отырғандығы мәлім. Осыған орай, бүгінгі тавда қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі жас ұрпақты өз халқының рухани казынасымен, ұлттық тәрбиеннің озык, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып, оның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамыту көзделеді. Өйткені, егемен еліміздің болашағы, оның рухани және материалдық дамуы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты.

Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуында өзі күнбе - күн сезінетін, еститін, көретін заттары құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның ең негізгісі - қазақтың халық педагогикасы.

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы, салт - дәстүр, әдет - ғұрып, аңыз - ертегілері, жұмбақ, мақал - мәтелдері, өлең - жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына.

Мектепте бірқатар пәндерді оқытуға байланысты бұл мәселе жан -жақты талданған. Кейбір пәндер - математика, әдебиет, биология, еңбек сабақтарында халықтық педагогика: ұлттық әдет - ғұрып, салт - дәстүр тиімді пайдаланылуда. Математиканы оқыту саласындағы зерттеулердің бірі ретінде педагогика ғылымының докторы, профессор А. Әбілқасымованың ғылыми жетекшілігімен жүргізіліп жатқан «Бастауыш мектептегі математиканы оқыту үрдісінде қазақ этнопедагогикасының материалдарын пайдалану» арнайы курсының оқу бағдарламасын атауға болады. Бағдарламада болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ этнопедагогикасын математика сабағында қолдануды меңгерту және сол алған білімдерін мектеп қабырғасында қолдану көзделген. Бұл математиканы оқыту үрдісінің нәтижелі болатындығының кепілі.

Халықтық педагогика мәселесіне байланысты ой қозғағанда Қорқыттың ұлттық педагогикаға байланысты қағидаларын, Абайдың дана сөздерін, Ы. Алтынсарин мен А. Байтұрсынұлының педагогиқалық идеяларына сүйенбей өте алмаймыз. М. Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығында оқытудың білімілік және тәрбиелік мақсатын ұлттық тәрбиеге негізделгенде ғана оның сапалы білім беріп, жастардың санасын көтеруге жәрдемі тиетіндігі айтылады.

А. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» еңбегінде, кемеңгер де ойшыл ақын Құдайбердиев Шәкәрімнің шығармаларында халықтың бай дәстүрі жете сипатталады. Д. Әшімхановтың «Бес арыс» еңбегіне шолу жасағанда кемеңгер ойшылдарымыздың қай - қайсысы да балаға тәрбие беруде, олардың білімін кеңейтіп көзқарасын қалыптастыруда ұлттық тәлім -тәрбиенің, әдет - ғұрыптың алатын орньгғгбаса көрсеткен.

Бұл ғалымдар қазақ халқының болашағы - жастарды жан - жақты дамыту үшін нені оқыту, қалай оқыту керектігін айта келіп, берілетін білімді ұлттық педагогикаға негіздеу арқылы олардың бойында халықтың рухани байлығын сіңіруге болатынын дәйектейді.

Халықтық педагогика элементтерін сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда жүйелі түрде оқытудың дәстүрлі емес жаңа ә'діс - тәсілдерімен үштастыра пайдалану математиканы оқытудың тиімділігін арттырып, оқушылардың математиқалық білімді игеруін қамтамасыз етеді және олардың тіл байлығының, ойлау қабілетінің дамуына, адамғаршілік, ұлтжандылық, ұлттық мәдениетті дәріптеу дағдыларының жетіле түсуіне ашады. Ең бастысы, оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға септігін тигізеді. Демек, халықтық педагогика элементтерін пайдалану - мазмұндық тұрғыдан білім көздерінін бірі. Сондықтан ол гылыми негізде жасалған оқытудың құралыи және мектептердің іс - тәжірибесінде сыналған әдістемені кажететеді.


II. Екінші сыныпта математика сабағында халықтық педагогиканы пайдаланудың әдістемесі.

2.1. Математиқалық ертегілер.

Қазіргі кездегі мектептің маңызды міндеттерінің бірі – баланың қисынды (логиқалық) ойлауы мен шығармашылық қабілетін дамытып, өз бетімен ізденушілігін қалыптастыру болып табылады. Осы бағытта жұмыс істеу барысында, математика сабақтарында математиқалық ертегілерді қолданудың тиімді жақтары бар екендігіне көзім жетті.

Ертегі - баланың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады, қиялын дамытады. Математика сабағында ертегіне қолдану оқушының оқу материалдарын терең түсінуін жеңілдетеді, зейінін тұрақтандырып, есте сақтау қабілетін дамытады.

Мысалы, 1-сыныпта геометриялы ұғымдары: нүкте, кесінді, сызык түрлері, т.б. туралы өткенде, сабақты ертегі түрінде түсіндіру материалды жақсы игеруге, тапсырманы өз бетімен түсіне отырып орындау мүмкіндігіне кол жеткізеді. 1,2- сыныптарда «Ондықтар» такырыбын өткенде «Цифрлар айтысы», «Цифрлар және сандар» ертегісін пайдадану - оқушылардың дөңгелек ондықтардың сандық құрылымы мен таңбалануы, разряд бірліктеріне карай өзгеруі, оның жазылуы мен оқылуын мецгсруге, есте сақтауына көмектеседі. Цифр мен сан ұғымының айырмашылығын түсінуде де бұл ертегілерді қолдану пайдалы. «Туысқандар» ертегісін қолдану барысынды шаршы мен тік төртбұрыштың ұқсастығын және айырмашылығын оқушының өзіне айтқызу, оның өз бетімен ойлануына, ізденушілігіне жетелейді.

Тәрбиелік жағынан алсақ - бұл ертегілер бірлік пен достыққа тәрбиелеп, мақтаншақтық сияқты жағымсыз қылықтан алыс жұруге бейімдейді. Яғни, педагогиканы оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту қағидасын жүзеге асырудың ұтымды әдістерінің бірі.

Ал, пәнаралық байланыс мәселесіне келсек, ертегілерді тыңдау, айту арқылы оқушының сөздік қоры молайып, тіл байлығы дамиды.

Осы іс - тәжірибені өз әріптестеріммен бөлісу мақсатында, сабақтарда қолданылып жүрген бірнеше математиқалық ертегілерді ұсынып отырмын. Әсіресе, жас мұғалімдерге көмегі тиер деген ойдамын. Сандар және цифрлар.

Әлемде үлкен бір ел болыпты. Бұл елдің тұрғындары сандар екен. Олармен қатар бұл елде цифрлар да өмір сүріпті. Сандардың көптігі соншама, санасаң сан жетпейді екен. Ал цифрлар бар болғаны, он: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,0.

Сандар мен цифрлар тату - тәтті өмір сүріп жатады. Мысалы, біреу "он бес" десе, 15 саны жетіп келеді, егер оны жазу керек болса 1 және 5 цифры қатар тұра қалып, 15 деген санды жаза қояды екен.

Күндер өтіп жатады. Here екені белгісіз бір күні сандар цифрларға келіп:

- Біз көппіз, ал сендер бар болғаны онсыңдар. Сондықтан біз сендерден
мықтымыз, - дейді.

Цифрлар сандарға ренжіп қалады. Сонда 0 цифры басқа цифрларға:

- Мақтаншақтары жоқ басқа елге кетейік. Сандар өздері қалсын. Көрейік не
істейтіндерін? - дейді.

Күндердің күнінде сандар өздеріне жаңа үйлер салады. Енді әркім өзінің есігіне нөмірін жазайын десе, жаза алмайды. Сандар өз аттарын айтып қанша айқайласа да, ештеңе шықпайды. Өйткені олардың қасында цифрлар жоқ қой. Сонда ғана сандар өз қателіктерін түсінеді. Сандар қаншама көп болса да цифрсыз өмір сүре алмайы екен. Сандар енді цифрларды іздеп шығады. Ақырында оларды тауып алып, кешірім сұрап, елдеріне цифрларды қайта алып келеді.

Содан бері сандар мен цифрлар тату - тәтті, достықта өмір сүріп жатыр екен.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет