4 практикалық жұмыс. ҚАбат салу. Coreldraw объектілерін бейнелеу және сурет салу әдістері



жүктеу 102.94 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі102.94 Kb.
4 практикалық жұмыс. ҚАБАТ САЛУ. CorelDRAW ОБЪЕКТІЛЕРІН БЕЙНЕЛЕУ ЖӘНЕ СУРЕТ САЛУ ӘДІСТЕРІ.

Барлық графикалық программаларда (СorelDRAW, MapInfo, ArcView, ArcGIS (Arcmap), AutoCad) мынандай қабаттар бөлінеді: полигональды, түзу сызықты және нүктелі.

СorelDRAW-да қабат сау үшін мынандай функциялар бар <Қабаттарды басқару> (Object Manager), оны екі тәсілмен ашуға болады:


  1. Бас меню → Аспаптар (Tools) ↓ Қабаттарды басқару (Object Manager)

  2. Бас меню → Терезе (Window) → Докерлер (Dockers) ↓ Қабаттарды басқару (Object Manager) ↓

<Қабаттарды басқару> () жоғарғы әдістердің біреуін пайдаланғанда экранның терезесінің оң жағында пайда болады. Докердің төмен жағында <Қабаттарды басқару> () программасы орналасқан: Жаңа қабат (New Layer) және жаңа Мастер (New Master Layer).

16 сурет

Қабаттарды тұрғызу тәртібі:

    • Тышқанның сол жақ кнопкасымен пиктограмманы шақыру керек Жаңа қабат (New Layer), тізімде жаңа қабат пайда болады (New Layer) 16-сурет.

    • Жаңа қабатқа жаңа ат береміз, мысалы, polygon (17 сурет).

    • Тышқанның сол жағынан қара квадратты көрсете отырып екі рет басып шақырамыз да, жаңа қабаттың түсін анықтаймыз, мысалы, қызыл (түсі ашық болуы керек, растордың қара түсін векторлау үшін)

    • Берілген қабатты қалай салу керектігін көрсетеміз: түсі, сызық қалыңдығы, сызық стильі – ол үшін жұмыс жасау терезесінің сол жақта орналасқан қосымша аспаптар менюін қолданамыз (жоғарыдан санағанда 3-ші аспап - <контур> (outline).



17 сурет

    • Диалогты терезе пайда болады <Қарандаш контуры> (Outline Pen)

    • Қандай жұмыс жасайтыныңызды дәлірек көресуіңіз керек, мысалы, графика.



18 сурет


    • Диалог пайда болады <Қарандаш контуры> (Outline Pen), сонда өзімізге керекті парметрлерді береміз: түс, таңдап алынған <Қабаттармен басқару> (Object Manager) жұмыс барысында өзіңізге түзетуге ыңғайлы болуы керек (32 сурет).

    • Қабаттың қандай жұмысқа арналғанына байланысты келесі аспапты таңдаймыз, ол аспаптар жұмыс жасау терезесінің сол жағында орналасқан, мысалы, үстінен 4-ші. Бұл жерде сурет салатын барлық аспаптар бар.


19 сурет
Барлық программалар қабаттарды векторлағанда форматына байланысты 3-қабат қолданады: полигонды, сызықты және нүктелі.
Ескерту* Қабаттардың атын латын әріптерімен жазған дұрыс. Қабаттардың аттарын мағынасына байланысты беру керек

20 сурет

Мысалы:


А. Кесте қабаты (tab)

Біз қабат аштық, файл аты tab төсенді (подложка) үстінен сыза отырып стратиграфиялық кесте салу. Бұндай қабат сызық қабаты деп аталады. (20 сурет).

Стратиграфиялық бағананың пішінін салу үшін, біріншіден, тік немесе көлденең сызық салу керек, оны жұмыс барысында әртүрлі модификациялаймыз (ұзартамыз, қысқартамыз немесе 90˚ -қа бұрамыз т.б.), сатратигарафиялық бағананың растры бойынша қоршау үшін пайдаланамыз.

Растр пішінін қоршауға көбейтудің бірнеше тәсілдері қолданылады:


  1. таңдап алған объектіні бір жерден екінші жерге тасу арқылы, тышқанның сол және оң пернетақтасын ауыстыра басып.

  2. ыстық пернетақтаны қолдана отырып [Ctrl-C], [Ctrl-V]

  3. Басты меню функиясын қолдну арқылы: көбейту және қою


Б. <текст > қабаты

Текс жазу үшін аспаптар менюінде астынан санағанда 6-шы А-құралын қолданамыз.

Текстті ыстық пернетақта арқылыда жазуға болады: [Ctrl-C], [Ctrl-V]

Текстті бұру үшін бас менюдағы Transformation функциясын қолданылады:

Arrange (Орналасуы) Transformation (өңдеуі) Rotate (айналдыруы), бұру бұрышын сол жерден таңдаймыз.
Текстті созу үшін - әріптермен сөздердің арасындағы ара қашықтық бірдей болу үшін сол жақта орналасқан жұмыс жасау терезесінің үстінен санағанда 2-ші Shape (Форма) құралы керек.
В. <ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР> қабаты
Литологиялық бағанада шартты белгілерді құрастыратын екі тәсіл бар:

1) Элементтерді қолмен салу;

2) Шрифттерге қосылған дайын белгілерді қолдану.


  1. Элементтерді қолмен салу

Элементтерді қолмен салу үшін - элементтер салатын аспаптардың кез келенін қолануға болады, мысалы: үстінен санағанда 4-ші (Freehand Tool, Bezier Tool и тд), үстінен санағанда 7-ші (Ellipse Tool) және т.б.


  1. Белгілерді (скрипты) қолдану

Бас меню текст (text) символды қою (Insert character) литологиялық бағана салу үшін өзімізге керекті символды таңдаймыз.

Стильді элементтерді салу немесе көшіру үшінде таблица және текстке арналған техникалық әдістерді пайдаланамыз (ыстық пернетақталар, трансформация функциялары, оң және сол клавиатураны кезекпен басу).

CorelDRAW -да сурет салу және объетілерді бейнелеу

CorelDRAW — векторлық графикалық программа. Ол пішіндер мен бейнелерді әр түрлі атрибуттармен өзгертеді. CorelDRAW-дың бай аспаптарын пайдалана отырып пішіндерді құрастырып, өзгертіп көрейік.

Пішіндер мен бейнелер

Bezier құралы (Безье қисығы).

CorelDRAW-да Bezier құралы (Безье қисығы) негізгі құралтардың бірі болып саналады. Бұл құрал қысықтарды дәлірек салуға арналған. Freehand (Қисық), Қарандашпен қағазда сурет салағандай, пішіндерді тура солай салуға арналған. Бұндай сурет салу жұмысында сізге графикалық төсенді керек.

Freehand (Қиысық) құралы Bezier (Безье) қисығы сияқты пішін салу үшін емес, сурет салу үшін қолданылады. Freehand (қисық) компьютерлі аналогты қарандаш сияқты. Онымен жұмыс жасау үшін тышқанның сол жағын жібермей басып тұрып сызық жүргіземіз. CorelDRAW сурет салу барысында жұқа біркелкі сызық жүргізеді - "із". Сіз тышқанны жіберсеңіз сол сәтте CorelDRAW аспап жолы - қисық сызық көрсетеді. Дәп-дәл болмайды, үйткені Freehand (Қисық) аспбымен салған қисығыңызды программа қисықты түзетіп жібереді. Ол түйншектеліп қалмау үшін және көп қате кетпеу үшін.
Түзу сызықтарды салу

Пішіннің ең қарапайымы — түзу сызықты сегменттілі пішін. Bezier (Қисық Безье) арқылы зигзак тәрізді сызық салайық:

1) Қалқып шығатын құралтар панелінен Bezier (Қисық Безье) құралын таңдаңыз. Ол Freehand (Қисық) құралының артында тығылыптұр. Тышқан курсоры сол форма пішінін қабылдайды;

2) Тышқанның сол жақ клавишын басып қалыңыз. Сол жерде кішкентай қара квадрат түйіні пайда болады, ол сызықтың басын білдіреді;

3) Диоганал бойынша курсорды оңға немесе жоғары жылжытыңыз;

4) Тышқанды екінші рет басып қалыңыз. Курсор орнында екінші түйін пайда болады – ол бірінші түйін мен екінші түйінді біріктіреді;

5).Курсорды оңға немесе төмен жылжытыңыз;

6) Тышқанды басып қалыңыз. Курсор орнында үшінші түйін пайда болады, ол алдыңғы түйіндермен байланыстырады. Екі турасызықты сегменттен құралған пішін алдық. Bezier (Қисық Безье) құралы арқылы дұрыс сызылмаған пішін түйінін жөндеп алуымызға болады:

1) Курсорды екінші түйінге алып келіңіз. Курсор крест тәрізді екі кішкентай көрсеткіштен тұратын үлкен бір көрсеткішке айналады, яғни барлық бағытқа қозғала беруге болады деген сөз;

2) Тышқанның сол жағын басыңыз;

3) Кнопканы ұстап тұрып курсорды кез-келген бағытқа жылжытыңыз. Сіз пішін түйінін бір жерден екінші жерге ауыстырасыз, ал CorelDRAW оның біріккен сегменттерін жөндейді;

4) Тышқанның кнопкасын жіберіңіз. Түйіннің жаңа жолы белгіленді;

5) < ашық жер (пробел)>.пернетақтасын басыңыз. Сонымен сіз пішін салуды тоқтатасыз.

Түйндерді Bezier құралымен жөндеу

Векторлық графикалық көп программаларда пішін түйіндерінің орналасқан жерін салған аспапбен жөндеуге болмайды. Мұндай жағдайда CorelDRAW — сирек кездесетін программа.

Салынған пішінге жаңа сегменттер қосуға болады:

1) Bezier (қисық Безье) құралын таңдаңыз;

2) Курсорды түйіннің басқы немесе соңғы түйінге апарыңыз. Курсор сол сәтте төменге қарап тұратын қисық көрсеткішке айналуы керек;

3) Тышқанның сол жағын басып қалыңыз. Енді пішіді өзгертуге болады;

4) Тышқанның курсорын кез-келген бағытта жалжытыңыз;

5) Тышқанның сол жағын басып қалыңыз. Пішінде жаңа түйін және жаңа сегмент пайда болады;

6) 4-ші және 5-ші қадамдарды қайталап қиын пішін салуға болады.



Қисықтарды салу

Қисық пішіндерді де біз Bezier (Қисық Безье) құралымен саламыз.



Pick құралы

Pick (Көрсеткіш (Указатель)) в CorelDRAW программасында көптеген функцияларды орындайды: объектілерді белгілеу, оларды масштабтау, бұру, қисайту. Оның көмегімен кейбір пішіндердін бейнесін өзгеруге болады.



Shape құралы

Дайын пішді кез келген уақытта өзгертуге болады: түіндерінің орналасуын және сегменттердің қисықтығын. Ол үшін арнайы Shape (Форма) деген аспап бар.

Shape (Форма) құралтар панелінде жұмыс жасау үшін арналған барлық басқару элементтері бар. Біз оларды пішін формасын және бейнелерді жөндегенде қолданамыз.

Түйіндердің түрлері

Сызықты, Симметриялы, Тегіс, Үшкір

Bezier (Қисық Безье) құралын қолданғанда тек симметриялық түйіндер пайда болады. Басқа түрлерін өзгерте отырып алуға болады.

Түйіндер түрін өзгерту

Пішнді өзгерту үшін ең алдымен оны белгілеп алу керек. Ол үшін пішін салуға арналған, Pick (Көрсеткіш) и Shape (Бейне (Форма)) аспаптарын қолданамыз. Shape (Бейне) құралтары орналасқан панельден біреуін таңдап аламыз:

Таңдаған аспаптың кнопкасын басамыз.

Түйіндерді қосу және алу

Shape (Бейне) құралы пішінге түйін қосады. Жаңа түйін пішін сегментін екіге бөледі, бірақ бөлімнің бейнесі сақталып қалады.

Артық түйінді алып тастау үшін, сол түйінді белгілеп Delete Node(s) (түйіндерді жою) деген кнопканы басу керек. Ол панелде (алу (минус) –пен бірге)

Егер көп түйіндерді белгілеп Delete Node(s) (Түйіндерді жою) деген кнопканы бассаңыз бәрі бірақ жойылады.



Объектілерді белгілеу

CorelDRAW программасында пішіндердің бәрін жаңалап немесе сегменттер қосуға болады. Программа сіз қандай пішінмен жұмыс жасайтыныңызды білуі үшін оны Pick (Көрсеткіш) құралымен белгілеп қою керек.

Ол үшін өзіңізге керек аспапты таңдап алып курсорды жұмыс жасайтын пішініңізге апарып кезкелген жерінен тышқанның сол жағын басу керек. Пішіннің жан-жағында қара квадрат манипуляторлар пайда болады, олар оның мөлшерін көрсетеді (үлкен тік бұрыш (21 сурет). Манипуляторлар пішіндерді өзгерту үшін қажет (масштабтау, бұру, қисайту және бейнелеп көрсету).


21 сурет
Pick (Көрсеткіш) құралымен бірнеше пішіндерді бірақ бегілей аламыз. Ол үшін пернетақтасын басып тұрып пішіндерді бірінен соң бірін белгілеміз. Солай пішіндердің бәрін біріктіріп аламыз. Бір пішіннен белгілеуді алып тастау үшін, сол пішіннің кез келген жерінен тышқанның сол жақ пернетақтасын басып қалып керек.



Қоршау мен бояудың оңай түрлері

Біз кез келген пішінді қоршап оған түрлі түс бере аламыз. CorelDRAW программасында бекітілмеген пішіндерді тек қоршай аламыз, ал бекітілген пішіндерді қоршаймыз және бояймыз. Бояу — жабық пішіннің ішін толтыру. Ол жалпақ немесе CorelDRAW программасында берілген әртүрлі пішінді болуы мүмкін. Пішінді өзгеріске еннгізу барысында оған түс беру үшін, біріншіден, Pick (Көрсеткіш) құралы арқылы белгілеп алу керек. Естеріңізде болсын пішін әрқашанда жабық болуы керек. Бояудың барлық түстері - түс палитрасында орналасқан. Палитраны тышқанның оң жағымен бассаңыз пішіннің қоршаған түсін өзгертеді, ал егер сол жағын бассаңыз пішінді бояйды. Пішіннің қалыңдығын өзгерту үшін қосымша аспаптар панелінің сол жағындағы 3-ші аспапты таңдау керек.

Бірнеше пішіндерді бірақ бояуға немесе қоршауға болады. Ол үшін бәрін бірдей белгілеп алып тышқанның сол жақ клавиатурасын басып қаласыз.

Объектілерді бір оыннан екінші орынға ауыстыру

Pick (Көрсеткіш) құралының көмегімен пішіндерді бір орыннан екінші орынға жылжытыа апаруға болады. Ауыстырар алдында объектіні сол аспапбен белгілеп алу керек.



Тік немесе көлденең ауыстыру

Тік немесе көлденең ауыстыру пернетақтасын басып тұрып алмастырады.

Тышқан ең ыңғайлы өзертуге арналған аспап болып саналмайды. Объектілер арақашықтықтарын дәл көрсету керек. Ол үшін клавиатура қолданылады. Pick (Көрсеткіш) құралы пернетақта курсорымен белгіленген объектіні тиесілі бағытта алмастырады: пернетақта <↑> объектіні жоғары жылжытады, пернетақта <> — төмен, ал пернетақталар <→> және <←> — оңға және солға жылжыту үшін қолданылады.

Объектілерді масштабтау

Пішінді Pick (Көрсеткіш) құралымен белгілеп алу керек. Объектіні масштабтау үшін оның бұрыштағы және бүйіріндегі өзерткіштерін тышқанмен тартып масштабын өзгертеді.Қандай бағытта өгерту керек екенін өздеріңіз шешесіз. Курсорды сол өзгерткіштердің біреуіне жақындатсаңыз, ол екі жаққа бағытталған қара көрсеткішке айналады, яғни сіз масштабты өзгертуіңізге болады деген мағынаны білдіреді. Тышқанның сол жағын баса отырып курсорды жылжытыңыз. Объектінің мөлшері өзгереді. Тышқанны босатып жібергеннен кейін объект керекті мөлшерлі болады.



Объектілерді бұру

Бұру — объектілермен жұмыс жасағанда көп қолданылатын операциялардың бірі. Ол тышқанның көмегімен немесе Pick (Көрсеткіш) панеліндегі Angle of Rotation (Бұру бұрышы) құралы іске асырылады.

Пішінді бұру үшін оны Pick (Көрсеткіш) құралымен белгілеп алу керек. Бұру сол аспаппен орындалады, ол үшін белгіленгін объектіні тышқанның сол жағымен басып қалу. Бүйір және бұрыш өзгерткіштері қара көрсеткішке айналады, яғни бұруа болады деген мағынаны білдіреді.

Ортаңғы өзгерткіш ортасында нүктесі бар шеңберге айналады. Ол бұру ортасын көрсетеді.. Тышқанның сол жақ кнопкасын басып тұрып курсорды сағат көрсеткішіне қарама-қарсы бұрыңыз..Пішін бұрылады, ал бұрыштың бұрылу бағытын айналу жолын көрсететін көрсеткіш арқылы немесе Angle of Rotation (Бұру бұрышы) панелінен көре аламыз. Бұрыштың бұрылуы сағат көрсеткішіне қарама-қарсы (0 –ден 360°-ға дейін).

CorelDRAW –да бұрыштың сандық белгісі екі әдіспен шешіледі. Мысалы, егер бұрышты сағат көрсеткінің бағытымен 15° -қа бұру керек болса, онда бұру үшін -15° немесе +345°-ті қолдануға болады. Сағат бағытымен бұру үшін теріс мөлшерлі сандарды алғандарыңыз жөн.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1) Берлянт A.M. Геоиконика. - М: изд. фирма «Астрея», 1996. - 208 с.

2) Берлянт A.M. Картография. - М.: Аспект Пресс, 2002. - 336 с.

3) ДеМерс М. Н. Географические информационные системы. Основы. Пер. с англ. - М.: Дата, 1999. - 490 с.

4) Кошкарев А.В., Тикунов B.C. Геоинформатика. - М.: Картгеоцентр-Геоиздат, 1993. -213 с.



5) Марков Н.Г. Базы данных: Учеб. пособие. - Томск: Изд. ТПУ, 2001. -108 с.

6) Цветков В.Я. Геоинформационные системы и технологии. - М.: Финансы и статистика, 1998. - 288 с.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет