4 СӨЖ “Қазақ тілінен функционалды сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі” пәні



бет2/5
Дата10.04.2023
өлшемі25.46 Kb.
#471992
1   2   3   4   5
Қүанышбаева Р. #4 сөж фс

Математикалық сауаттылық

  • математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну;

  • әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру;

  • дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту;

  • есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру;

  • математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану.

Оқушылардың математикалық сауаттылығының қалыптасуы «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейлерімен (танымдық салалармен) сипатталады:

  • білу (еске түсіру);

  • қолдану (байланыстарды орнату);

  • ойлау (пайымдау).

Математикалық құзыреттілік – нәтижелерді түсіндіру, талдау және түрлендіру, математикалық модель құрастыру, қатынастарды анықтау, шынайы өмірде пайда болған мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-дәл қолдану қабілеттілігі.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: «Алған білімдері мен біліктерін практикалық қызметтерінде және күнделікті өмірлерінде:

  • қажеттілігіне қарай анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеуіш құралдарды пайдаланып, формулалар бойынша тәжірибелік есептеулер жүргізу;

  • ең қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу;

  • нақты байланыстарды функцияның көмегімен суреттеу және зерттеу, оларды график түрінде беру; нақты үдерістердің графиктерін түсіндіру;

  • геометриялық, физикалық, экономикалық және т.б. мазмұнды қолданбалы есептерді шешу;

  • диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды, сандық мәліметтерді танып білу, талдау;

  • оқып игерілген формулалар мен фигуралардың қасиеттері негізінде қарапайым тәжірибелік жағдайларды зерттеу (моделдеу);

  • шынайы объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептеу».

Математикалық құзыреттіліктің деңгейлері (танымдық салалар):


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет