4-тақырып Металдарды қысыммен өндеу. МҚӨ негізгі түрлерін жіктеу. Прокаттау өндірісінің өнімі. Соғу, созу, штамптау



бет4/4
Дата06.01.2023
өлшемі166.37 Kb.
#468173
1   2   3   4
4 11111

Штамптау
Ы с т ы қ т а й к ө л е м д і к ш т а м п т а у д а қалыптасу қыздырылған дайындама металының ықтиярсыз түрде бөлінуімен іске асырылады. Металдың еркін ағысы штамптардың қуыстарының беттерімен шектелінеді.
Бұл процесс өндірісте кеңінен тараған, өйткені еркін соғумен салыстырғанда, ол штампталған шыңдалған болат темірлердің жоғарырақ механикалық қасиеттерімен және 3...4 рет төмен ауытқу шектерімен алуға мүмкіндік береді.
Ыстықтай штамптау үшін дайындама ретінде прокат өндірісінің бұйымдары - квадрат, дөңгелек, тік бұрышты профилдер, қимасы оқтын-оқтын қайталанатын профилдер болады. Бір қалыпқа келтірілген (фасонды) дайындамалар үшін арнайы дайындау операциялары (еркін соғу, алдын-ала штамптау) қолданылады.
Ыстықтай көлемдік штамптау үшін нақты шыңдалған темірлер жасауға пайдаланылатын қымбат бағалы штамптар шығарылады. Штамптар өте ауыр жағдайларда жұмыс жасайды: соққыға, жоғарғы температураның әсеріне және күшейтілген тозуға ұшырайды. Оларды жасау үшін арнайы болаттар қолданылады: 5ХНМ, 5ХНВ, ЗХ2В8Ф, 6ХВТ, 7Х3 ж.б.
Ыстықтай штамптаудың екі негізгі тәсілін ажыратады: ашық және жабық штамптарда (4.8-сурет).
Ашық штамптарда штамптаумен штамптың ажыратылатын жерінде (4.8, а-сурет) кенерігі болатын поковкалар алады. Негізгі металдың шығатын жолын жауып тұратын саңылауға h3 металдың бөлігі ағады, бұдан штамп қуысының толық толуы қамтамасыз етіледі. Әдістің кемшіліктері бар: металдың, қабыршаққа шығыны, қабыршақты кесу операциясын енгізу, қосымша энергетикалық шығындар.
Ж а б ы қ ш т а м п т а р д а ш т а м п т а у (4.8, б-сурет) деп, кенеріксіз штамптауды айтады. Алудың бұл тәсілі дайындама мен штамп қуысының көлемдері тепе-тең, болғанда пайдаланылады. Штамп бөліктерінің арасындағы саңылау кішкентай және тұрақты, сондықтан металл қабыршағы пайда болмайды. Жабық штампта қалыптау металл үнемдеуді және жан-жақты біркелкі емес сығудың есебінен аз созылмалы материалдарды өңдеуге қамтамасыз етеді.

а-ашық штамптағы; б-жабық штамптағы
4.8 - сурет - Штамптаудың сұлбалары
Ұсақ және орта сериялы өндіріс жағдайында шығарылатын бұйымдар номенклатурасы жоғары, бұл штамптаудың технологиялық процестерін және штамптардың конструкциясын жасауда тым көп еңбек сіңіру қажеттілігіне әкеп соғады. Осындай жұмысты ЭЕМ қолданумен автоматтандырылған жобалау жүйесін (АЖЖ) құру арқылы толық жүргізуге болуы мүмкін. Бұндай жағдайда математикалық үлгілер мен үйлесімді әдістерді қолдану арқылы ғылыми негізделген есептеулер жүргізіледі, жүзге тарта әртүрлі варианттар талданады.
Металды суық күйінде т а б а қ ш а ш т а м п т ау - жұқа қабырғаларымен күрделі пішінді бөлшектерді алудың көп тараған тәсілдерінің бірі. Бұйымдар сыртқы беттері жоғары сапалы өте аз айырыммен (шектік ауытқуы) алынады. Көп жағдайларда суықтай штампталған бұйымдар механикалық өңдеусіз машиналар құрастыруға қолданылады.
Суықтай табақша штамптауда берілген (алғашқы) материал болып, қалыңдығы миллиметрдің бірнеше жүз бөлігінен 5-6 мм дейін болатын түсті металдар мен қорытпаларынан, көміртекті және легірленген болаттан (мысалы, тотықпайтын) т.б. таспа, тиімді темірлер және табақтар түріндегі дайындамалар саналады. Қалыңдығы 5-6 мм көп дайындамалар әдетте ыстықтай күйінде штампталады.
Табақша материалды суықтай штамптауды бір немесе бірнеше бір ізді операциялармен (бөлуші және пішіндерін өзгерту операциялары) жүргізеді.
Б ө л у ш і о п е р а ц и я л а р ғ а кесу, кесіп алу, тесу т.б. жатады, бұлар металл бөлігін дайындамадан бөліп алады.
П і ш і н і н ө з г е р т е т і н о п е р а ц и я л а р ғ а ию, созу, қысу, қалыптау және т.б. жатады. Бұлардың жәрдемімен қажетті пішіндегі күрделілігі әр түрлі дайындамалар жасалады.
Шыңдалған темірлерді (поковкаларды) резеңкенің, сұйықтың, газдардың, сусымалы денелердің және қопа-рылғыш заттардың (импульстік штамптау) жәрдемімен алу үшін арнайы штамптар тобы құралады.
Ыстықтай табақша штамптауды ірі поковкаларды, қазандарды, цистерналарды, кемелер тұрқын және басқаларды жасау үшін қолданады. Ыстықтай штамптау үшін бастапқы материалға біркелкі дайындамаларға (әдетте газбен кесумен) кесілген қалыңдығы 5-6 мм көп табақ пайдаланылады. Дайындамаларды қыздырғыш пештерде қыздырады. Бөлшектерді гидравликалық сығу және фрикциялық бұрандалы престерде, кейде кривошипті штамптау престерінде штамптайды.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Дальский А.М. Технология конструкционных материалов М.: Машиностроение, 2002;
2. Дриц М.Е., Москаев М.А. Технология конструкционных материалов и материаловедение. М.: Высшая школа, 2000;
3. Прейс Г.А. и др. Технология конструкционных материалов. Киев: Высшая школа, 2001;
4. Фетисов Г.П., Карпман В.М., Матюнин В.С. и др. Материаловедение и технология металлов. – М.: Высшая школа, 2001;
5. Смолькин А.А., Исагулов А.З., Егоров В.В. Технология металлов и металловедение с тестовыми заданиями. Алматы: Ғылым, 2000;
6.Исин Д.К., Исағулов А.З.,Смолькин А.А., , Егоров В.В. Металдар технологиясы және металтанудың тест тапсырмалары бар қысқаша курсы. Алматы: Ғылым, 2000.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет