Прокаттау. Престеу. Созу Прокат және оны өндіру Прокаттың сортаменті. Прокатты төрт негізгі топтарға бөлуге болады: 1) сортты болат; 2) табақша болат; 3) прокаттың арнайы түрлері; 4) құбырлар.
С о р т т ы б о л а т (4.3-сурет) өз кезегінде жаппай тұтынатын профиль мен арнайы тағайындалған профильдерге бөлінетін болады. Бірінші топтағы профильдерге дөңгелек, квадрат, тілме және бұрыш болат, таспа, сым, швеллерлер, қоставрлы балкалар (онын ішінде жеңілдетілген типі мен кең сөрелер) және балкалар. Екінші топқа-рельстер. Құрылыста, машина жасауда және халық шаруашылығының басқадай салаларында қолданылатын ерекше пішінді профильдер.
Т а б а қ ш а б о л а т, тіптен түрлі-түрлі қолдану табатын, табақшаның қалыңдығына байланысты екі негізгі топқа бөлінеді: қалың табақшалы - табақшаның қалыңдығы 4 мм жоғары, жұқа табақшалы - табақша қалыңдығы 4 мм төмен.
П р о к а т т ы ң а р н а й ы т ү р л е р і н е жататындар: табан темірлер (бандажи), тұтас жанасқан дөңгелектер және периодты профильдер (таспаның, ұзындығы бойынша айнымалы көлденең қимасы). Ондай прокаттың, айнымалы профильдері, мысалы арматуралық болат, құрылыс индустриясында темір бетондық конструкциялар жасау үшін пайдаланылады.
Б о л а т қ ұ б ы р л а р жіксіз және пісірілген болып бөлінеді. Болат құбырлардың үлесі прокаттың жалпы шығысында жыл сайын көбейеді. Кейінгі кездерде әсіресе пісірілген құбырлар өндірісі жылдам өсіп келеді.
Прокат өндірісінің негізгі технологиялық операциялары мыналар: алғашқы материалды дайындау, қыздыру, прокаттау және өңдеу.
1-квадратты; 2-дөңгелекті; 3-таспалы тілінген;4-алтықырлы; 5-бұрышты; 6-таврлы; 7-балкалы; 8-швеллерлі; 9-рельсты;
10-шпунтты; 11-зет тәрізді; 12-автообод сақинасы; 13-автообод
4.3 - сурет - Сортты болаттың профильдері
Прокаттау тәсілдері Табақ станоктарында қалың табақшалы (мостық, резервуарлық, кеме құрылыстық, брондық, қазандық және оттықтық) және жұқа табақшалы болатты (конструкциялық, қаңылтыр темір, ақ және қара қаңылтыр, электротехникалық, трансформаторлық және динамика болаттар) прокаттайды.
Жұқа табақ болат ыстықтай және суықтай прокаттау арқылы алады.
Ы с т ы қ т а й п р о к а т т а у д ы үздіксіз және жартылай үздіксіз стандарда жүзеге асырады. Осы стандарда слябтардан ені 600-2200 мм және көбірек, қалыңдығы 1,25-4 мм болатын табақ темірлер жазылады. Ыстықтай жазылған табақ болатты ақырғы өңдеу үшін үздіксіз стандардтық қалыптандыру пеші, өңдеу құрылғысы, кептіру машинасы, дрессирлеу (түзету) станы, түзеткіш машиналары және қайшылары болады. Дайын прокат табақтар немесе рулон түрінде шығарылады.
Жұқа табақтарды с у ы қ т а й п р о к а т т а у табақтар және рулондар түрінде жүргізіледі. Табақ түріндегі тәсіл тек ескі металлургиялық заводтарда сақталған. Рулонды тәсіл қазіргі уақытта кең қолданыс тапты.
Қаңылтыр пайдаланылуына байланысты және коррозиядан сақтандыру үшін қалайылауға, лактауға ж.т.с. ұшыратылады. Прокат цехтарында қаңылтырды қалайылау екі тәсілмен жүргізіледі: ерітіндімен қалайылау батырумен (ыстық қалайылау) және электролиздік жолмен. Электролиздік қалайылау металдық қалайының аз шығынымен біркелкі қапталуын қамтамасыз етеді.
Қаңылтыр мен табақ темірлерді пластмассамен байқатпайтын-сәндік қалыптау өте перспективалы. Болат таспаға пластмассалық қаптауды қондырудың технологиясы қондырылатын материалмен жақсырақ тұтасуы үшін металды дайындаудан (әдетте электролиздік өңдеу арқылы); болаттың пластмасса мен жабысу беріктігін жақсарту үшін адгезиялық қабат (әдетте кәдімгі желімдерден) деп аталатын аралық қондырудан; пластмассалық қаптаудан (әдетте полихлорвинилді пайдаланады) тұрады. Болат таспа немесе пластмассалық қалыпталған қаңылтыр төменгі (-500С дейін) және жоғарғы (800С дейін) температураларда жоғары тұрақтылығымен, жақсы ылғалға шыдамдылығымен және тесік ойғанда, майыстырғанда жиектерін қайырғанда және басқадай операцияларда қабыршаққа қатпарланбайтындығымен қабілетті.
Престеу Металды матрица қуысында тұрған шығатын тесік (көз) арқылы сығымдау процесін престеу (4.4-сурет) деп атайды. Престеу әсіресе түсті металдарды өңдеу үшін, ал сирек түрде болат үшін қолданылады.
а-тура; б-кері: 1-матрица; 2-бұйым; 3-пуансон
4.4 - сурет - Престеу
Металды престеудің екі тәсілі болады: тура және кері.
Престеудің т у р а т ә с і л і матрицаның тесігі арқылы бұйымды пуансон қозғалысы бағытымен сығымдауды қамтамасыз етеді.
Престеудің к е р і т ә с і л і металды матрицаның тесігі арқылы пуансонның қозғалысына қарама-қарсы сығымдауға келтіреді.
Престеумен көміртекті және легірленген болаттар; мыстың, алюминийдің, магнийдің, мырыштың, никельдің және титанның қорытпалары өңделеді. Алғашқы материалдар есебінде құйылған немесе прокатталған дайындамалар болады.
Созу Созумен бетінің берілген сапасымен дәл бұйымдар алуға болады. Созғанда дайындаманы тесігі біртіндеп тарылатын құрал - волока арқылы созады. Бұл үшін волоканың 1 тесігі арқылы шығарылған, үшкірленген ұшына 2 (4.5-сурет) созатын күш F тіркеледі. Шыбық темір деформацияға - созуға және тартып керуге ұшырайды, соның нәтижесінде сол волоканың тесігінің пішіні мен өлшемдерін қабылдайды; сонымен шыбықтың соңғы қимасы S1 бастапқыдан S0 кем.
а) шыбық темір; б) құбыр
4.5 - сурет - Созу сұлбасы
Созу майлауды қолданумен қалыпты температурада өткізіледі. Деформациялағанда жылу бөлінуі мүмкін, сондықтан тартылатын шыбықты суыту қарастырылады. Дегенмен металл созу процесінде бекемделеді, оны жасытумен жояды.
Құбырлар өндірісінде созудың екі тәсілі пайдаланылады: оправкасыз және оправкамен (4.5, б-сурет).
Созумен көміртекті және легірленген болаттар, түсті металдар мен олардың қорытпалары өңделеді. Дайындамалар түрінде прокатталған сымдар, сол сияқты профильдер және құбырлар пайдаланылады.
Шыбық темірлер 3-тен 150 мм дейінгі диаметрмен, оның ішінде сортты калибрленген болат: дөңгелек, сондай-ақ квадрат және алтықырлы, жақтарының өлшемдері 3-тен 100 мм дейін істеп шығарылады. Сортты калибрленген болаттың созудан кейінгі дәлдігі 8...13 квалитетке жеткізіледі. Құбырлар капиллярдан 200 мм дейінгі диаметрімен, қабырғасының қалыңдығы 1,5-нан 12 мм дейін істеп жасалынады. Созумен сымдар (дөңгелек, квадрат, тік бұрышты, ұш жақты, сопақ, сегмент тәріздес ж.с.с.) істелінеді. Сымдар сортаментінің диаметрі 0,006-ден 16 мм-ге дейін, диаметрдегі дәлдігі 5...12 квалитетіне сәйкес болады.