4 тапсырма ас қорыту мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы. Зат жəне энергия алмасу. Тамақтану гигиенасы Тағам гигиенасы


Балалардағы жуан ішектің ерекшеліктері



бет2/6
Дата27.01.2024
өлшемі41.9 Kb.
#490025
1   2   3   4   5   6
анатомия 4 Үкілі

Балалардағы жуан ішектің ерекшеліктері
Жуан ішек туылғаннан кейін жетілетін түрлі бөлімдерден тұрады. 4 жасқа дейінгі балаларда жуан ішектің жоғарылаған бөлімі төмендеген бөліміне қарағанда ұзынырақ болады. Сигма тәрізді ішек аталған бөлімдерден де ұзынырақ болады. Біртіндеп аталмыш қасиеттер жоғала бастайды. Соқыр ішек пен аппендикс қозғалмалы, аппендикс атипиялық түрде жиірек орналасады.
Туылғанына 1-2ай болған сәбиде тік ішек ұзынырақ. Жаңа туылған нәрестеде тік ішектің ампуласы және айналмалы орналасқан май жасушалары нашар жетілген.
5 жасқа дейінгі балаларда шарбы қысқарақ.
Жуан ішекте сөл аз бөлінеді, бірақ механикалық тітіркену кезеңінде тез арада көбейе бастайды. Сонымен қатар, жуан ішекте судың сіңірілуі мен нәжістің түзілуі жүреді.
Бала ішегінің микрофлоралық ерекшеліктері
Ұрықтық даму барысында асқазан ішек жолы стерильді. Балалар қоршаған ортамен қатынасы арқылы асқазан ішек жолында микрофлораның дамуына қалыптасуына әсер етеді. Асқазан мен 12 елі микрофлорасы жуан және жіңішке ішектің микрофлорасына қарағанда азырақ, бұл тамақтануға тікелей байланысты болып келеді. Микрофлораның негізін B. Bifidum құрайды, ол ана сүті құрамындағы лактозаны белсендіреді. Жасанды тамақтану кезінде ішекте шартты – патогенді грамм – теріс ішек таяқшасы басым болады. Қалыпты жағдайда ішек микрофлорасы екі маңызды қызмет атқарады. Оларға:

  1. Иммунологиялық барьер құру;

  2. Витамин мен фермент синтездеу жатады.

Ерте жастағы балалардың асқорыту үрдісінің ерекшеліктері
Өмірінің алғашқы айлары кезінде сәбидің қабылдайтын қоректік заттары маңызды орынға ие, ол ана сүті арқылы түсіп, сол ана сүті құрамындағы заттар арқылы қорытылады. Қосымша қорек арқылы ферменттік жүйе механизмі ынталандырады. Түскен тағамды қорытудың балаларда өзіндік ерекшеліктері бар. Казеин жіңішке ішекте аминқышқылдарына дейін ыдырап, белсенді түрде сіңіріле бастайды.
Майдың сіңірілуі тамақтандыру түріне байланысты. Сиыр сүті құрамында ұзын тізбекті май қышқылы болады, ол май қышқылы әсерінен панкреатикалық липазаға дейін ыдырайды. Майдың сіңірілуі жіңішке ішектің соңғы және ортаңғы бөлімдерінде жүреді. Сүттегі қанттың ыдырауы ішек эпителийінде жүреді. Ана сүті мен сиыр сүті құрамында лактоза болады. Осыған байланысты жасанды тамақтандыру барысында көмірсудың құрамы өзгереді. Жіңішке ішекте дәрумендер де сіңіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет