Дағды
Детальді тыңдау
Ойлау әрекеті
Жіктеу
Оқыту әдісі
Шығармашылықты ынталандыру – қателерді қабылдауды үйрету
Қарым
-қатынас түрі
Сыныпқа сай жұмыс түрлері
Дайындық
Тақтаға 5-кестедегі ақпараттық баяндама тақырыпшалары мен
сұрақтарын жазыңыз. Мысалы, ТАМАҚ: Коалалар не жейді?
Жүргізілу барысы:
1. Оқушыларға ақпараттық баяндама тақырыпшаларын түсіндіріңіз. Тақтаға жазып
қойыңыз.
2. 5-кестеден кез-келген сөйлемді таңдаңыз. Сөйлемді сыныпқа дауыстап оқыңыз.
3. Оқушылар сөйлемді тыңдай отырып, тақырыпшалардың қайсысына сай келетінін
анықтаулары керек. Мысалы, «Балалары жазда немесе көктемде дүниеге келеді»-
деп оқысаңыз, оқушылар бұл сөйлемді «Көбею»тақырыпшасымен байланыстыру
керек. Бұл детальді тыңдау дағдысымен байланысты тапсырма.
5
-кесте Ақпарат беру бағытындағы баяндама үлгісі
Ақпараттық баяндама: коала
АНЫҚТАМА: Коала деген не?
Коала – Аустралияның жергілікті жануары. Ол қалталы жануарлар қатарына жатады.
КЕЛБЕТІ: Коала неге ұқсайды?
Коала – кішкентай және сұр түсті жануар. Олардың тырнақтары мен өткір алдыңғы тістері бар.
ҚАСИЕТІ: Коала күндіз/түнде не істейді?
Ол күндіз ұйықтайды. Олар бес сағат бойы тамақтанады.
КӨБЕЮІ: Коаланың қалтасы бар ма? Коала қашан дүниеге келеді?
Ана коалаларда қалта бар. Балалары жазда немесе көктемде дүниеге келеді.
МЕКЕНІ: Коала қайда мекендейді?
Коала Аустралияның шығыс бөлігінде мекендейді. Ол эвкалипт ормандарында тіршілік етеді.
ТАМАҚ: Коала не жейді?
Коала эвкалипт жапырақтарымен қоректенеді. Балалары тек сүт ішеді.
ҚОРҒАНЫС: Коала өзін қалай қорғайды? Коаланың жаулары бар ма?
Коала өзін дұшпандардан қорғау үшін тырнақтарын қолданады. Коаланың жаулары көліктер,
иттер мен мысықтар.
Қосымша
• Оқушылар кестеде ұсынылған тақырыпшаларға негізделе отырып, бір жануар
туралы ақпараттық мәтін дайындайды. Мәтін ауыспалы осы шақта жазылуы керек.
Оқушыларға ауыспалы осы шақ туралы түсіндіріп кетуге болады.
|