40
6.4 Тазалықты сақтау
Тілдік деңгейі
*
Тілдік мақсат
Тазалық тақырыбындағы сөздер
Дағды
Нұсқаулардың ретін тыңдау
Ойлау әрекеті
Еске сақтау
Оқыту әдісі
Тиянақтылықты ынталандыру – қателерді түзету
Қарым-қатынас түрі
Үлкен сыныптарға сай барлық сынып жұмысы
Жүргізілу барысы
1. Оқушыларды орындарынан тұрғызасыз. 28-кестедегі бір нұсқауды оқып, оны
оқушылардың қимылмен көрсетулерін сұраңыз, мысалы:
Бетіңді жу.
2. Келесі жолы екі нұсқауды бірінен соң бірі оқыңыз.
Оқушылар екі нұсқауды
тыңдайды да, қимылмен көрсетеді, мысалы:
Шашыңды тара және тісіңді тазала.
3. Әрдайым нұсқауларды тізімге бір-бірден қосып отырыңыз. Оқушылар біртіндеп
өскен тізімді толықтай тыңдайды. Сіз оқуды тоқтатқан соң, өздіктерінен барлық
қимылды рет-ретімен көрсетеді. Оқушы тізімді есіне сақтай алмаса отырады.
Нұсқауды толық есіне сақтап қимылдарды ретімен орындаған бала жеңімпаз
атанады.
28-
кесте. Тазалықты сақтау
6.4 Аяқ іздері
Тілдік деңгейі
*
Тілдік мақсат
Аяқ сөзімен тіркесетін етістіктер
Дағды
Сөздік жұмысы
Ойлау әрекеті
Таңдау және зерттеу
Оқыту әдісі
Шығармашылықты ынталандыру – қателерді қабылдау
Қарым-қатынас түрі
Шағын топтық жұмыс
Дайындық
Топтарға ақ парақтар, маркерлер, сөздіктер қажет болады.
Жүргізілу барысы
1. Оқушыларды бірнеше топқа бөліңіз. Әр топқа маркерлер, ақ
парақтар таратылады.
2. Әр топ қағаз бетіне аяқ ізінің суретін салады. Топ оқушылар аяқ
ізін иллюстрация ретінде қолдана отырып, айналасына
сөздер
жазады.
3. Екі топ аяққа қатысты етістіктерді жазса, екі топ аяққа киетін
заттардың атауларын жазады. Қажетіне
қарай сөздіктерді де
қолдана алады. 29-кесте үлгі ретінде ұсынылған.
4. Әр топ жасаған жұмыстарын бір-біріне таныстырады, толықтырады.
Бетіңді жу
Ыдысыңды жу
Шашыңды тара
Киімдеріңді жу
Тісіңді тазала
Киімдеріңді үтікте
Аяқ киіміңді тазала
Шұлықтарыңды жу
Шашыңды жу
Қолыңды жу
41
29-
кесте.
Біздің аяғымыз не істей алады?
Біз аяғымызға не киеміз?
Жүгіру
Туфли
Тұру
Шұлық
Ырғу
Бәтеңке
Секіру
Коньки
Тебу
Шаңғы
Серуендеу
Футбол аяқ киімі
Өрмелеу
Роликті коньки
Сырғанау
Теннис аяқ киімі
Коньки тебу
Жүгіру аяқ киімі
Шаңғы тебу
Жүзу аяқ киімі
Қосымша
• Дәл осындай жаттығуды қол іздерін қолданып жасауға болады.
6.5 Дәрігер! Дәрігер!
Тілдік деңгейі
*
Тілдік мақсат
Сырқаттар, емдік заттар
Дағды
Айтылым: еркіндік, ырғақ
Ойлау әрекеті
Сәйкестендіру
Оқыту әдісі
Шығармашылыққа ынталандыру – қателерді қабылдау
Қарым-қатынас түрі
Үлкен сыныптарға сай барлық сынып жұмысы
Дайындық
Емдік заттарды тақтаға жазып қоюға болады.
Жүргізілу барысы
1. Бұл тапсырманы өлең түріндегі диалог етіп өткізуге
болады. Ол үшін арнайы әуен таңдалады.
Тапсырманы
орындамас бұрын әуеннің сүйемелдеуімен «Менің басым
ауырып тұр» дейсіз. Оқушылар «төсекке жатыңыз» деп
айтуы мүмкін.
2. Осы мысалды көрсеткеннен кейін сыныпты екі топқа
бөлесіз: дәрігерлер және пациенттер.
3. Пациенттер
тобы әндетіп сұрақ қояды, дәрігерлер тобы
әндетіп жауап береді. Оқушылар 30-кестедегі сөздерді
қолдана алады.
4. Кейін топтардың рөлін ауыстырасыз.
30-
кесте. Дәрігер мен пациент
Диалог
Емдік шаралар
Дәрігер: Қалыңыз қалай?
Пациент: Менің ... ауырып тұр.
Дәрігер: Бұған осы ...... көмектеседі!
Пациент: Рахмет дәрігер.
Пластырь, бандаж, аспирин, көз тамшылары,
жөтел дәрілері,
құлақ тамшылары, мұрын
тамшылары, төсекке жат, тұзды суға түс,
ыстық шай іш, сорпа іш.
Қосымша
• Оқушылар сырқаттарды емдеуге байланысты өз ұсыныстарын қоса алады.