46
35-
кесте.
Дене
мүшелері
Етістіктер
Сөйлем бөліктері
Жағымды жағдай
Жағымсыз жағдай
Көз
Көру,
тамашалау,
байқау
Бірде мен ... көрдім.
Ол ... болатын.
гүл/әдемі
кино/ басты
кейіпкер көріксіз
Мұрын
Құлақ
Тіл
Қол
Иіскеу, иісін
сезу
Есту,тыңдау
Дәмін сезу,
дәмін тату
Сипау, ұстау
Кеше мен ... иіскеп көрдім.
Ол ... екен.
Таңертең мен ... тыңдадым
Ол ... екен.
Қонақта мен ... дәмін
таттым.
Ол ... болатын
Бірде мен ... сипап көрдім
Оның ... екен.
алманы/дәмді
ән/көңіл көтереді
балмұздақ/тәтті
мысық/жұмсақ
ботқаны/бұзылған
клип/мағынасыз
лимон/қышқыл
тасбақа/
сауыты
қатты
Қосымша
• Кестені үлгі ретінде қолдануға болады, қабілеті төмен оқушылар осы кестені
қолданып жаза алады. Қабілеті жоғары
оқушылар өз мысалдарын қосып, толық
сөйлем құрастырып жазады. Ең бастысы сезім мүшелеріне байланысты сезу, қимыл
етістіктерін орынды қолдану.
7.4 Оқыс оқиға
Тілдік деңгейі
*
Тілдік мақсат
Жедел жәрдем тақырыбына байланысты сөздер
Дағды
Жазылым және айтылым
Ойлау әрекеті
Оқиғаны рет-ретімен баяндау
Оқыту әдісі
Тиянақтылықты ынталандыру – қателерді түзету
Қарым-қатынас түрі
Үлкен сыныптарға сай жұптық жұмыс
Дайындық
Мезгіл үстеулерін тақтаға жазып қою керек. Мысалы, алдымен,
сосын, содан соң, ... кейін, соңында, т.б.
Жүргізілу барысы
1. Оқушыларға 36-кестедегі бірінші баған беріледі. Оқушылар бағандағы сөздерді оқи
отырып, оқиға ретін құрастыру қажет. Оқыс оқиғаны құрастыру барысында мезгіл
үстеудің мысалдарын орынды қолдану қажет. Мысалы:
Алдымен не болды? Сосын
не болды? Одан соң не болды?
2. Тапсырманы жұпта немесе топта ұйымдастыруға болады.
3. Бұл тапсырманы орындауға белгілі бір уақыт белгілеңіз.
Оқушылар оқиғаны
құрастырғаннан кейін сынып алдында таныстырады.
36-
кесте
Аралас сөздер
Оқиға реті
Дәріханашы, сынған аяқ, дәрігер, жедел
жәрдем, оқыс оқиға, дәрі-дәрімек, тұманды ауа
райы, аурухана.
Тұманды ауа-райы → оқыс оқиға → сынған
аяқ → жедел жәрдем → аурухана → дәрігер
→дәріханашы → дәрі-дәрімек.
Қосымша
• Оқушыларға осы оқиға негізінде әңгіме құрастыруға болады. Ең бастысы мезгіл
үстеуді дұрыс қолдана отырып, оқиға ретін жүйелі баяндап шығу керек.
47
• Оқушылар осы тапсырма негізінде спорт немесе өрт
туралы оқыс оқиғаға байланысты аралас сөздер кестесін
дайындап, сыныптастарына бере алады.
• Сонымен қатар фактілі оқиға баяндалған мәтін үлгілерін
де беруге болады. Бұл тапсырмаларды
орындамас бұрын
оқушыларға жедел жәрдем, оқыс оқиға тақырыбындағы
сөздерді беру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: