49
8.Тағамдар
8.1 Тамақтану диаграммасын сипаттау
Тілдік деңгейі
*
Тілдік мақсат
Салыстырмалы және күшейтпелі шырай, диаграмманы сипаттау.
Дағды
Жазылым
Ойлау әрекеті
Талдау
Оқыту әдісі
Шығармашылыққа ынталандыру – қателерді қабылдау
Қарым-қатынас түрі
Үлкен сыныптарға сай жұптық жұмыс
Дайындық
39-кестедегі диаграмма мен сөйлем үлгілерін тақтаға жазып қою
қажет.
Жүргізілу барысы
1. Оқушыларға 39-кестедегі диаграмма беріледі.
Оқушылар Арман, Анар және
Дәуреннің бір күнгі тамақтану ерекшелігін анықтайды.
2. Оқушылар жұпта диаграммадағы ақпаратты зерттейді, салыстырады.
Сыныптастарымен ауызша ой бөліседі. Тақтада көрсетілген сөйлем үлгілерін
қолдана алады.
3. Оқушыларға түсінікті болу үшін мұғалім олармен бірлесе отырып, ауызша сөйлем
құрастырып көреді. Мысалы,
бұл диаграммада үш оқушының бір күннің ішінде
тамақтың қай түрлерін қолданатыны көрсетілген. Арман Анарға қарағанда
жемістер, көкөністермен көбірек тамақтанады.
4.
Талқылап болған соң, оқушылар жұпта диаграммадағы ақпарат бойынша мәтін
құрастырады.
5. Оқушылар бірінші абзацта диаграмма туралы жалпы мәлімет жазады. Екінші және
үшінші абзацтарда ұсынылған мәліметтерді салыстырып, талдап жазады.
39-
кесте. Бір күнгі тамақтану диаграммасы
Үлгі сөйлемдер:
Анар мен Арман етті тағамдарды өзге тамақ түрлеріне қарағанда аз қолданады. Ал
Дәурен өз құрбыларымен салыстырғанда етті тағамдарды көбірек жейтін болып шықты.
Қосымша
• Төменгі сынып оқушылары үшін диаграмманы салыстырмалы
шырайды қолдана
отырып, қарапайым түрде сипаттаса да жеткілікті.
• Ал жоғары сынып оқушылар сандық мәліметті қолдана отырып, сипаттауы қажет.
50
8.2 Тамақтану пирамидасы
Тілдік деңгейі
*
Тілдік мақсат
Диаграмма құрастыру, тамақ түрлерінің атаулары
Дағды
Детальді тыңдалым, дұрыс жазу
Ойлау
әрекеті
Ақпаратты сұрыптау
Оқыту әдісі
Тиянақтылыққа ынталандыру – қателерді түзету
Қарым-қатынас түрі
Үлкен сыныптарға сай жұптық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: