10-сынып қазақ тілі пәні БЖБ (жаратылыстану-математикалық бағыт)
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма»
Білім алушы ____________________________________________
Оқу мақсаты:
10.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу;
сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.
Бағалау критерийі: мәтіндік мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
тыныс белгілерін қойылуын ережеге сай түсіндіреді.
Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану
Орындау уақыты: 15-20 минут
Мәтінді тыңдаңыз. Ежелгі сәулет – өнері
Ерте дәуірдің архитектурасы. Қазіргі Қазақстан терриоториясындағы құрылыс ісінің мыңдаған жылдық тарихы бар. Бұл өнер Қазақстанның таулары мен жазықтықтарын ертедегі адам бірте -бірте игеріп, бұлар алғашқы қоғамның өндіргіш күштерін дамыту үшін негіз болған заманда болатын.Бұл адам жетілуінің ұзақ жолын басынан өткерген ,адамзат мәдениетінің іргесі жасалып, құрылыс техникасының негізі қаланған бір ұзақ дәуір еді. Ертедегі материалдық өндірістің бізге келіп жеткен ескерткіштерінің көрсетуі бойынша, алғашқы адам ұзақ уақыт бойы орныға алмай, өзіне азды-көпті қолайлы тұрақ таба алмаған, өйткені ол тіршілік ету қиыншылығымен, табиғатпен күресу қиыншылығымен жаншылып келген еді. Өзінің еңбек ету дәрежесінің алғашқы шағында адам жауын-шашыннан, жыртқыштардың шабуылынан қорғану үшін тек табиғи паналарды ғана пайдаланды. Археологиялық зерттеу соңында Қазақстан мен Оңтүстік Орал жерінде бұрын адам тұрақ етіп ізін қалдырған бірнеше үңгірлер ашылды. Бұлардың ең белгілері: Қазғұрт, Қаратау, Баянауыл, Қархаралы, Ұлытау үңгірлері. Ұлытау ауданындағы үңгірлердің біреуі Айдахарлы деп аталады. Өйткені бұл үңгірлердің көпшілігі адам паналауға қолайлы әрі кең, оған едәуір адам сиятын болған қархаралы қаласына таяу тұрған осы үңгірлердің бірінің түрі тұрғын үйге жақын болғандықтан, «шатыр» деген ат тағылған.
Тарихқа зер салсақ, қазақ даласында құрылыс ерте дәуірлерде басталған. Жетісу мен Шу бойы, Сыр жағалауы, Арыс пен Талас өзендерінің бойы, Ұлы Жібек жолының өн бойында өркениет пен ежелгі қала мәдениеті дамып, бірегей сәулет өнерінің туындылары бой көтерді. Қожа Ахмет Яссауи, Айша бибі, Қарахан кесене-күмбездері, Сыр бойында жатқан қалалар соның дәлелі.
https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=3&id=372
Достарыңызбен бөлісу: |