«№43 «Батыр» бөбекжайы» мкқк тәрбиеші: Нуртаева Б. С



Дата04.07.2016
өлшемі6.63 Mb.
#176120
«№43 «Батыр» бөбекжайы» МКҚК




Тәрбиеші: Нуртаева Б. С

Ақтау 2015ж

СӘЛЕМ ҚАРЛЫ ҚЫС !

Жүргізуші: Сіздер үшін әр күніміз, жырымыз,

Ағылсын тек тәтті әуен мен әніміз.

Ақ пейілді жақсы адамдар, қонақтар,

Сәлем достар армысыздар бәріңіз!

Құрметті ата-аналар және балалар, келе жатқан маймыл жылы бәріңізге бақыт, шаттық, береке, бірлік,, несібе әкелсін. «Сәлем қарлы қыс» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Балалар залға тізбектеле кіріп шыршаны айнала тұрады. Шыршаны тамашалайды.

КӘУСАР: Жасыл шырша төрдегі

Дейді бәрің көр мені

Неткен әсем құлпырып

Ойыншықтар тұр тұнып



АЙДАРХАН: Ақтарып ақ қарды, жол аппақ түске енді.

Ақ күміс бақтарды, шыңдарды, құздарды

Шаңғымен сызайық, елемей ызғарды

Жаңа жыл бәйгесін келейік біз алып

ШЕХНАЗ: Ақ мақтадай қары бар, аязы бар , әні бар

Дүниені жаңартқан, жылдың басы қаңтар

Құрбы менен құрдасқа, жыл да басқа жыр басқа

Әрбір бөбек өседі, қаңтарда бір жасқа

ӘН «Шырша әні» (шыршаны жағу)

МАДИНА: С новым годом поздравляем, счастье, радости желаем!

Пусть мечты сбываются, праздник начинается!

МАҒЖАН: Все скорей сюда бегите, собирайтесь в хоровод

Если видеть вы хотите, славный праздник новый год!

РАМАЗАН: Возьмемся все мы за руки, и встанем в хоровод,

Вокруг зеленой елочки, мы встретим Новый год.



ХОРОВОД:


Балалар орындарына отырады. Бұзақылармен Атаман кіреді.

АТАМАН: Бүгін балалар мерекеге , шыршаның жанына жиналып жатыр дегенді естіп, менің де барғым келді. Қараңдар, балалар жиналып Аяз ата мен Ақшақарды күтіп тұр.

ҚАРАҚШЫ: Ия, мереке жақсы ғой, бірақ бізді кіргізбейді ғой.

АТАМАН: Ал мен сыйлық алғанды жақсы көрем

ҚАРАҚШЫ: Мен де.... Енді не істейміз?

АТАМАН: Мен таптым, егер бізді шақырмаса біз шақырусыз барып,мерекені жасатпаймыз

ҚАРАҚШЫ: Ха-ха-ха, біз қарақшылармыз ғой

АТАМАН:Аяз атаны алдаймыз, мен Ақшақар болып киінемін де сыйлықтың бәрін алып кетемін. Ал сыйлықсыз жаңа жыл мерекесі өтпейді.

ҚАРАҚШЫ: Ой сен қандай ақылдысың, мен сенсіз не істер едім?

АТАМАН: Менсіз сен орманда шыршаның түбінде қатып қалар едің. Ал жүр, көңіл көтерейік.

Қарақшылар кетеді, Аққала мен кішкентай Фея кіреді.

ПЕРІШТЕ: Сәлеметсіңдерме! Мен кішкентай Періштемін

Әдетте желтоқсан айында,

Қар жиналған аулада

Біз Аққала жасадық (көрсетеді)

АҚҚАЛА: Ох, қар деген өте көп, Аяз Атаға кедергі жасамаса болғаны...

ПЕРІШТЕ: Уайымдама Аққала, мен жол көрсетемін, оның шанасы кез келген жерден өте алады.

(Періште кетеді)

БИ:

АҚҚАЛА: Аяз ата келгенше біз көңіл көтерейік. Ойын ойнағыларың келеме, балалар?



ҚЫСҚЫ ЭСТАФЕТАЛЫҚ ОЙЫНДАР.

АҚҚАЛА: Ой жарайсыңдар, балалар, сендермен жүрген өте көңілді екен. Енді тек Аяз ата мен Ақшақардың келуін күтсек, жаңа жылға да аяқ басамыз.

Залға музыкамен Ақшақар киімін киген Атаман мен Қарақшы келеді.

ҚАРАҚЩЫ: Сәлем, Ақшақарды күтіп отырсыңдарма?

АҚҚАЛА: Ия, сәлем Қаршақыз, саған не болған, өзіңе ұқсамай тұрсың?

АТАМАН: Сен неге маған тиісіп тұрсың? Мен нағыз Қаршақыздың өзімін.



АҚҚАЛА: Бүгін көңіл күйің жоқ екен, ал Аяз ата қайда?

АТАМАН: Білмеймін. Мүмкін адасып кеткен болар

АҚҚАЛА: Аяз атасыз қалай тойлаймыз, мен жаңа жылдың Аяз атамен және оның сыйлықтар әкелгенін қалаймын.

ҚАРАҚШЫ: Келеді ғой аталарың, енді бізді көңілдендіріңдер, жаңа жыл да жақындап қалды

ЖҮРГІЗУШІ: Әрине қымбатты қонақтар, жайғасып отырып ән тыңдаңыздар.

ӘН ағылшын тілінде.

АТАМАН: Керемет, маған қатты ұнады, енді тағы айтыңдар

АҚҚАЛА: Жоқ Қаршақыз енді балаларды ойнату сенің кезегің

АТАМАН: Балалар орындарыңнан тұрып, қолдарыңды жоғары көтеріңдер. Саусақтарыңды айқастырып, көздеріңмен таңырқап қараңдар (қарақшы көрсетіп тұрады

АҚҚАЛА: Ой, бұлар кімдер?

АТАМАН: Ха-ха, бұлар шыршаны алғаш көріп тұрған киіктер. Ал енді барлығың отырып, құлақтарыңнан ұстап тартыңдар

АҚҚАЛА: Ал бұл кім?

АТАМАН: Хи-хи, ал бұл Аяз атаны күтіп отырған маймыл

АҚҚАЛА: Қандай қызық......

АТАМАН: Ал енді бір орында тұрып жүгіру

ЖҮРГІЗУШІ: Тұра тұршы Қаршақыз, сен бізді әбден шатастырдың. Балалар отырыңдар, Қаршақыз сен мүлдем басқашасың, ойындарың да өзгеше, біз сені танымай тұрмыз солай емеспе, балалар!

АТАМАН: Мазаларың қашпасын, менде бәрі жақсы, тек моншада көбірек отырып қалыппын

АҚҚАЛА: Мәссаған мен бірінші рет естіп тұрмын Қаршақыздың моншаға барғанын. Ал Аяз ата қайда сонда, бұл жерде бір шикілік бар сияқты, мен Аяз атаны іздеп келейін.

(Аққала кетеді, ішке музыкамен Қаршақыз кіреді

АҚШАҚАР: Сәлеметсіңдерме, міне мен де келдім. Жаңа жыл құтты болсын, сендерге бақыт, қуаныш әкелсін!

ПЕРІШТЕ:Мәссаған, тағы бір Қаршақыз!

АТАМАН: Не, Қайдағы Қаршақыз?

АҚШАҚАР: Нағыз Қаршақыз –мына менмін. Аяз атаның немересімін, ал сендер кімсіңдер?

АТАМАН: Қаршақыз менмін, ал сен жолыңды тап, кет бұл жерден, түсіндіңбе?

ЖҮРГІЗУШІ: Жарайды Қаршақыздар тынышталыңдар! Бір мерекеде екі Қаршақыз болуы мүмкін емес. Аяз атасыз бұл мәселені біз шеше алмаймыз, одан да бәріміз бірге Аяз атаны шақырайық.

(Балалар үлкендермен бірге Аяз атаны шақырады. Залға Аяз ата мен Аққала кіреді.)

Аяз ата: Сәлеметсіңдерме, балалар! Сәлеметсіңдерме қонақтар! Менің барлық достарым жиналыпты. Біз бір жыл бойы кездеспедік. Мен сендерді сағындым

(аққала қарайды)

Ал мұнда не болып жатыр.

Аққала: Міне көрдіңізбе екі қаршақыз жүр.

Қаршақыз: Ата, мені таныдыңызбы? Мен сіздің немереңізбін

Атаман: Оны тыңдамаңыз Аяз Ата қаршақыз менмін! Тезірек сыйлықтарды беріңіз де үйіңізге қайтыңыз.

Аяз ата: Қалай үйге қайтам. Мені балалар мерекеге шақырды. Мен ешқайда да кетпеймін. Қаршақызды қалай танимын енді?.

Жүргізуші: Олай болса қарша қыздар билеп берсін.

Би «Ақшақарлар биі»

(Атаман биден кейін тағы билегісі келеді.)

Аяз ата: А – а – а, енді түсіндім. Кім нағыз Ақшақар, екенін менің немерем қаршақыз кешір мені, мен бірден тани алмай қалдым.

(қаршақызды құшақтайды)

Қаршақыз: Мен сізге ренжімеймін.

Аяз ата: Ах, сені ме, мен қазір сені мұзға айналдырамын.

(Атаман үстіндегі киімін шешеді, ал қарақшылыр болса берілмейді.)

Қарақшы: Кәне менің көмекшілерім, көрсетіңдер өнерлеріңді.

Би: «Қарақшылар биі»

Атаман: Көрдің бе, менің көмекшілерімнің қандай көп екенін. Кішкене қорқытып – үркітіп кетіп қалды. Аяз ата, кел бәстесейік, егер мен жеңсем, барлық сыйлық менікі болады.

Аяз ата: Жақсы, біз келістік. Балалар кәне шеңберге тұрайық.

Ойын – хоровод: «Солға – оңға»

(балалар отырады)

Атаман: У – у – у, қандай жаман баласыңдар, бәрі шапшаң. Біз сендерден кетеміз. (кетеді)

Аяз ата: ой шаршадым мен мына қарақшылардан. Енді сендердің тақпақтарыңды тыңдайын.


Абдрасул: Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны.

Той – маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

Әділболат: Жаңа жылда барлық үйге,

Аяз ата келеді.

Жаңа жылда сәбилерге,

Сыйлық әкеп береді.

Шехназ: Ертеңгісін байқадым,

Жердің беті ақ қырау.

Дәл маржан деп айтамын,

Төгілуге шақ тұр – ау.

Өзеніме, көліме,

Әсем ою ойыпты.

Ағаштардың бәріне,

Алқа тағып қойыпты.

Ән: «Аппақ, аппақ жапалақтап»

Аяз ата: Жарайсыңдар балалар! Менің қапшығым қайда екен?



Тосын сый. Сыйлықтарды тарату.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет