56.Сандық білім беру ресурстары (СБР).
Сандық білім беру ресурсы – бұл замануи оқушысы мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған, графикалық, сандық, тілдік, музыкалық, видео, сурет және басқа да ақпараттан тұратын ақпарат көзі.
Сандық білім беру ресурстары - мультимедиалық дыбысталған презентациялар, сандық форматқа айналдырылған мәтіндер, интерактивті тапсырмалар мен білгілі бір тапқырып бойынша тестілеу бағдарламалары түріндегі интерактивті кешен.
Білім берудегі мультимедия – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық құрал. Сандық білім беру ресурстарын мұғалімдер сабақ жүргізу үшін де, оқушылар оны өз беттерімен сабаққа дайындалу үшін және анықтамалық материалдар ретінде пайдалана алатын болады. Цифрлық білім беру ресурстарымұғалімге оқытудың әр түрлі мақсаттары үшін оқу материалын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
57. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық
Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.
Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты әрі қарай оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін бағалау критерийлері негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі туралы нақты ақпарат алу болып табылады.
Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіре отырып құрастырылған критериалды бағалау жүйесі төмендегідей міндеттерді
4 жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
1. Білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын
объективті және анық бағалау жүйесін іске асыру;
2. Халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және
бірыңғай бағалау механизмін қалыптастыру;
3. Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру;
4. Өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау және
білім алушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру;
5. Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жетілдіру;
Достарыңызбен бөлісу: |