45 Раздел «Машиностроение. Металлургия» Кіріспе


DOI 10.52209/1609-1825_2021_1_39 ӘОЖ 658.5.011



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата12.03.2023
өлшемі419.07 Kb.
#470667
1   2   3   4   5   6   7
08-60c1bc529eea3118745378

DOI 10.52209/1609-1825_2021_1_39 ӘОЖ 658.5.011
1
*БУЗАУОВА Тоты Мейрбековна, т.ғ.к., доцент, toty_77@mail.ru,
1
ЖАЛГАСОВ Бидас МаратовичСТМ-19-1 тобының магистранты, bidas1995@mai.ru,
1
Қарағанды техникалық университеті, Қазақстан, 100027, Қарағанды, Н. Назарбаев даңғылы, 56,
*автор-корреспондент.
Аңдатпа. Зерттеудің мақсаты интеграцияланған СМЖ тиімділігін арттырудың теориялық мәселелерін 
қарастыру болып табылады. Зерттеу әдістері – өндірістегі сапа менеджменті жүйесін талдау. Бірік-
тірілген сапа менеджменті жүйесінің мәселелерін шешу жолдары қарастырылған. «Құрылысмет» ЖШС 
машинажасау зауытында біріктірілген сапа менеджменті жүйесін (БСМЖ) құру, енгізу және жетілдіру 
бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Шағын машинажасау зауыттарында біріктірілген сапа менед-
жменті жүйесін енгізу ерекшеліктері айқындалды. Оңтайлы нәтижелері бар сапа менеджментін пайда-
лану анықталды. Машинажасау зауыттары үшін біріктірілген тиімді сапа менеджменті жүйелері ұсы-
нылды. «Құрылысмет» ЖШС машинажасау зауытының біріктірілген СМЖ қызметін бағалау нәтижелері 
ұсынылды.
Кілт сөздер: машинажасау, нарық тұтынушылары, өндіріс, бәсекелестік, менеджмент, экологиялық 
аспектілер, сапа менеджментінің халықаралық жүйелері, экологиялық менеджмент жүйелері, энергети-
калық тиімділік, халықаралық стандарттар, сапа, сапа менеджментінің интеграцияланған жүйесі, СМЖ 
енгізу, ISO/IEC, OHSAS, SA жүйелері, персоналды оқыту.


46
Труды университета №1 (82) • 2021
ра тығыз байланысты және тіпті бір стандартты 
таңдап, басқа стандарттардың талаптары сырттай 
ескерілетін болады.
Сонымен, интеграцияланған сапа менед-
жменттің жүйесі деп кәсіпорынның менеджмент 
жүйесіне қандай да бір халықаралық стандарт-
тардың талаптарына жауап беретін және біртұтас 
ретінде жұмыс істейтін жалпы менеджмент жүй-
есінің бір бөлігін түсіну керек. Бүгінгі күні, бүкіл 
әлем бойынша халықаралық стандарттарға негіз-
делген менеджменттің интеграцияланған жүйе-
лерін табысты да, сәтсіз енгізудің елеулі тәжіри-
бесі жинақталған кезде, жүйені енгізудің табысы 
көптеген факторларға байланысты екені айқын 
болады. Тәжірибе бойынша, табысты анықтайтын 
негізгі фактор жүйені енгізу мақсаттарын анықта-
удың нақтылығы болып табылатындығын білемін 
және олар өз кезегінде түрлі стандарттардың та-
лаптарын түсіндіру тәсілдерін айқындайды. Бұл 
ретте, көбінесе стандарт талаптары түсіндірілген 
сайын, әсіресе формальды және тиісінше жүйе 
тиімдірек болады. Егер жүйені енгізудің негізгі 
мақсаты тек формальды сәйкестікке қол жеткізу 
және сәйкестікке растау болып табылса-мұндай 
енгізу табысты болмайды [2].
Интеграцияланған сапа менеджмент жүйесі-
не ұқсас деп мыналарды санауға болады:

сапаны, экологияны және еңбекті қорғауды 
басқарудың біріккен құжатталған жүйесі;

кәсіпорын менеджментінің корпоративтік 
жүйесі;

кәсіпорынның жалпы менеджмент жүйесі.
Интеграцияланған сапа менеджментінің жүй-
есі (ИСМЖ) сапа менеджментін (СМЖ), экологи-
ялық менеджментті (СЭМ), өндірістік қауіпсіздік 
және еңбекті қорғау саласындағы менеджментті 
және т. б. бірлесіп дамытуды қамтамасыз ететін 
бірыңғай жүйені әзірлеуді және енгізуді көздейді.
Интеграцияланған сапа менеджменттің жүй-
елері көп жағдайда ірі кәсіпорындарда қолданы-
лады, олардың құрамында түрлі бағыттар бой-
ынша менеджменттің көлемі бойынша біршама 
жекелеген жүйелері бар. Мәселен, егер кәсіпо-
рында сапа менеджменті жүйесі, энергетикалық 
тиімділік менеджменті жүйесі және өзге бағыттар 
бойынша басқа да көптеген жүйелер бар бол-
са, онда барлық шағын жүйелерді басқаратын 
бірыңғай интеграцияланған жүйені құру оңайы-
рақ. Бұл тиімді бақылауға кепілдік береді және 
менеджментті неғұрлым дұрыс, табысты және 
оңтайлы, ең жақсы нәтижелермен пайдалануға 
мүмкіндік береді.
Интеграцияланған сапа менеджменті жүйесі 
шеңберінде жүзеге асырылатын машинажасау 
кәсіпорнының өндірістік қызметін талдау әртүрлі 
проблемалық жағдайларды анықтауға, яғни про-
блемаларды белгілеуге және сапалы қайта құру-
ларда сәйкессіздік пайда болатын немесе туында-
уы мүмкін жағдайларды айқындауға мүмкіндік 
береді.
Машинажасау кәсіпорындарында сапа сала-
сындағы проблемалық жағдайды зерттеуді инте-
грацияланған СМЖ құру, енгізу және жетілдіру 
разрездерінде жүргізу керек.
Интеграцияланған сапа менеджменті жүй-
елерін құру проблемалары жекелеген кәсіпо-
рындар деңгейінде де, мемлекеттік деңгейде де 
шешілуі тиіс, бұл ұлттық экономикалық бағдар-
ламалардың негізін құрайды. Отандық машина-
жасау өнімінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін 
арттыру проблемаларын шешу үшін облыстық 
және жергілікті басқару органдарының, ғылы-
ми-техникалық бірлестіктер мен ұйымдардың ай-
мақтарда әрекет еткен интеграцияланған сапа ме-
неджменті жүйесі шеңберінде ұйымның бұрын 
қолданыста болған ғылыми-техникалық дамуын 
басқару тетіктерін өзгертуге күш-жігерін шоғыр-
ландыру қажет. Бұл мәселені бүгінгі күні ҚР Мем-
стандарт органдары − Стандарттау, метрология 
және сертификаттау орталықтары шешеді [3].
Шағын кәсіпорындар сондай-ақ, халықаралық 
стандарттар қағидаттарына негізделген интегра-
цияланған СМЖ енгізу үшін белсенді дайындауға 
көп күш жұмсауы қажет. Бұл барлық персонал-
дың сапа мәселелерінде қажетті құзыреттілік та-
лабы. Кәсіпорындарда интеграцияланған СМЖ 
жұмыс істеуі тиімді және сапаны басқарудың 
бірыңғай ақпараттық жүйесінсіз мүмкін емес. 
Сондай-ақ, кең тұтынылатын өнімдерді шығара-
тын кәсіпорындарда тұтынушылардың қанағат-
танушылығын бағалау міндеттері күрделі болып 
табылатынын атап өту қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет