47. М.Әуезов – әдебиет сыншысы.
48. Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиевтің ғылыми зерттеу еңбектері.
Есмағамбет Самұратұлы Ысмайылов – әдебиет зерттеуші, филология ғылымының докторы,профессор,ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.1943 жылы «ХХ ғасырдың басындағы қазақтың демократиялық әдебиеті» деген тақырыпта филология ғылымдарының кандидаттығына диссертация қорғайды.1957 жылы «Қазіргі ақындардың шығармашылығындағы ұлттық дәстүр» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғайды.
Е.Ысмайылов Қалижан Бекхожинмен бірігіп 1941 жылы Кенесары, Наурызбай және олардың батырлары жайындағы жыр-дастандар мен аңыз-әңгімелер жинағын баспаға әзірлеген. Алғы сөзі мен түсініктемесін жазған.
1940 жылы «Әдебиет теориясының мәселелері» дейтін оқу құралын жариялады.
Сәкен, Қасым, Тайыр, Жұмағали поэзиясы жөніндегі зерттеулерінде және «Сын мен шығарма» (1960), «Жаңа белеске» (1962), «Әдебиет жайлы ойлар» (1968) атты еңбектерінде сыншылық, ғалымдық қабілеттерін көрсете білген.
Есмағамбет Ысмайылов Абайтану іліміне де атсалысқан. Мысалы, «Абайдың поэтикасы», «Абайдың өлең өрнектері» (бұл екеуін З.Шашкинмен бірлесіп жазған), «Абайдың ақындық шеберлігі», «Абай өлеңдерінің сұлулық, әуезділік ерекшеліктері» сияқты мақалаларында Абайдың поэтикасына қатысты біраз жайдың бетін ашады.
Кеңес үкіметінің солақай саясатының тырнағына да іліккен Есағаң А.Фадеевтің 1947 жылы маусым айында КСРО Жазушылар одағының ІХ пленумында жасаған баяндамасының «Сынның ұлт мәселесі төңірегіндегі қателіктері» деген бөлімінде Есмағамбет Ысмайыловтың «Қазақ совет әдебиеті» атты оқулығы қатты сынға алынды, ауыр сөздер айтылды. Кейін осы ұшқары шешімнің салдарынан ғалым 25 жылға лагерге айдалып, тек Сталин өлгеннен кейін ғана ақталып шықты.
Қажым Жұмалиев 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап қазақ фольклорын, әдебиет тарихы мен теориясын зерттеумен шұғылданды.
1958 – 60 жылдары 2 томдық “Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері” 1-томына:“Қобыланды батыр”,“Алпамыс батыр”,“Ер Тарғын”,“Қамбар батыр”,“Қозы Көрпеш – Баян сұлу”,“Қыз Жібек”,“Айман – Шолпан” эпостары туралы зерттеулері енген.2-томында 19 ғасырдағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығы талданған.
2 томдық “Әдебиет тарихы” (1960). Екі томдық “Әдебиет тарихы” кітабында қазақ әдебиеті тарихына кең ғылыми шолу жасалып, 18 – 19 ғасырлардағы жыраулар, ақындар, жазушылар шығармашылығы жан-жақты зерттелген.
Махамбет шығармашылығын бірінші рет кең көлемде зерттеген ғалым. Бұл саладағы қызметін ол ақын өлеңдерін жинап бастырудан бастады (1938). 1948 жылы “Махамбет” атты монографиясын жариялады. Монографияда Исатай – Махамбет көтерілісінің тарихына қатысты тың деректер келтірілген. Ғалым осы тақырыпты зерттей жүріп Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызы, Ығылман Шөрекұлы шығармаларын бірінші болып талдап, ғыл. Айналымға енгізді.
6 томдық “Қазақ әдебиеті тарихының” 18 – 19 ғасырлар аралығындағы қазақ әдебиетіне арналған 2-томы,1-кітабының (1960) редакциясын басқарды және оның негізгі авторларының бірі болды.
Осы дәуір әдебиетінен орта мектепке (8 – 9 сынып) және жоғарғы оқу орындарына арнап қазақ және орыс тілдерінде оқулықтар жазды.
Ғалымның “Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі” (1946) еңбегі абайтануға қосылған үлкен үлес болып қабылданды. Онда Жұмалиев Абайдың өмірі мен шығарм-ғына кең талдау жасады. Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын, тарихи еңбегін, қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы қызметін жан-жақты зерттеді.
Жұмалиев зерттеулерінің бір саласы – әдебиет теориясына қатысты еңбектері. Ғалымның бұл саладағы еңбегі 1938 жылы шыққан “Әдебиет теориясы” деген кітабынан басталады. Бұл – қазақ тіліндегі А.Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышынан” кейінгі әдебиеттану терминдерін жүйелеуге арналған екінші талпыныс болатын. Өмірінің соңғы жылдары Жұмалиев әдеби стиль мәселесін зерттеуге ден қойды. Ғалымның бұл ізденістері “Стиль – өнер ерекшелігі” атты кітабына негіз болды. Мұнда ол жалпы әдебиеттегі стиль туралы ұғымды, жазушы стилі жайлы түсініктерді жаңа пайымдаулармен толықтырды. Сейфуллин, Майлин, Жансүгіров, С.Мұқанов, Т.Жароков, Сәрсенбаев, Камалов, Д.Әбілов, т.б. ақын-жазушылардың өзіне тән стильдік ерекшеліктерін талдап көрсетті. Жұмалиев өмірінің отыз жыл уақытын оқытушылық қызметпен өткізді. Қазақ әдебиеттану ғылымы мамандарын даярлауға елеулі үлес қосты.
Достарыңызбен бөлісу: |