«Миға шабуыл» әдісі
5 мин
|
«Миға шабуыл» стратегиясы негізінде әр топтарға тапсырмалар беру (фигура макеттері ар топқа беріледі: тік төртбұрыштың диагоналін, тең бүйірлі үшбұрыштың табанына түсірілген биіктігін, кубтың бүйір жағының диагоналін есептеу).
Оқушыларды оқу мақсатымен таныстырамын.
1-тапсырма:
Оқушыларға оқулықтағы тақырыпты мұқият оқуды тапсырамын. Әр топқа сұрақтар жазылған карточкалар таратып беріледі
1-топқа: Сүйір бұрыштың синусы,косинусы, тангенсі, котангенсі деп қандай қатынастарды айтамыз?
2-топқа: Бұрыштың синусы,косинусы, тангенсі, котангенсі бұрыштың шамасына тәуелділігін көрсететін формулалар.
3-топқа: Сүйір бұрышқа қарсы жатқан катет пен іргелес жатқан катет туралы ережелер мен формулалар
Оқушылар осы сұрақтардың жауаптарын түсіндіріп береді
|
Оқушы жауаптарын қадағалап , дұрыс жолға бағыттап отырады
|
Дескриптор:
- сұрақтарға жауап береді
Жалпы балл - 2
|
ДЭ
Презентация
Оқулық 8-сынып.
|