49. Фейербахтың антропологиялық философиясы


Позитивизм,неопозитивизм,постпозитивизм Позитивизм



бет4/6
Дата15.06.2023
өлшемі37.32 Kb.
#475079
1   2   3   4   5   6
49. Фейербахты антропологиялы философиясы

56.Позитивизм,неопозитивизм,постпозитивизм
Позитивизм
 (франц. posіtіvіsme — оңды, дұрыс, нақтылы) — нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт.
Позитивизм 19 ғасырдың 30-жылдарында қалыптасты. Позитивизм негізін салған француз ойшылы О.Конт. Позитивизмнің алғашқы өкілдері: Э.Литтре, Г.Н. Вырубов, П.Лаффит, И.Тэн, Дж.С. Милль, Г.Спенсер болды. Позитивизм жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың методологиясына елеулі ықпал етті. Позитивизмнің кейінгі дамуы барысында махизм, неопозитивизм, аналитикалық философия қалыптасты.
Неопозитивизм – XX ғасыр позитивизмінің субъективті-идеалистік жаңа ағымы.Неопозитивизм өкілдері философияны теориялық таным ретінде мойындамай, философиядағы сана мен материя сияқты негізгі мәселелерді жоққа шығарды. Неопозитивизм Беркли және Юмнан басталған эмпиризм мен феноменализм дәстүріндегі позитивизмнің өзіндік эволюциялық даму кезеңі болып табылады.
Неопозитивизмнің ең ықпалды бағыты логикалық позитивизм болды. XX ғасырдың 30-жылдары Неопозитивизм көзқарасындағылардың жекелеген топтары айқындала түсті. Мәселен, Вена үйірмесінің логикалық позитивистердің (Карнап, Шлик, О.Нейрап т.б.), бер-линдік “Эмпирикалық философия қоғамының” логикалық позитивистерінің (Рейхенбах, Гемпель, т.б.), ағылшын аналитиктерінің прагматикалық бағыттағы америкалық өкілдерінің (Нагель, Маргенау, Бриджмен, т.б.) көзқарастары белгілі болды.
Постпозитивизм (ағылш. Postpositivism) - неопозитивизм аясында дамыған және тәжірибеден объективті білім алуға негізделген гносеологиялық ілімдерге сыни көзқараспен біріктірілген бірнеше Ғылым философиясы мектептерінің жалпы атауы. Негізгі өкілдер: Карл Поппер, Томас Кун, Имре Лакатос, Пол Фейерабенд, Майкл Полани, Стивен Тулмин. Постпозитивизмге неорационализм мектебінің, әсіресе г. Башляр мен М. Фуконың жұмыстары жақын.
57.Аль –Фараби философиясы – Аристотель ілімінің Шығыстағы жалғасы
 Әл-Фараби ұлы философ-ғалым, астроном, математик, шығыстың ортағасырлық дәрігері. Әл-Фараби 870 жылы Фараб қаласында Сырдария өзенінің Арысқа құяр маңында дүниеге келген. Әл-Фараби Аристотельдің логика, диалектика, риторика, поэтика салаларына шығармаларына пікір қалдыра отырып, өзінің философиялық ойларының басқа білімдерден артықшылығын айқындай кеткен шығыс перипатетиктерінің арасынан бірінші болды.Философия адам жан дүниесін мәңгілік ететін, рационалды дәлелдеуге сүйенетін, ақиқат танымын ұғынуға барынша жақын, адамға саналы түрде бақытқа жолын ашады дейді. Осыған сүйене отырып, қоғамды басқару қызметін, философ-басқарушы атқаруы тиіс деп есептейді. Сол кезде ғана ол мемлекеттің халқы бақытты да мемлекет зағдарын құрметтейтін адал болады деп есептейді. Философ пен ағартушы билеушінің негізгі практикалық міндеттерінің бірі – философиямен қатар, шынайы дінге енген элитарлық білім ретінде құрылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет