5- дәріс. Саяси партиялар, партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстар. Саяси мәдениет пен саяси мінез-құлық. Саясаттану



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата22.11.2023
өлшемі1.37 Mb.
#484045
1   2   3   4   5   6   7
5-дәріс. Саяси партия, Саяси мәдениет

фактор ретінде болуы


Саяси мәдениеттің деңгейлеріне қарай түрлері
1) Жалпы мәдениет (немесе қоғамның саяси мәдениеті)
2) Топтық саяси мәдениет
3) Индивидтің саяси мәдениеті
Қоғамның саяси мәдениеті – жалпыұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Оның
қалыптасуына халықтың тарихи тәжірибесі, ұлттық мінез-құлқы және әлеуметтік-саяси, экономикалық
факторлар, елдің геосаяси жағдайы, табиғи факторлар ықпал етеді. Оның құрылымын саяси 
дәстүрлер, идеялар, концепциялар, саяси тәжірибенің өмір сүріп тұрған нормалары құрайды. 
Саяси мәдениеттің топтық деңгейі әр түрлі субмәдениеттер, яғни жалпы саяси мәдениет
шеңберіндегі мәдениеттің дербес үлгілері арқылы көрінеді. Субмәдениеттің иелері ретінде түрлі
этникалық, діни, демографиялық, аймақтық қауымдастықтар көрінеді. 
Индивидтің саяси мәдениеті жалпыұлттық мәдениеттің ықпалымен және жеке тәжірибе, саяси 
білім негізінде, яғни әлеуметтену барысында қалыптасады.


1956 ж. Г.Алмонд «Салыстырмалы саяси жүйелер» 
деген мақаласында саяси мәдениетке алғаш рет 
анықтама беріп, оның мәнін ашқан болатын. 
Г.Алмонд пен С.Верба бойынша саяси мәдениеттің 
үш типі: патриархтық, бодандық (қол астылық)
және белсенді (азаматтық).


Алмонд пен Верба бойынша саяси мәдениеттің түрлері
• азаматтардың жергілікті
құндылықтарға – қауым, 
ру, тайпа т.б. бағдары
алуы тән, индивид
нақты жеке адамдарға 
– көсемге, шаманға
бағдар ұстайды. 
Тұрғындардың саяси
жүйе туралы білімі жоқ 
немесе өте аз, саяси
бағдар экономикалық
және діни
факторлардан
ажыратылмаған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет