Өндірістік өнім сапасын жақсарту және ISO 9000 сериялы халықаралық стандарттарға өту есебінен жергілікті өндірушілердің тартымдылығын көтеру мен шикізат нарығын, өнімді өткізудің сыртқы нарығы алғашқы барлау. Екінші кезең (2007-2010 жылдар) экономиканың барлық салаларында Стратегияның іс-шараларын белсенді түрде жүзеге асыру кезеңі болады. Ү Өнеркәсіпті жаңарту мен экономиканың құрылымын диверсификациялауға бағытталған көптеген жобаларды іске асыру басталатын болады. Экономиканың диверсификациясы саласындағы бірқатар прогреске қарамастан, экономикалық дамуы негізінен мұнай мен мақта-талшығын өңдеу есебінен қамтамасыз етіледі. Машина жасау, жеңіл, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында экспорттық әлеуеті жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығару мақсатында өндіріс салаларында жаңа техникалық өзгерістерді өндірісті жаңартуды қамтамасыз ететін негізгі капиталға ресурстар салу үшін белсенді инвестициялық саясат жүргізілетін болады. Бұл кезеңде тігінен байланысқан өнеркәсіптік және қаржы-өнеркәсіптік топтар қалыптасатын болады, олар өзіндік технологияны әзірлеумен қатар өндіріс шығындарын кеміту, өзіндік құнды төмендету мен өндірілетін өнімнің сапасын одан әрі көтеру мақсатында шетелдік технологияларды алуға да бағытталатын болады. шінші кезең (2011-2015жылдар) стратегияны орындауда ең өнімді кезең. Бұл кезеңде енгізілген қуаттар игерілетін болады. Тауарлар мен қызметтер өндірісі және экспорты артады. Экономика мен экспорт құрылымының дивессификациясы болады. Оңтүстік Қазақстан облысы индустриалық-инновациялық стратегиясын жүзеге асырудың негізгі механизмдері: кәсіпорындарды қаржы экономикалық сауықтыру шараларының даму болашағы бар дәрменсіз, төлем қабілеті нашар кәсіпорындарында іске асыру; нарық кеңістігін дәрменсіз кәсіпорындардан тазарту үшін банкроттық процедурасын өткеру қажетті жерде банкроттық процедурасын қолдану, жою, процедурасын қолдану; сыртқы экономикалық қызметті тарифтік және тарифсіз әдістермен реттеу; халықаралық стандарттар бойынша өндірістерді сертификациялау мен сапаны бақылауды дамыту; корпоративтік құрылымдардың қалыптасуына, құқықтық және ету; өндірістік инфрақұрылымды қаржыландыруды дамыту; қызметке тауар нарығында үстемдік ететін, табиғи монополистер мен шаруашылық субъектілер жұмысына тарифті (бағаны) қалаптастыру үшін, өндірушілер, тұтынушылар мен мемлекеттің экономикалық мүддесін сақтауда құқықтық және нормативтік-әдістемелік базаны жетілдіру; тиімділігі жоғары технологиялар мен іске қосуды ынталандыру; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының индустриалық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-қимыл, жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес индустриалық дамудың басымды бағыттары бойынша 2005-2007 жылдарға арналған жоғары технологиялық өндірістерге мамандар даярлау мен даярлау бағдарламасы. Денсаулық сақтау саласында 2006-2008 жылдарға арналған ғылыми зерттеу бағдарламасы, 2005-2015 жылдарға арналған энергиямен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама секілді жекелеген салалық бағдарламалар әзірленетін болады. Оларды нақты орындаушылар мен іске асыру мерзімдері, сондай-ақ көзделетін көлем мен қадрландыру көзі жылдар бойынша көрсетілетін болады. Iске асыруға тікелей қажет инвестициялық сипаттағы шығындардың көзделіп отырған көлемі 30 млрд. теңгені құрайды.Қосымша құны жоғары өндірістердің 13 инвестициялық жобасын қаржыландыруға 16,7 млрд. теңге, жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыруға 10 млрд. астам теңге, облыстың инновациялық мемлекеттік қор арқылы 2007 жылы - 100,0 млн. теңге, келесі жылдары тиісті жылға бекітілген бюджетке сәйкес анықталады. Iс-шараларын қаржыландыруға кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған республиканың – Даму банкінің, Инвестициялық қордың, Инновациялық қордың қаржылары, облыстың – облыстық инновациялық мемлекеттік қорының қаржылары жұмсалатын болады. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру көлемі тиісті жылға бюджет құрған кезде нақтыланып отырады. Сонымен қатар, шетелдік инвесторлардың қаржысы тартылатын болады. Өзіндік қаржы есебінен бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін жаңарту жүргізілетін жеке сектор басты қаржылық ауыртпалықты көтеретін болады. Стратегиялық жоспарды сәтті іске асыру уран, алтын, көмір, құрылыс қазбалары секілді кен алу саласын одан әрі дамыту, салаларының өндіріс үлесін төмендету және өңдеу саласында дайын өнім өндіріс үлесін арттыру, машина жасау саласының өндірісін жаңарту, жаңа экспортқа бағытталған өнім түрлерінің өндірісі есебінен облыстың экспорттық әлеуетін көтеру негізінде облыс экономикасын тұрақты арттыруды қамтамасыз етуге, мақтаны тереңдете өңдеудің аяқталған циклін құруға әсер етеді. Инновациялық жоғары технологиялық өндіріс, дайын өніс экспорты артатын болады. Облыстағы инвестициялық қызметтің климаттың жақсаруы шетелдің инвесторлары тартудың ұлғаюына алап келеді. Стратегияны іске асыруға шағын, орта бизнес белсене тартылатын болады, бұл салада инновациялық бағыт дамитын болады. Индустриалық-инновациялық дамуының іс-шараларын жүзеге асыру экономикалық өсім қарқынын ұлғайтуды қамтамасыз етеді. 2015 жылға дейінгі кезеңдегі индустриалдық саясаттың басты бағыты экономиканың нақты секторының тұрақты орташа жылдық өсім қарқынын 4,5-8% деңгейінде қамтамасыз ету. Жыл сайын облыстың ЖАӨ 10% дейін, жан басына шаққандағы жалпы өнімділігі 9% дейін арттыру, экспорттық әлеуеті жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығару, әлеуетін саланы жақсарту іске асырудың нәтижесі болады. өңдеу өнеркәсібі құрылымында тоқыма саласының үлесі (мақтадан дайын бұйымдар шығару) – 25% дейін, ауыл шаруашылық өнімін өңдеу – 20% дейін артатын болады. Осы нәтижеге қол жеткізу халықтың өмір сүру деңгейін - еңбекақы, жәрдемақы, ең аз күнкөріс мөлшерін көтеруге кепілдік болады.
Негізгі қорға бағытталған инвестицияның негізгі қаржы көздері: шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың меншікті қаржысы - игерілген қаржының 60,8 пайызы, немесе 19140,5 млн.теңге, бюджет қаржысы – 9601,5 млн.теңге, немесе 30,5 пайыз, оның ішінде жергілікті бюджет қаржысы – 3734,0 млн.теңге, немесе 11,9%, республикалық бюджет қаржысы – 5867,5 млн.теңге, немесе 18,6 пайызы.
Өткен жылмен салыстырғанда жергілікті бюджеттен игерілген инвестиция көлемі – 26,0 пайызға, республикалық – 51,4 пайызға, кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың меншікті қаржысы – 23,3 пайызға, шетел инвестициялары – 2,0 пайызға артты.
Қорытынды
Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында елiмiздiң экономикалық, әлеуметтiк және саяси жағынан жаңаруын жеделдетуге байланысты мәселелердi жан-жақты айтып бердi. Президент Жолдауында бәсекеге қабiлеттi экономиканың үлгiсiн таңдай отырып, бәсекелестiкке қарымы мол басым салаларды дамытуға кiрiсiп, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесiнiң дамуына жол ашылғандығы айтылды.
Сондай-ақ елбасымыздың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында «30 корпоративті көшбасшы» бағдарламасын іске асыру экономиканың шикізаттық емес секторын іс жүзінде дамытуға ықпал етеді. Қазірдің өзінде «серпінді» аталудан үміткер жүзден астам жоба пайда болды. Ақтөбе облысындағы үшінші Жаңа жол газ өңдеу зауыты, кен байыту комбинаттары мен мыс қорыту зауытын салу, Атырау қаласында алғашқы интеграциялансған газ-химия кешенінің, Астана қаласында шина жасау кешенін құру жөніндегі жобаларды іске асыруды жалғастыруды атап өтті. Тұтастай алғанда «30 корпоративті көшбасшы» бағдарламасы мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын жаңа деңгейге шығаруы тиіс.
Кәсiпкерлiктiң ұйымдастыру формаларының салыстырмалы талдауын жүргiзе отырып, олардың әр қайсысының оң және терiс жақтары болатындығын айтуға болады. Бiздiң көзқарасымызша, біріккен кәсiпорын әр түрлi елдердiң капиталдары шоғырланған оптималдық ұйымдастыру формасы болып табылады (өндiрiс, сатып алу, сату, қызмет көрсету, т.б.) бiрлестiктiң ұзақ мерзiмдi мәселелерi жөнiнде келiсiмi бар, анықталған экономикалық нәтижеге жету мақсатында кәсiпорындарды бiрлесiп басқару, салынған капиталдарымен сәйкес пайда мен залалды бөлуде жақтардың қатысуы өндiрiстiң масштабынан үнем мүмкiндiгi бар біріккен кәсiпорындары шоғырланған, сол сияқты шетелдерге өндiрiс өнiмдерiн өткiзу
Қазақстанда біріккен кәсiпорын құрудың қажеттiгi, біріккен кәсiпкерлiк әлемдiк экономикалық шаруашылықтың жүйесiне елдiң кiруiне мүмкiндiк жасайды, сол сияқты рынок инфрақұрылымын қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Біріккен кәсiпорын үшiн алдыңғы технология, жоғарғы еңбек өнiмдiлiгi, еңбек ақы деңгейiнiң жоғарылауы ауыспалы экономикаға оң ықпал жасайды.
Қазақстан қолайлы инвестициялық жағдай жасауға ұмтылуда. Қазақстандағы инвестициялық қызметтi реттейтiн бiрқатар нормативтiк құқықтық актiлер әзiрленiп iске қосылды. Шетел инвесторларын қызықтыратын экономикалық факторлар: Қазақстанның бай табиғи ресурстары, аграрлық және өнеркәсiптiк әлеует, стратегиялық орналасқан жерi, iшкi саяси тұрақтылығы, сол сияқты инфляциялық процестiң тұрақтылығы, кәсiпорындардың қаржы жағдайының жақсаруы, банк ставкаларының төмендеуi және т.б. Инвестициялық климат – рыноктың реформаларының пiсiп жетiлу критерийi, меншiк құқықтарының тұрақтануына, сол елдегi жалпы жағдайға әлем қауымдастығының сенiмi. Соңғы жылдары шетелдiк инвесторлардың ОҚО экономикасын дамытудағы ролi өсуде.
Капиталистiк мемлекеттердiң ұйымдарының қатысуымен біріккен кәсiпорындарды дамыту батыстың жасанды шектеулерi саяси және экономикалық сипат алады.
Сонымен қатар Шығыс-Батысқа қатысты біріккен кәсiпорындардың дамуына iшкi рыноктың сыйымдылығы, ҚР қомақты ғылыми-техникалық әлеуетi, табиғи ресурстардың байлығы сияқты факторлар әсер етедi.
Бiздiң елiмiздiң кәсiпорындарының сыртқы экономикалық қызметiнiң тиiмдiлiгiн жетiлдiру кедендiк тариф, валюталық ауытқу, бюджеттiк салықтар, несиелiк саясат және т.б. сияқты iшкi және сыртқы факторлармен тiкелей байланысты. Бұл мәселелердiң барлығы да әлемдiк экономиканы интеграциялау дәрежесiне тiкелей байланысты.
Бiздiң стратегиялық мiндетiмiз – бәсекеге қабiлеттi елдердiң қатарынан лайықты орын алу.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
"Кәсіпорын туралы" ҚР Заңы/ Егеменді Қазақстан, 13.02.2000.
-
Дюсембаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.
Алматы., 2002- 602-68-6
-
"Оңтүстік Қазақстан облысының 2006-2007 жылғы әлеуметтік-
экономикалық дамуы" Статистикалық жинақтар. Шымкент 2007.
-
А.Ә.Әубакіров «Экономикалық теория негіздері» 1998ж.
-
Б.Көшенова «Ақша,несие,валюта қатынастары» Алматы , 2000ж
-
С. Райымқұлұлы «Экономика теория негіздері» Шымкент , 2005ж.
-
Шеденов «Экономикалық теория» Алматы, 1998ж.
-
А.Ә.Әубакіров «Экономика» Алматы,1995ж.
-
Д.М.Мадиярова «Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауіпсіздік» Алматы , 1999ж
-
А.Қ.Мейірбеков «Кәсіпорын экономикасы» Алматы, 2003ж.
-
Ғ.Ө. Жолдасбаева «Кәсіпорын экономикасы» Алматы, 2003ж
-
Агеев А. И. Предпринимательство: проблемы собственности и
культуры. -М., 1991. Введение и гл. 1, с. -15.
-
Бусыгин А. Предпринимательство : Основной курс., 1997 -М.,1997
-
Виленский А. Этапы развития малого бизнеса. Вопросы экономики.
1996 г. - С.38-41.
-
Грачев И. Развитие малого предпринимательства // Деньги и
кредит . 1997 . –ғ1.-С.15-21.
-
Грузинов В., Грибов В. Предпринимательство: формы и методы
организации предпринимательской деятельности // Экономика
предприятия . - М., 1996
-
Иващенко А. А. Товарная биржа. - М., 1991.
-
Карлоф Б. Деловая стратегия. -М., 1991, с. 121-125.
-
Котлер Ф. Основы маркетинга. -М„ 1990, с. 339-405, 468-473, 477-479. Курс экономики : Учебник. Основыпредпринимательстаа . -М.,1997
-
Кадзума Татеиси. Вечный дух предпринимательства. Практическая
философия бизнесмена. -М., 1990.
-
Маршалл А. Принципы политической экономии. - М., 1984, т. III,
Қосымша
Қосымша А
Кесте 5
2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасына елдер бойынша тартылған шетелдiк тiкелей инвестиция түсiмi
АҚШ-тың млн.долл
|
2006
|
2007
|
|
барлығы
|
%
|
барлығы
|
%
|
Барлығы
|
2780,6
|
100
|
4418,5
|
100
|
ұлыбритания
|
481,8
|
17,3
|
595,4
|
13,5
|
Германия
|
70,0
|
2,5
|
53,3
|
1,2
|
Нидерланды
|
114,5
|
4,1
|
198,5
|
4,5
|
Индонезия
|
68,1
|
2,5
|
47,0
|
1,1
|
Италия
|
351,0
|
12,6
|
484,7
|
11,0
|
Ирландия
|
2,0
|
0,1
|
11,1
|
0,3
|
Канада
|
160,5
|
5,8
|
739,8
|
16,7
|
Кытай
|
90,2
|
3,2
|
210,6
|
4,8
|
АҚШ
|
988,5
|
35,5
|
1464,4
|
33,1
|
Түркия
|
29,7
|
1,1
|
58,2
|
1,3
|
Франция
|
34,1
|
1,2
|
66,3
|
1,5
|
Оңтүстiк Корея
|
56,8
|
2,0
|
67,2
|
1,5
|
Жапония
|
18,0
|
0,6
|
32,1
|
0,7
|
Ресей Федерациясы
|
163,0
|
5,9
|
211,9
|
4,8
|
Басқалары
|
152,4
|
5,7
|
177,9
|
4,0
|
Ескерту: Статистикалық бюллетень
Аннотация
Курстық жұмыстың тақырыбы: Бірлескен кәсіпорындар СЭҚ нысана ретінде.
Жұмыстың мақсаты: Әлемдік экономика шаруашылығындағы бірлескен кәсіпорындардың ролі, маңызы, олардың ерекшеліктері терең қамтылды. Сонымен қатар, ел экономикасында бірлескен кәсіпорындардың маңызы, әкелетін пайдасы қарастырылды.
І – тарауда бірлескен кәсіпорындарды басқару және ұйымдастырудың теориялық негіздері ашып айтылды.
ІІ – тарауда бірлескен кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қатынастары туралы жазылған.
ІІІ – тарауда бірлескен кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың ерекшеліктері және олардың қаржылық іс - әрекеттері талқыланды.
Курстық жұмыс 42 беттен, 7 кестеден және 5 суреттен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |