8. Ақмоладан Қарағандыға шыққан машина бір сағатта жолдың 6/19 бөлігін жүрді.Машина екі қала аралығын неше сағатта жүріп өтеді?
9. Бір бригада жұмысты 30 күнде орындайды. Екінші бригада сол жұмысты 20 күнде бітіреді. Екі бригада бірігіп істесе жұмысты неше күнде бітіреді?
10.Бір адам жұмысты 20 күнде орындап бітіреді. Ал бригадамен қосылып істесе оған 4-ақ күн қажет. Бригада жұмысты неше күнде бітіреді?
11.Қуаттары әр түрлі екі трактор жерді бірігіп жыртса, жұмысты 8 сағатта бітірер еді. Бір трактор ол жерді 24 сағатта жыртатын болса, екінші трактор ол жерді неше сағатта жыртып болар еді?
12. Су қоймасын бірінші құбыр 24 сағатта, екінші құбыр 30 сағатта, үшінші құбыр 20 сағатта толтырар еді. Үшеуі бір мезгілде су толтыра бастаса, қойма неше бриолады және әр құбыр қойманың қандай бөлігін толтырады?
13. Белгілі бір жұмысты бірінші бригада 30 күнде, екінші бригада 24 күнде, ал үшінші бригада 20 күнде бітірген болар еді. Жұмыс 1260000 теңгеге бағаланса, сол жұмысты үш бригада бірігіп орындаса, әр бригада қанша ақша алу керек?
14.Екі қала аралығын жеңіл машина 2 сағатта , ал жүк машинасы 3 сағатта жүріп өтеді. Екеуі бір мезгілде бір-біріне қарсы шықса,неше сағаттан кейін кездеседі және әр қайсысы жолдың қандай бөлігін жүріп өтеді?
15.Екі қала аралығын бір машина 6 сағатта, екінші машина 9 сағатта жүріп өтер еді. Екі машина бір мезгілде бір- біріне қарама-қарсы шықса, неше сағаттан кейін кездеседі?Екі қала аралығы 550км болса, әр машина неше км жол жүреді?
16. А мен В пунктерінің аралығы 42м. Осы екі пункттен бір мезгілде қарама – қарсы шыққан екі бала АВ аралығын тұрақты жылдамдықпен ерсілі-қарсылы жүреді де тұрады. Бірінші баланың жылдамдығы 1,2 м/с, екінші баланың жылдамдығы 1,8 м/с болса, олар бірінше,екінші, үшінші рет қандай уақыт аралығында кездесіп тұрады?
17.Алдыңғы (16) есепті: балалардың жылдамдықтары 1 м/с және 5 м/с деп алып, қайта шығарыңыздар.
§1 1. 50.
2. 2. 4 сағ.
3. 15 км/сағ.
4. Бірдей қашықтықта.
5. Алты баласы бар.
6. 48 жұмыртқа.
7. 300 рет кесу керек.
8. Бес есе.
9. 2 алманы – 1 сомнан 24 алма және 3 алманы 1 сомнан 36 алма сатылды.
10. 2 теңге.
11. Дәптер 14 тиын қымбат.
12. Иә, мысалы, 1,8,15,22,29-шы.
13. Бір айда жексенбі күні, кезегімен жұп және тақ сандарға тура келеді, ал олардың үшеуі жұп сан болғандықтан, бұл айда 5 жексенббі болды, сондықтан олардың біріншісі айдың 2 жұлдызы ғана бола алады, осыдан 20-шы жұлдызы бейсенбі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |