5-7 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиадасы Қазақ тілі орыс мектебінде, 6 сынып



жүктеу 13.85 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі13.85 Kb.
2014 – 2015 оқу жылы «Дарын» ҚО


5-7 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша

қалалық олимпиадасы

Қазақ тілі орыс мектебінде, 6 сынып
Жұмыс уақыты — 90 минут

Барлығы - 50 ұпай
Бәйгеге ат қосқанда қай ат озар екен, балуандар күрескенде қайсысы жығар екен деп қатты толқисың. Екі ақын айтысқанда да халық сондай күйде болады.

Ақындар айтысы - екі ақынның сөз өнерімен, жыр шеберлігімен сайысуы. Ертеде ақын деген атаққа жету үшін, ең алдымен айтысқа түсу керек болған. Айтыста көрінген адам ғана ақын аталған. Сондықтан айтыс ақындықтың мектебі десе де болады. Әдетте айтыс екі ел ақындарынның арасында өткен. Әр ақын өз елінің сөзін сөйлеп, мақтаған. Екінші ақын оның еліндегі кемшілікті сынаған. Оған ешкім де ренжімеген.

Қазақ халқында айтыстың түрі көп. Соның бір түрі- жұмбақ айтысы. Осындай айтыс ақындары: Жанақ, Түбек, Шөже, Кемпірбай, Сүйінбай, Досмағанбет, Жамбыл, Біржан, Сара, т. б.

(«Қазақ тілі» кітабынан, 103 сөз)

1-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды жазыңыз. Мәтінге ат қойыңыз.

(10 ұпай)


2-тапсырма. Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.

(10 ұпай)
3-тапсырма. Мақал-мәтелдердің ішінен біреуінің мағынасын түсіндіріп жазыңыз.

1. Дос - жылатып айтады, дұшпан - күлдіріп айтады.

2. Жақсының қасиеті – жарастыру, жаманның қасиеті – таластыру.

3. Еріншектің ертеңі бітпес.

4. Жаманға сырыңды айтпа, сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпа.

5. Ана көркі алдындағы баласы, Қала көркі үйі, орман-ағашы.



(10 ұпай)
4-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді табыңыз. (10-ұпай)


5-тапсырма. Қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан үзіндіні жазбаша орындаңыз.

(10 ұпай)


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет