5-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша қалалық олимпиада Химия, 8 сынып



Дата01.07.2016
өлшемі64.5 Kb.
#169136
2015– 2016 оқу жылы «Дарын» ҚО
5-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша қалалық олимпиада

Химия, 8 сынып
Жұмыс уақыты 120 минут
Есептерді шығарыныз.
1. Массасы 10 г әлдебір метал қышқыл ерітіндісі мен әрекеттескенде 4 л сутек газы (қ.ж.) бөлінді. Металды анықтаңыз.

(5 ұпай)
2. Азот және күкірт қышқылы ерітінділері, мыс, мырыш, мыс (II) оксиді берілген. Осы заттар арасында мүмкін болатын химиялық реакциялардың теңдеулерін жазыңыз.

(5 ұпай)

3. Аммиак және сутек қоспасын қыздырылған мыс (II) оксидінің үстінен өткізді, мыс (II) оксидімен түтікшенін массасы 0,16 г-ға кеміді, содан кейін қоспаны фосфор ангидриді үстінен өткізді, одан 22,4 мл газ (қ.ж.) шықты. Ауа бойынша газ қоспасының тығыздығын анықтаңыз.

(5 ұпай)
4. Сутек және оттек атомдарының бірдей сан болатын ерітіндідегі күкірт қышқылының массалық үлесін анықтаңыз.

(5 ұпай)
5. Қара түсті А затынын қыздырылған ұнтақтағы арқылы түссіз В газы өткізілді. Бұл кезде қызыл түсті С жай заты және кең қолданылатын Д сұйықтығы түзілді. Д сұйықтығының электролизін өткізу арқылы В газын алуға болады. А, В, С, Д заттарын атаңыз.

(5 ұпай)

Тест тапсырмаларын орынданыз. 1 дұрыс жауап – 1 ұпай.

1. Күкірт қышқылының салыстырмалы молярлы массасын қай өрнек көрсетеді?


A)
B)
C)
D)
E)

2. Қ.ж. азот газының 44,8 л көлемінде қанша молекула бар?

A) 6,02 • 1023; B) 5,3 • 1023; C) 1,88 • 1022; D) 3,01 • 1023 ; E) 1,2 • 1024.

3.Кальций сульфатының молярлы массасын есептеңіз:


A) 132 г/моль; В) 116 г/моль; С) 98 г/моль; D) 136 г/моль; E) 394 г/моль.

4. Қалыпты жағдайда 11,2 л көлемін алатын газдын зат мөлшерін табыңыз:


A) 1 моль; B) 2 моль; C) 0,5 моль; D) 3 моль; E) 4 моль.

5. Зат мөлшері 2,5 моль оттек газының қалыпты жағдайдағы көлемі нешеге тең?

А) 22,4 л; В) 11,2 л; С) 224 л; D) 112 л; E) 56 л.

6. Массы 16 г газ қалыпты жағдайда 11,2 л көлем алады. Оның молярлы массасы неге тең? А) 8 г/моль; В) 16 г/моль; С) 28 г/моль; D) 32 г/моль; E) 36 г/моль.

7. Сутек бойынша тығыздығы 30-ға тең болса, газдың салыстырмалы молярлы массасын анықтаныз: А) 15; В) 159,5; С) 60; D) 45; Е) 30.

8. Қ.ж. 44,8 л көлем алатын хлорсутектің массасы нешеге тең?

А) 17 г; В) 73 г; С) 28 г; D) 48 г; Е) 56 г.

9. Кальций карбонатында көміртектін массалық үлесін анықтаныз:


A) 20 %; B) 30 %; C) 12 %; D) 10 %; E) 15 %.

10 Негізбен әрекеттесетін, бірақ қышқыл мен әрекеттеспейтін оксид …


A) қышқылдық оксид; B) негіздік оксид; C) амфотерлы оксид;

D) тұзтүзбейтін оксид; E) пероксид.

11. Кальций оксидінің тұз қышқылымен әрекеттесу реакциясы теңдеудегі коэффициенттер қосындысы: A) 4; B) 3; C) 2; D) 1 ; E) 5 .

12. Формуласы КNO3 болатын заттың химиялық аталуы:

A) калий гидроксиді; B) калий хлориді; C) калий нитраты; D) натрий нитраты; E) азот қышқылы.

13. Қыздырғанда, жүретін CaCO3 → …реакциясының теңдеуін аяқтаңыз:

A) Ca + CO3; B) Ca + C + O2; C) CaO + C; D) CaO + CO2; E) Ca + CO2 .

14. H2SO4 + NaCl → Na2SO4 + HCl химиялық реакция теңдеуінде натрий хлоридінің алдында қойылатын коэффициент: A) 1; B) 3; C) 4; D) 5; E) 2.

15. Қарапайым зат: A) су; B) ауа; C) құм; D) темір; E) тұз.

16. Күрделі зат: A) көмір; B) оттек; C) темір; D) күкірт; E) су.

17. Периодтық жүйедегі реттік нөмірінің өсуімен топшада элементтердің химиялық қасиеттері мен сипаттамалары қалай өзгереді?
A) атом радиусы кемейді; B) металдық қасиеттері әлсізрейді; C) металдық қасиеттер күшейеді; D) ядро заряды азаяды; E) металл еместік қасиеттер күшейеді.

18. Массасы 500 г 16 %-дык натрий нитрат ерітіндісіне 300 г су қосылды. Алынған ерітіндідегі NaNO3 –нің массалық үлесі: A) 10 %; B) 20%; C) 30 %; D) 40 %; E)5 %.



19. Көлемі 240 мл суда 60 г натрий хлориды ерітілді. Алынған ерітіндідегі сілтінің массалық үлесі: A) 30 %; B) 50 %; C) 60 %; D) 20 %; E) 40 %. 20. Массасы 500 г 10% -дық KCl ерітіндісін дайындау үшін қажетті калий хлоридініңмассасы: A) 60 г; B) 20 г; C) 50 г; D) 30 г; E) 40 г.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет