Великий Едиге — герой казахского и ногайского народов
Саясаттан бойын аулақ ұстауға тырысқан Әлкей Марғұлан Абай мен Шоқан тақырыбын індете зерттеп, қазақ тұлғатану ғылымы үшін орасан еңбек сіңіреді: Марғұланның басқаруымен 1958 жылы Шоқанның тандамалы шығармалар жинағы жарық көреді. 1957–67 жылдары Ә.Марғұланның басшылығымен Ш.Уәлихановтың бес томдық академиялық жинағы дайындалды. Ә.Марғұлан КСРО-дағы архивтерді ақтарып отырып, Шоқанның қаламынан туған 300-дей шығармасын табады. Оларға ғылыми редакция жасайды. Шоқан жазбаларының көпшілігі бұрын жарық көрмегенін, жазу тәсілінің қиыңдығын, ойлау жүйесінін тым еркіндігін, кей жұмысының шала аяқталғанын ескерсек, Әлкей Марғұлан атқарған жұмыстың салмағын сезінгендей боламыз…
Кеңес дәуірі кезеңінде түркі әлеміне байланысты зерттеулерге қойылған кейбір шектеулерге қарамастан, түркология ғылымына қызығушылық танытып, мәселенің зерттелуіне айтарлықтай үлес қосқан ғалымдардың, оның ішінде қазақ ғалымдарының орны ерекше. Әлкей Марғұлан.
Отызыншы жылдардан бастап Ә. Марғұланның зерттеу нысаны болған эпостық жырлар, одан кейінгі жылдарда зерттеген қазақтың ежелгі сәулет өнері, мүсін тастар, шеберлік өнері тарихын зерттеуі болсын, негізгі үш саланы қамти отырып жүргізілгенін көреміз. Біріншіден, археологиялық экспедициялар кезінде қазба жұмыстары нәтижесінде жинақталған деректерді зерттеу, екіншіден, ежелгі, орта ғасырлардағы ғалымдардың, жиһанкездердің Орта Азия және Қазақстан туралы жазған еңбектерін зерттеп, оларды ауыз әдебиеті саласындағы зерттеулерімен сабақтастыра отырып қорытынды жасау әдісін қолданған. Тіпті, ауыз әдебиеті үлгілерін, оның ішінде ертегілер мен жырларды өзара салыстыра отырып, жыр мотивтерінің ұқсастық, ерекшелік жақтарын, мотивтің алғашқы және кейінгі іздерін халықтардың қоғамдық, экономикалық тарихын негізге ала отырып зерттеген.
Ә. Марғұланның ғалым ретіндегі басты ерекшелігі этнотарихи, этномәдени, этноархеология, этнолингвистика салаларына арнайы назар аудара зерттеуі екенін баса айтуымыз керек.
Ә.Х. Марғұлан – қазақ фольклорын, оның ішінде, қазақтың тарихи жыр-аңыздарына сүйене отырып, тарих пен этнографияны байланыстырып, тарихи фольклорды алғаш рет кешенді түрде зерттеген ғалым. К.Ақышевтің пайымдауынша, «археология мен этнографияны және фольклорды ұштастыра білген Әлкей Марғұланның ғылымға сіңірген еңбегі қызық кітаптың айқарма беті сияқты». Осы кітап уақыт озған сайын құнын еселей арта бермек [1, 45-б.].
Ә. Марғұлан өзінің «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Ежелгі жыр- аңыздар» атты еңбегінде: «Ғасырлар бойы сахарада айтылып келген ертегі-жырларды, аңыз әңгімелерді ең алғаш шығарып таратқан, сахараны қоныстанған әртүрлі көшпелі түркі тілдес елдер еді. Олардың ішінде жұртшылық майданынан белгілі орын алып, тарихта көрнекті ат қалдырған жұрттар, ескі дәуірден шолып қарағанда, ғұн мен сақтар, үйсін мен қаңлылар, қырғыз бен ұйғырлар жұрты болмаса, өзгенің барлығы тарихи дәуірлерде бүгінгі қазақ даласында тіршілік жасап, олардан тараған рулардың көпшілігі бері келе қазақ елінің іргесін құруға негіз болды. Сондықтан бұл айтқан ескі рулар жасаған мәдениет бұйымның іздері де, оның ішінде қазақ жыры, эпос, ою-өрнек, сәулет өнері туындылары, бүгінге дейін Қазақстан жерінде жақсы сақталып, олардың жұртшылық салты, елдік заңы, барлық рухани тіршілігі де көбінесе қазақ елінің тұрмысында ашығырақ сақталғанын» анықтады [2].
Фольклордың этнографиямен тығыз байланысты екенін, олардың өзара этностың тарихын зерттеуде бірін-бірі толықтырып отыратындығын академик Ә.Х. Марғұлан өз зерттеулерінде дәлелдеді [3, 144 б]. Бұған ғалымның 1946 ж. қорғаған «Қазақ халқының эпикалық әңгімелері (миф, легенда, ертегі-жыр, аңызды әңгімелер) туралы тарихи-әдебиеттік зерттеулер» атты докторлық диссертациясы [4] және 1985 ж. жарық көрген «Ежелгі жыр-аңыздар» атты ірі монографиялық еңбегі дәлел [2].
Ә. Марғұланның «Ежелгі жыр-аңыздар», «Шоқан және Манас» атты монографияларында батырлар жырын тудырған ортаның мәдениетке қосқан үлесі мен көне дәуірдегі халықтардың аңыздары, ежелгі жырлардың ерлік бейнелері, олардың тарихи негіздері «Манас» жыры, оның қай кезде шыққаны туралы қазақ пен қырғыздың қария сөздері, сонымен қатар тың зерттеулер ежелгі ғұн, сақ, түрік, оғыз, қыпшақ замандарында туып бізге дейін жеткен әдеби үлгілері сөз етіледі. Әлкей Хақанұлының қызыға зерттеген үлкен тақырыбы – осы «Манас» эпосы. Бұл зерттеулері «Шоқан және «Манас» еңбегінде шешімін тапты.
Достарыңызбен бөлісу: |