5 дәріс. Магниттік материалдар



бет2/3
Дата01.11.2022
өлшемі22.82 Kb.
#463739
1   2   3
Лекция 6 Магниттік материалдар

Парамагнетиктердің магниттік өткізгіштігі m > 1 және сыртқы магниттік өрістің кернеулігіне тәуелсіз болады.
Сыртөы магниттік өріс атомдардың магниттік моменттерін көбінесе бір бағытта бағдарлайды. Парамагнетиктер магниттік өрістің ішіне қарай тартылады.
Парамагнетиктерге оттегі, азот оксиді, сілтілік және сілтілік жер металдар, темір, кобальт, никель және сирек элементтер тұздары жатады.
Физикалық табиғаты бойынша парамагниттік эффект диэлектриктердің дипольдік-релаксациялық полярлануына ұқсас болады.
Ферромагнетиктерге  сыртқы магниттік өрістің кернеулігі мен температураға тәуелді болатын жоғары магниттік өткізгіштігі бар (106 дейін) заттар жатады.
Ферромагнетиктерге атомдардың магниттік моменттері параллельді бағытталған макроскопиялық аудандарынан тұратын ішкі магниттік реттеулік тән келеді. Ферромагнетиктердің негізгі ерекшелігіне олардың әлсіз магниттік өрістерде қанығуына дейін магниттену қабілеттілігі жатады.
Антиферромагнетиктер – белгілі температурадан төменгі мәндерде бірдей атомдардың немесе кристалдық тор иондарының магниттік моменттерінің антипараллельді бағытталуы спонтандық түзілетін заттар.
Қыздырғанда антиферромагнетик парамагниттік күйге ауысады. Антиферромагнетизм хромда, марганецта және кейбір сирек элементтерде (Ce, Nd, Sm, Tm және т.б.) кездеседі.
Ферримагнетиктерге магниттік қасиеттері компенсацияланбаған антиферромагнетизммен түсіндірілетін заттар жатады. Олардың магниттік өткізгіштігі жоғары және магниттік өрістің кернеулігі мен температураға қатты тәуелді болады.
Ферримагнетиктер қасиеттері кейбір реттелген металл құймаларында, әр түрлі оксидті қосылыстарда, ферриттарда болады.
Диа-, пара- және антиферромагнетиктерді әлсіз магнитті заттар тобына біріктіруге болады. Ферро- және ферримагнетиктер күшті магнитті материалдарға жатады.
5.2 Материалдардың магниттік сипаттамалары
Магниттік өрістегі ферромагниттік материалды магниттенудің бастапқы қисығымен сипаттайды:

14 сурет - Магниттенудің бастапқы қисығы
Бұл қисық материалдағы магниттік индукцияның (В) магниттік өріс кернеулігіне (Н) тәуелділігін көрсетеді.
Магниттік материалдар қасиеттерін магниттік сипаттамаларымен бағалайды. Магниттік сипаттамалардың негізгілерін қарастырайық.
5.2.1 Абсолюттік магниттік өткізгіштік
Материалдың абсолюттік магниттік өткізгіштігі (mа) берілген материал үшін магниттену қисығының белгілі нұктесінде магниттік индукцияның (В) магниттік өріс кернеулігіне қатынасы:
а=В/Н [Гн/м]
Материалдың салыстырмалы магниттік өткізгіштігі ( ) абсолюттік магниттік өткізгіштіктің магниттік тұрақтыға қатынасымен сипатталады:

μ0 – вакуумдағы магниттік өрісті сипаттайтын параметр ( 0=1.256637·10-6 Гн/м).
Абсолюттік магниттік өткізгіштік есептеулерде ғана қолданылады. Магниттік материалдардың қасиеттерін бағалауда таңдалған бірлік жүйесіне тәуелсіз магниттік өткізгіштік ( ) қолданылады. Магниттік өткізгіштік магниттік өріс кернеулігіне тәуелді болады (15 сурет).


15 сурет - Магниттік өткізгіштіктің магниттік өріс кернеулігіне тәуелділігі
Магниттік өткізгіштік бастапқыға  және максимальдыға бөлінеді. Бастапқы магниттік өткізгіштікті магниттік өріс кернеуліктерінің нөлге жақын мәндерінде өлшейді.
және  үлкен мәндері берілген материалдың әлсіз және күшті магниттік өрістерде оңай магниттелетінін көрсетеді.
μ  мәні нөлге дейін төмендейтін температура (Т°)  Кюри температурасы деп аталадык). Т > Тк жағдайда магниттену процесі материал молекулалары мен атомдарының қарқынды жылулық қозғалысына байланысты. Нәтижесінде материал ферромагниттік қасиеттерін жоғалтады.
Мысалы, таза темір үшін Тк=768°C, никель үшін Тк = 358°C,
кобальт үшін Тк = 1131°C.
Болат үлгісін магнитсіздендіру үшін магниттік өріс кернеулігінің бағыты кері қарай өзгеруі қажет (–Н). Индукциясы нөлге тең болғандағы өріс кернеулігі коэрцитивтік күш (Нс) деп аталады. Нс мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым материалдың магнитсізденуге қабілеттілігі төмен болады. Магнитсізденгеннен кейін материалды кері бағытта магниттендірсе шекті гистерезис тұзағы деп аталатын оқшауланған тұзақ түзіледі. Бұл оқшауланған тұзақ магниттік индукция қанығу индукциясына (Вs) теңескенде магниттік өріс кернеулігін +Н-тан –Н-қа дейін бір қалыпты өзгерткенде түсіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет