5-дәріс. Мектептің білім беру үдерісінде білім алушы тұлғасының дамуын, қалыптасуын және тәрбиесін зерттеу


Білім алушы тұлғасының дамуын, қалыптасуын және тәрбиесін зерттеу барысындағы озық тәжірибелер



бет5/7
Дата08.11.2023
өлшемі147.5 Kb.
#482711
1   2   3   4   5   6   7
Дәріс 5. Жеке тұлға семинар

5. Білім алушы тұлғасының дамуын, қалыптасуын және тәрбиесін зерттеу барысындағы озық тәжірибелер

Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саяса-тының міндеттері мынадай болып ерекшеленеді: әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс; әрбір баланың дара қабілеттері, қызығу-шылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады; білім беру жүйесіне оң өзгерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағат-тандыру мақсатына орай өзгертуге болады.


2002 жылдан бастап Қазақстан ТМД елдерінің арасында ал-ғашқы рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бас-тауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағи-даларында» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) ерекше білім беруге қа-жеттіліктері бар білім алушылармен бірлесе оқытатын қалыпты және арнайы сыныптарын жалпы білім беретін мектепте құру тәртібі бе-рілген. Үлгілік қағидалардың 18 тармағына сәйкес жалпы білім бере-тін мектептерде инклюзивті және арнайы сыныптар халықтың қа-жеттілігін, оның ішінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүгедек баланы тәрбиелеп жатқан ата-аналардың мүддесін есепке ала отырып, білім беруді жергілікті басқару органдарының келісімі бойынша ашылады, әрбір инклюзивті сыныпта екі даму мүмкіндігі шектеулі баладан артық оқытылмауы тиіс.
Интеллектуалды ұлттың әлеуетін қалыптастыруда әлем-дік тәжірибелерге талдау жасау барысында алыс және жақын шетелдерде интеллектуалды ұлтты қалыптастыру мәселесі интеллектуалды тұлғаны дамыту мен қалыптастыру, адами капитал тұрғысынан зерттеледі. Интеллектуалды ұлттың әлеуетін қалыптастыруда Еуропа ел-дері интеллектуалды қоғамды құруды өз алдарына мемлекеттік дең-гейде негізгі мақсат етіп қойды. Франция мен Германия мемлекеттерін алатын болсақ, осы елдерде Еуропа Одағына кірудің бірден-бір себеп-кері - интеллектуалды тұлға мен ұлттың әлеуетін қалыптастырудағы көзқарастары.
Еуропа елдеріндегі интеллектуалдық қорлардың басты идея-лары, көрсеткіші ретінде білім мен ғылым дамуына ықпал етерлік факторларды, рухани-мәдени құндылықтар мен этикалық нормаларды айқындау маңызды саналады. «Интеллектуалды азамат»қалыптасуы жолында олардың қоғамдық санасына ықпал етерлік қоршаған ор-таның тынысы мен болмысын танып білу де маңызды рөл атқарады.
Ал, біз Қазақ елі «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық бағдар-ламасында және «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгілеген мақсат-тарға сай интеллектуалды ұлт болу және «Қазақ елі», «Қазақстан мемлекеті» деген ұлы атқа ие болу мүмкіндігі қоғамдағы болып жат-қан тарихи, мәдени - рухани қозғалыстар нақты дәлел бола алады.
Қазақ еліндегі интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы даму үде-рісін алыс және жақын шет елдерде жүргізілген тәжірибелерге салыс-тырмалы талдау жасау барысында біздегі қоғамдағы даму үдерісініңнақты айқын жолды таңдағанын көріп отырмыз.
Жалпы білім беретін мектептердегі инклюзивті және арнайы сыныптарға балаларды қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар бала-ларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын бекітеді.
Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясы ұсынған «Инклю-зивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру ұйымдарындағы оқытудың ерекшеліктері» атты әдістемелік нұсқаудабілім беру сала-сындағы мемлекеттік кепіл-діктерге сәйкес даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық білім беру деңгейлерінде білім алу үшін, даму бұзылысын түзеу үшін және әлеуметтік бейімдеу үшін арнайы жағ-дайлар қамтамасыз етіледі.
Инклюзивті білім беру бағдарламасы 2006 жылдың 13 желтоқ-санында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына енгізілді. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Респуб-ликасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-пе-дагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасын-да кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» заңдарында қамтылды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 21-тармағының 3 тармақшасына сәйкес «инклюзивті білім беру – оқытудың тиісті білім беретін оқу бағдар-ламаларына білім алушылардың өзге де санаттарымен тең қолжетім-ділікті, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы дамытуға түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды көздейтін, мүмкіндігі шек-теулі адамдарды бірлесіп оқыту және тәрбиелеу»,- деп нақты көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет