1. Біртекті өріс. Біртекті өріс деп - тұрақты болатын өрісті айтамыз. Бұл өрісте (5)-өрнекке сәйкес нүктенің потенциалдық энергиясы:
.
Егер нүктеге әсер ететін күштің бағыты декарттық координат жүйесіндегі oz өсімен бағытталған болса, онда
.
Осыдан z=const жазықтығына параллель oxy беті эквипотенциал бет болады. Біртекті өріске жазық конденсатордың астарларының арасындағы электр өрісі және Жердің тартылу күші өрісі жатады.
2. Аксиалды - симметриалды өріс. Аксиалды-симметриалды өріс деп күш өрісін айтады. Мұндағы - қарастырып отырған нүктенің симметрия өсі деп аталатын декарттық координаттар жүйесіндегі oz өсінен арақашықтығы. Аксиалды-симметриалдық өрістің мысалы ретінде, бойымен ток жүріп тұрған шексіз ұзын өткізгіштің тудыратын электр өрісін айтуға болады. Бұл өрісте (5) -өрнекке сәйкес потенциалдық энергия
.
Осыдан эквипотенциалды бет болатын коакциалды цилиндр екендігін көреміз.
3. Орталық-симметриялық өріс. Орталық-симметриялық өріс деп күштің өрісін айтады. Орталық-симметриялық өрісті тудыратын күштерге нүктелік зарядтың электростатикалық күші, денелердің гравитациялық тартылыс күші және серпімділік күші жатады. Осы өрістегі потенциалдық энергия (5)-өрнекке сәйкес
.
Осыдан эквипотенциал бет деп радиусы r= const сфералық бетті айтуға болады.
Осы жоғарыда айтылғандарды қарастыра отырып, мұндағы F және U уақытқа тікелей байланысты емес екендігін көреміз, мұндай күш өрісін стационарлық күш өрісі деп, ал уақытқа байланысты болса, ондай күш өрісін стационарлық емес күш өрісі деп атайды.
Табиғатта кездесетін барлық механикалық жүйелерді мынадай төрт топқа бөлуге болады.
1. Тұйық немесе оқшауланған жүйе. Мұндай жүйенің толық потенциалдық энергиясы осы жүйені құрайтын ұсақ бөлшектердің өзара әсерінен болатын (ішкі күштер) потенциалдық энергиядан тұрады. Басқаша айтқанда ішкі потенциалдық энергиядан тұрады:
.
Достарыңызбен бөлісу: |