5 Естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалған оқушыларды



Дата21.11.2023
өлшемі15.07 Kb.
#483908
5 Естімейтін


5 Естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалған оқушыларды
оқытуды ұйымдастыру.
Естімейтін (саңырау) балалардың ерекшелігі
Саңыраулықта есту аппараты бөлігінің дыбысты қабылдау қызметі
бұзылады, негізгі сөйлеу жиілігі 80-85 дБ-ден төмен емес орташа қабылдау
шегінде аудиометрдің үнді қабылдауы көбінесе 125 – 4000 Гц арасында өзгеріп
отырады.
Бұл есту күйі арнайы апаратсыз баланың сөзді қабылдауына мүмкіндік
бермейді. Естімеуі немесе нашар естуі баланы ең маңызды ақпарат көзінен
айырады, әсiресе егер ол ерте жаста естуден айырылса сөйлеу және психикалық
дамуының тежелуіне әкеледі.
Психофизикалық дамуында артта қалушылықты көрсету дәрежесi әр түрлi
себептерге, есту қабілетінің нашарлау уақыты мен ауырлығына байланысты
болады.
Есту қабілеті ерте бұзылса және ауыр болса баланың психологиясы және
сөйлеу тілі тежелуі айқын. Сөйлеу тілінің дамымауы есту қабілеті нашар
балалардың психологиялық процестерінің дамуына теріс әсер етеді, олардың
танымдық қызметінің өзгеруіне алып келеді.
Қазiргi
уақытта
сурдопедагогикада
жалпы
бiлiм
беру
деңгейінде
естімейтіндердің еститiндермен тең дәрежеде оқуына мүмкiндiк беретін, есту
қабілетінің бұзылу салдарын жеңілдететін арнайы тәсілдер әзірленген.
Тілдің лексикалық қорын, оның грамматикалық заңдылықтарын меңгеру,
қарым-қатынас құралы ретінде тілді меңгеру естімейтін әлемдегі өмірдің
әлеуметтік проблемаларын кеңінен шешуге мүмкіндік береді.
Белгілі болғандай, оқу-танымдық қызмет есту қабілеті тұрақты бұзылған
балаларға даму мүмкіндіктерін береді.
Ол естімейтіндердің танымдық қызығушылығын және зияткерлік қабілеттерін
дамытады, оқуға әлеуметтік себептерін қалыптастырады.
Меңгерген ғылыми білімі, жалпы оқу және арнайы біліктілігі балалардың
ой-өрісін кеңейтеді, жан-жақты дамуы үшiн жағдай жасайды.
Қалыптасқан ауызекі сөйлеу және психикалық процестерді дамыту, білім беруді қамтамасыз етеді. Барлық жоғарыда аталған естімейтін балаларды
дамыту ерекшеліктері, және оларды еститіндермен тең білім алу құқықтарын
қамтамасыз ету қажеттілігі арнайы әзірлемелердің маңыздылығын анықтайды.
Оқытудың әрбір кезеңіндегі нақты психологиялық-педагогикалық
міндеттерді нақты шешуге мүмкіндік беретін жағдайлар естімейтіндерді
бейімдеуге және әлеуметтік оңалтуға мүмкiндiк туғызады. Нашар еститін
балалардың ерекшеліктері
Нашар еститін балалардың естімейтін балалардан айырмашылығы қалдық
есту мүмкіндігін оқу процесінде қоршаған ортаны тану және адамдармен
қарым-қатынаста жеткілікті деңгейде тиімді пайдалануы мүмкін.
Есту қабілеті жоғалған бiрақ сөйлеу тілі сақталған, кейіннен естімей қалған
балалардың да артықшылықтарын атап кету керек. Осы балалардың сөйлеу
қабілетінің сақталу дәрежесі бірқатар төмендегі факторларға әсер етеді: естімеуі
басталған уақыт, баланың өсуі мен даму ерекшеліктері, қалдық
Дамудың кейінгі кезінде пайда болған естімей қалу, егер балада оқу және жазу
дағдылары қалыптасқан болса, айтарлықтай түрде сөздік қорын бұза алмайды.
Нашар еститін балалар 75 дБ аспайтын сөйлеу жиілігінің аймағында (500-ден
2000 Гц) есту қабілетінің төмендеу дәрежесінің тәуелділігіне қарай дыбысты
ажыратады.
Сөзді нашар еститіндердің дамымаған және бұрмаланған сөздiк қорының
жұтаңдығы байқалады, сөздердің лексикалық мағынасы дұрыс меңгерiлмеген,
грамматикалық құрылымдарды дұрыс емес, мысалы: әртүрлi санаттарды
араластырған, олардың мәнін дұрыс түсінбеу және соның салдары ретінде өз
сөзінде оларды дұрыс пайдалана алмауы.
Нашар еститіндердің ішінара естуі сөйлеуді қалыптастыруға мүмкіндік
туғызады, бірақ сөйлеу қоры және сөзді түсінуі бұрмаланған.
Соның салдарынан сөйлемдерді өзгеше қабылдайды және бұрмаланған
түсінік пен ұғымдар қалыптасуы мүмкін.
Сөзді түсінуі және қабылдауы өзінше көрініс береді, бала ұғымдарды
бірыңғай біріктіре қабылдай алмайды, көп жағдайда қоршаған орта туралы
жаңсақ пікір қалыптасады.
Бұл танымдық iс-әрекетте көрініс табады: салыстыру, талдау, жинақтау
әрекеттері ерекшеленіп тұрады.
Сөздік қорының аздығы, баланың сөзді бұрмалау сипаты, естуді
қабылдауы бұзылғанда қалыптасады, танымдық қызметінің дамуы барысында
өзіндік ерекшелігі болады.
Естуі ішінара бұзылған баланың даму ерекшелігінің биологиялық (естудің
физикалық ақауы) себептері әлеуметтiк зардаптарға алып келедi (қарым-
қатынастың бұзылуына, психологиясының қалыптасуында ауытқуға әкеліп
соқтырады).
толығымен естімейтіндердің білім деңгейін жетілдіруге ықпал етеді, негізгі орта

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет