№5 механика теория



Pdf көрінісі
Дата27.07.2023
өлшемі54.97 Kb.
#475833
№5 механика теория



Механика теория №5
1. Горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дененің импульсінің өзгерісінің бағыты
A) вертикаль жоғары
B) траекторияға жанама, қозғалыс бағытымен бағыттас
C) вертикаль төмен
D) горизонталь
2. Горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дененің көтерілу уақыты кезіңде нормаль
үдеу мен толық үдеу арасындағы бұрыш
A) артады
B) кемиді
C) өзгермейді
D) 45
0
-қа
3. Көлемі тұрақты ауа шары жер бетінен биіктеген сайын оған əсер ететін көтерілу
күші
A) артады
B) өзгермейді
C) кемиді
D) шар ішіндегі газға тəуелді
4. Горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дененің жылдамдығын өзгертпей,
лақтырылу бұрышын 2 есе арттырса көтерілу биіктігі
A) өзгермейді
B) кемиді
C) артады
D) 2 есе кемиді
5. Адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың
сапасы
A) тембр
B) музыкалық дыбыс
C) қаттылығы
D) тоны
6. Дененің кеңістіктегі орнының санақ денесі ретінде алынған басқа денелерге
салыстырғанда уақыт бойынша өзгерісі
A) орын ауыстыру
B) механикалық қозғалыс
C) жол
D) траектория
7. Дененің потенциал энергиясы –
A) ыстық дененің суық денеге берген энергиясы
B) серпінді деформацияланған дененің энергиясы
C) дененің қозғалыс энергиясы
D) дененің жылдамдығының өзгеру энергиясы
8. Дыбыстың биіктігі … анықталады
A) дыбыс жиілігімен
B) тербелістің таралу жылдамдығымен жəне амплитудасымен
C) тербеліс амплитудасымен
D) тербеліс жиілігімен жəне тербеліс амплитудасымен


9. Екінші ғарыштық жылдамдық берілген ғарыш кемесінің қозғалыс траекториясы
A) циклоидтың күрделі траекториясымен
B) парабола бойымен
C) түзу бойымен
D) эллипс бойымен
10. Жер бетіндегі күн мен түннің ауысуы Жерің өз осінен айналуына байланысты.
Осы жағдайда санақ денесі
A) кез келген дене
B) Жер
C) Ай
D) Күн
11. Жылдамдықтың бірлік уақыт ішіндегі өзгерісіне тең шама
A) орташа жылдамдық
B) жол
C) үдеу
D) орын ауыстыру
12. Күш пен оның əрекет ету уақытының көбейтіндісі бұл –
A) дене импульсі
B) инерция моменті
C) күш импульсі
D) күш моменті
13. Масса дегеніміз …
A) дене салмағы
B) дененің жерге тартылуын сипаттайтын шама
C) денелердің инерттілігінің өлшемі
D) денелердің өзара əрекеттесуінің өлшемі
14. Түзу сызықты бірқалыпты емес қозғалыс –
A) дененің кез-келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жол жүруі
B) дененің кез-келген тең уақыт аралықтарында бірдей орын ауыстырулар
жасайтын қозғалысы
C) дененің кез-келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы əртүрлі жол жүруі
D) дененің шеңбер бойымен қозғалысы
15. Дененің салмағы –
A) дененің жерге тартылу күшу
B) дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші
C) дене массасы
D) дененің серпімділік күші


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет