Ағылшындық ұзындық өлшемдері:
1 теңіз милі – 1,85 км.
1 ярд – 3 фут - 0,91 м.
1 фут – 12 дюйм – 0,30м.
1 дюйм – 12 линия -2,54 см.
1 линия - 2,1 мм.
Америкалық сұйықтықтардың өлшем жүйесінен:
1 баррель шикі мұнай – 42,2 галлон – 158,97 л.
1 галлон – 3,78 л.
1 унция – 29,56 мл.
1 ас қасық – 14,8 мл.
1 шай қасық – 0,08 мл.
Метрикалық жүйе - 1799 жылы Франция енгізген өлшеуіш пен килограммға негізделген ондық негізделген өлшеу жүйесі.«Ондық негізделген» дегеніміз барлық бірліктер 10-ға ие. базалық бірлікті 10 факторларға ауыстыру үшін қолданылатын префикс жүйесі . Негізгі бірлікке килограм, метр, литр кіреді (литр шыққан бірлік). Префикстерге құрамында milli-, centi-, deci- және кило кіреді.
Метрикалық жүйеде қолданылатын температура шкаласы Келвин шкаласы немесе Цельсий шкаласы болып табылады, бірақ префикс температура дәрежесіне қолданылмайды. Келвин мен Целий арасында нөлдік нүкте болса да, дәреже мөлшері бірдей.
Ортағасырлық кезең мен жаңа заман дәуіріндегі әр елдегі өлшем бірліктері әртүрлі болды. Тіпті кейбір елдердің жекелеген аймағындағы өлшем бірліктері басқаларына сай келмеді. Мұның барлығы халықаралық сауда-экономикалық қатынастардағы ретсіздікке әкелді, қиындықтар тудырып, өнеркәсіптік дамуға кері әсер етті.
Сол себепті де 1793 жылы Францияда өткен Конвенцияда "Өлшемдердің метрлік жүйесін енгізу туралы» аса маңызды шешім қабылданды. Оның негізіне ұзындықтың бірлігі ретінде метр алынды. Метр эталонында: «Барлық уақытта, барлық халықтар үшін!» - деген сөз қашап жазылды.
Өлшем бірліктері туралы ортағасырлық Еуропада жазылған алғашқы еңбектер заңгерлер мен көпестердің трактаттары деп есептеледі. Мәселен ХІҮ ғасырдағы италиялық саудагер Франческо Баль-дуччи Пеголоттидің «Сауда тәжірибесі» атты еңбегі осы қатарға жатқызылады. ХІҮ –ХҮ ғасырларда әртүрлі аймақтарда қолданылатын өлшем бірліктері коммерциялық қажеттілік үшін жүйелендірілді. Осы кезеңдерде жерге орналастырушылар ұзындық пен жер бедерін өлшеу тәсілдері кең түрде сипатталған алғашқы көлемді трактаттар пайда болды.Сол шығармалардың ішінде неміс қоныстанушыларының жер бөліктерін өлшеу тәжірибесін қорытындылайтын «Кульмдық геометрия» атты еңбекті ерекше айтуға болады. Кейінгі феодализм кезеңіндегі діл өлшеу талаптардың күшеюі өлшемдер туралы жұмыстарды жазудағы бастамашылық көпестер мен жер өлшейтіндерден математиктерге өтті. Вена тұрғыны Кристоф Рудольфтың «Шебер есеп» атты еңбегі Батыс Еуропаның әртүрлі аудандарында таралған астық, шарап, май өлшемдерін, фунттарды, шынтақтарды салыстыра сипаттауға арналған. Ол 1526 жылдан 1588 жылдардағы 60 жылдай уақытта мегіз рет жарық көрді. Батысеуропалық көптеген мұрағаттардан өлшем бірліктері туралы трактаттардың әртүрлі қолжазбаларын кездестіруге болады. Сондықтан да метрология жеке ғылыми пән ретінде ХҮІ ғасырда қалыптасты деп есептейді. Ал Еуропада тарихи метрологияның пайда болуын Георг Агриколла (1494-1555) мен Жозеф-Жюст Скалигердің (1540-1609) «Римдіктер мен гректердің өлшемдер мен өлшеуіштер туралы бес кітап» атты еңбегімен байланыстырылады. ХҮІ –ХҮІІІ ғасырларда тарихи метрологияның негізгі мәселесі антикалық кезең өлшем бірліктері басты назарда болды. Ал ортағасырлық европалық өлшем бірліктері мәселелері көбінесе өлкетанушылар мен антикварларды ғана қызықтырды.
ХҮШ – ХІХ ғасырларда Еуропаның көптеген елдерінде өлшем бірліктері туралы анықтамалықтар шыға бастады. Ресейде өлщем бірліктері жүйесң негізінен ХҮШ –ғ. басында қалыптасты деп есептеледі. Ал ХҮШ – ХХ ғасырлардағы метрологияның басты міндеті елдің орасан зор аумағындағы өлшем бірліктерін нақтылау, біріздендіру болды. Бұл кезеңдерде ресейлік бірыңғай өлшем бірліктері жүйесңн қалыптастыру мақсатында бірнеше комиссия құрылып, жұмыс істеді.
ХІХ –ғасырда экономика тарихына қызығушылықтың артуына байланысты ортағасырлық өлшем бірліктеріне көбірек көңіл аударыла бастады. Метрологияның кейбір мәселелеріне байланысты арнайы зерттеулер пайда болды. «Ұлы Карлдың фунты», «кельндік марка», «гуфтар» және басқалар пікірталас мәселелеріне айналды.
ХХ – ғасырда өлшеу жүйелері тарихи-экономикалық мәселелерді зерттеу құралы ретінде ғана емес, өзіндік зерттеу обьекті ретінде де қарастырыла бастады. Тарихи метрологияны оқып зерттеуде Тарихи метрология бойынша Халықаралық комиссия өзіндік үлес қосты. 1975 жылдан бастап тарихи метрология бойынша конгрестер өткізіле бастады.
Зерттеушілер тарихи метрология бүгінгі таңда өрлеу сатысында тұр деп есептейді. Жалпы алғанда тарихи метрологиялық зерттеулер ортағасырлық кезеңмен салыстырғанда ежелгі гректік және римдік өлшем жүйелері жақсырақ зерттеліп, айқындалғандығын көрсетеді.
Ресейде өлшем жүйесі негізінен ХҮІІІ ғ. басында қалыптасты, сондықтан ХҮІІІ-ХХ ғ.ғ. метрологияның басты міндеті ең алдымен өлшем бірліктерін нақтылау, ұлан-ғайыр мемлекет территориясына міндетті бірыңғай өлшем бірліктерді енгізу болды. Осы кезеңдегі орыс өлшемдерін зерттеу түрлі түп дерек көздеріне негізделді. ХҮІІІ ғ. І жартысында өлшемдер жүйесінің тарихы үшін кедендік кітаптар өз мәнін сақтайды. Зерттеушілердің құзырында өлшем бірліктер үлгісінің түп нұсқалары, сондай-ақ ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ. сенімділік ісін ұйымдастыру үшін құрылған комиссия құжаттары пайда болады. Өлшемдер және салмақ өлшемдері туралы неғұрлым маңызды заңдар 1797, 1835 және 1899 ж.ж. шығарылады. 1797 ж. Заңның міндеті дәл өлшем жүйесін құру болды.
1. Аралық верст – 2 жолдық верст – 1000 сажень -2,160 см.
Жолдық верст – 500 сажень – 1.080 км.
Сажень – 3 аршын – 12 четверть – 48 вершок – 216 см.
Аршын – 4 четверть – 16 вершок – 72 см.
Четверть – 4 вершок – 18 см.
Вершок – 4,5 см.
2. Ласт – 72 пұт.
Четверть – 12 пұт.
Берковец – 10 пұт.
Контарь – 2,5, пұт.
Пұт – 16 безмен – 40 үлкен гривень.
Үлкен гривень – 2 кіші гривеь – 96 алтын монет.
Ондық жүйе бойынша пұт – 16.38 кг.
Фунт – 409,512 г.
Алтын монет – 4,267 г.
3. Десятина – 2 четверть – 4 осьмин – 8 жарты осьмин – 16 четверик.
Четверть – 2 осьмин – 4 жарты осьмин – 8 четверик – 3 третник.
Осьмин – 2 жарты осьмин – 4 четверик.
Достарыңызбен бөлісу: |