5 сайланған Маңғысау облыстық мәслихатының шешім І ақтау қаласы №12/ 16 тамыз 2013 жыл



Дата26.02.2016
өлшемі35.94 Kb.
#26290


Жоба

5 сайланған Маңғысау облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І


Ақтау қаласы № 12/ 16 тамыз 2013 жыл


Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы

7 желтоқсандағы № 7/77 «2013 - 2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақтааласы 5 желтоқсан 2012 жыл

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 «2013 - 2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2184 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 218-219-220 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2013 - 2015 жылдарға арналған облыстық бюджет қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға, мынадай көлемдерде бекітілсін:

«1) кірістер – 95 786 234 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 51 119 421 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 2 507 115 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 15 644 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 42 144 054 мың теңге;

2) шығындар – 92 689 991 мың теңге;

3) таза бюджеттік несиелендіру – 6 069 487 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 6 892 765 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 823 278 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 1 150 298 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 1 150 298 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге:

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 4 123 541 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4 123 541 мың теңге.».

2-тармақта:

1) тармақшада:

«Бейнеу ауданына» «97,2» саны «100» санымен ауыстырылсын;

«Қарақия ауданына» «26,5» саны «100» санымен ауыстырылсын;

«Маңғыстау ауданына» «22,5» саны «55,4» санымен ауыстырылсын;

«Түпқараған ауданына» «29,5» саны «100» санымен ауыстырылсын;

«Мұнайлы ауданына» «96,5» саны «100» санымен ауыстырылсын;

«Ақтау қаласына» «12,9» саны «15» санымен ауыстырылсын;

«Жаңаөзен қаласына» «45,5» саны «48,4» санымен ауыстырылсын;

2) тармақшада:

«Қарақия ауданына» «0» саны «100» санымен ауыстырылсын;

«Маңғыстау ауданына» «100» саны «0» санымен ауыстырылсын;

«Ақтау қаласына» «0» саны «100» санымен ауыстырылсын;

3) тармақшада:

«Қарақия ауданына» «0» саны «21,6» санымен ауыстырылсын;

«Маңғыстау ауданына «100» саны «0» санымен ауыстырылсын;

3-тармақша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Бейнеу ауданына – 100 пайыз»;

5) тармақшада:

«Бейнеу ауданына» «97,2» саны «100» санымен ауыстырылсын;

«Қарақия ауданына» «26,5» саны «100» санымен ауыстырылсын;

«Маңғыстау ауданына «0» саны «54,3» санымен ауыстырылсын;

«Түпқараған ауданына» «26,4» саны «100» санымен ауыстырылсын;

«Мұнайлы ауданына» «95,6» саны «100» санымен ауыстырылсын;

«Ақтау қаласына» «13» саны «15» санымен ауыстырылсын;

«Жаңаөзен қаласына» «45,5» саны «49» санымен ауыстырылсын;

5-тармақта:

«979 247» саны «2 234 634» санымен ауыстырылсын;

«Бейнеу ауданына» «979 247» саны «1 073 083» санымен ауыстырылсын;

5-тармақ мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«Түпқараған ауданына – 768 796 мың теңге»;

«Мұнайлы ауданына – 392 755 мың теңге»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.».

2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы Облыстық

мәслихат хатшысы
А. Қуанов Б. Жүсіпов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының экономика

және бюджеттік жоспарлау басқармасы»

мемлекеттік мекемесі басшысының м.а.

Ж. Ұланова



«___» ____________ 2013 ж. Ор



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет