Тыңдaлым бaрысындaғы тaпсырмa:
(Б) «Саусақ ұшы» әдісі
Іс-әрекет: Интерактивті тақтаға Андронов және Беғазы-Дәндібай терминдері жазылған алақандардың суретін ұсынып, оқушыларға екі мәдениеттің ерекшеліктерін саусақ ұштарына жазуды ұсыну.
Тыңдалымнан кейін:
Мәтінмен жұмыс. Графикалық органайзер «Ақпаратты сүзу» әдісі.
1. «Қазақстанның солтүстік-батысынан табылған артефактілер»
2.«Қазақстанның орталығынан табылған артефактілер»
3. «Қазақстанның оңтүстік-шығысынан табылған артефактілер»
Графикалық кескін-суреттер жапсырылған кестемен жұмыс жасап, осы суреттер негізінде Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне сипаттама жасауды ұсыну.
Б/Т «МИКС» әдісі арқылы 3 топқа 3 түрлі тапсырмалар беріледі.
Тапсырма. Картамен жұмыс.
-Тақырыптық картаны пайдалана отырып,1-контур картаға Андронов мәдениетінің ескерткіштерін белгілеп көрсетіңіз;
-2-контур картаға Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ескерткіштерін белгілеп көрсетіңіз;
Тапсырма. Кестемен жұмыс.
Андронов мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай мәдениетін салыстырады, ерекшеліктерін анықтайды. Өз жауаптарын дәйектер келтіре отырып қорытындылайды.
Андронов мәдениеті
|
ұқсастығы
|
Беғазы-Дәндібай мәдениеті
|
|
|
|
қорытынды:
|
Тапсырма.«Ой толғау»
Төмендегі дәйексөздерді қолдана отырып, «Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері » тақырыбына 50-70 сөзден тұратын ой толғау жазыңыз.
-Андронов мәдениеті;
-Беғазы-Дәндібай мәдениеті;
-жертөлелер;
-абыз;
-қоныстар;
-кремация;
-қыш ыдыстар;
-артефактілер.
Барлық топты бағалау. Бағалау критерийі:
1.Тақырыптың ашылуы, нақтылығы
2. Қызықты фактілердің келтірілуі
3. Белгілі бір деректерге сүйенуі
Достарыңызбен бөлісу: |