(Т) 3-тапсырма. «Топтық зерттеу».Оқушыларға «Тас дәуіріндегі Қазақстан» тақырыбы бойынша алынған білімді жүйелеу мақсатында топтық жұмыс ұйымдастырылатындығы туралы ескертемін.
Мысалы: алғашқы адамдар, тас құралдары, кен өндіру, қыш құмыралар, петроглифтердің суреттері. Осы суреттер бойынша сол кезеңге ойша өтіп, нені елестеткендерін жазып алады.
1 топ: Журналистер:
«Менің тас дәуіріндегі бір күнім» тақырыбында оқиға орнынан репортаж дайындайды;
2 топ:Ұсталар:
Тас және қола дәуірінің еңбек құралдарының ішінен адамға ең үлкен пайдасын (қажетті) әкелген еңбек құралын таңдап, оның суретін салып, мысалдар келтіре отырып, өз таңдауларын негіздеу.
Қыш құмыра (керамика) жасаушылар:
Тұрақтардан табылған қыш құмыраларды зерттеп, олардың қажеттілігі мен қолданылуын түсіндіреді. Қыш құмыралардың бірнеше нұсқасының суретін салады, ондағы бейнеленген суреттерді сипаттайды.
Этнографтар:
Тас және қола дәуіріне тән ғұрыптармен наным-сенімдер бойынша презентация жасайды. Олардың мағынасын ашып, түсіндіреді.
4-тапсырма. Стоп-кадр.Ежелгі адамдардың өміріне саяхатты мектеп ауласында немесе кітапханада өткізуге болады.
ежелгі адамдардың тастардан еңбек құралын жасауы;
терімшілік пен егіншілікпен айналысуы;
аң аулауы;
от жағу тәсілін;
ежелгі адамдардың тастарға сурет салуы;
тоқымашылық, тері өңдеу;
баспана салу.
5-тапсырма. «Ыстық орындық». Бір оқушы ортаға шығып, өзін питекантроп, саналы адам немесе андроновтық тайпа өкілі ретінде ыстық орындыққа отырып, пікірін айтады. Ол тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Қалған оқушылар белгілі бір пікірмен келіспеген жағдайда, алға шығып сөйлей алады. Бұл жерде оқушылар белгілі бір рөлді немесе адамды сомдай алады.
ЕБҚ оқушыға (есту және ойлау қабілеті төмен ) тапсырма қабылдау деңгейіне қарай сараланып беріледі.
|