5-сыныпқа информатика пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар ТҮсінік хат



бет10/21
Дата21.12.2023
өлшемі304.5 Kb.
#487414
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
түсінік хат 5-11 cыныптар информатика 2022-2023

Оқытудың мақсаты: Білім алушыларды заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану үшін базалық білім, білік және дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
Оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру, әр түрлі ақпараттарды өңдеудің қарапайым бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілдерінің бірімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады.
9-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) "Компьютердің құрылғылары". Мақсатына байланысты компьютердің аппараттық конфигурациясын таңдау;
2) "Программалық қамтамасыз ету". Пайдаланушының қажеттіліктеріне байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау;
3) "Компьютерлік желілер". Бұлтты технологияларды қолдану арқылы құжаттармен ортақ жұмыс істеу;
4) "Ақпаратты ұсыну және өлшеу". Ақпарат қасиеттері (өзектілігі, дәлдігі, анықтығы, құндылығы);
5) "Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру". Дерекқор, өріс, жазба. Электрондық кестеде деректер базасын құру. Деректерді іздеу, сұрыптау және сүзгілеу;
6) "Модельдеу". Процесс моделдерін (физикалық, биологиялық, экономикалық) электрондық кестеде зерттеу және құру;
7) "Программалау". Бір өлшемді массив. Екі өлшемді массив. Массивтерді өңдеудің негізгі алгоритмдері: массив элементтерін іздеу, сұрыптау, орнын ауыстыру, жою және қою. PyGame (пайгейм) кітапханасы. Ойынның артқы фоны. Ойынға арналған дайын кейіпкерлер. Кейіпкер қозғалысы. Дайын сценарий бойынша ойын программмалау. Ойын нәтижелерін есептеу;
8) "Эргономика". Компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істеу тәуекелін бағалау;
9) "Ақпараттық қауіпсіздік". Желіде жұмыс істеудің этикалық және құқықтық нормаларын бұзу салдарлары.
Оқыту міндеттері:

  • есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  • ақпараттық модельдеу, модельдеу әдістерін қолданатын негізгі салалар туралы мағлұмат беру;

  • программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету;

  • ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  • жобалық іс-әрекетте ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін алу;

  • алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы

оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
9 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат;
5-9 сыныптардағы Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны.
Пәннің оқу бағдарламасы бойынша 6, 7, 8, 9-сыныптарда 3-тоқсанда бір ғана «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Білім алушылардың бөлім бойынша оқу мақсаттарын игеру деңгейлерін нақты анықтау үшін аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады.



Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

9 сынып

2

1

2

1





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет