5. Тақырып. Бас мидың анатомиясы мен физиологиясы. Ми қабығы. Дәріс мазмұны: Бас мидың қабығы бар


Төмпешік астындағы аймақта-гипоталамуста



бет4/4
Дата05.12.2022
өлшемі0.75 Mb.
#466541
түріҚұрамы
1   2   3   4
Бас ми анатомиясы

Төмпешік астындағы аймақта-гипоталамуста екі бөлімді айырады. Дорзальдық бөлім – субталамикалық (Люис ядросы) ядродан және сұр заттың басқа майда жиынтықтарынан тұрады. Вентральдық бөлімге көру жүйкенің қиылысқан жерінің үстінде (хиазманың) жататын ядролар (супраоптикалық және паравентрикулярлық), сұр төмпешіктің және оған көршілес жатқан емізікті денелердің ядролары, олардың жоғарғы жағында жатқан артқы гипоталамикалық ядро кіреді.
Гипоталамус жоғары дәрежелі вегетативтік орталық болып саналады. Мұнда зат алмасуын, жылу түзілуді, жылу беруді, тер бөлуді, аштық және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар. Сонмен қатар, гипоталамуста нейросекреттер түзіліп, гипофиз безінде белсендіріледі. Гипоталамус ішкі секреция қызметін реттеуге қатысады. Ол адамның ұйқысы мен сергектігін реттеуге де қатысады.
Қыртыс асты (базальдық) ядролар. Ми сыңарларының ақ заттарының ішінде орналасқан сұр заттың жиынтығы жатыр. Оған кіретіндер құйрықты, бұршақ тәрізді, миндаль тәрізді ядролар және қоршау.
Қыртысасты ядроларының негізгі топтарын екі жүйеге бөледі:
1. Түссіз шар ядроларының группасы ертедегі жолақ денені, немесе
паллидумды құрады.
2. Қабық пен құйрықты ядро жаңа денені немесе стриатумды құрайды.
Қыртыс асты ядролар ми сыңарларының қыртысына бағынады.
Стриатум төмпешіктерден және үлкен жарты шарлар қыртысынан талшықтар алады. Төмпешіктер арқылы стриатум ағзаның барлық афференттік жүйелерімен байланысады. Стрнатум паллидумға да талшықтар береді. Кейбір мәліметтерге қарағанда паллидум тікелей үлкен жарты шарлар қыртысынан да талшықтар алады. Оған сонымен қатар төмпешікасты ядроларының кейбіреулерінен және тор тәрізді туындылардан талшықтар келеді. Ал эфференттік талшықтар паллидумнан ортаңғы мидың тор тәрізді туындыларына, субталамикалык ядроға, төмпешікке тағы да басқаға кетеді.
Рефлекторлық қимыл актысы орындалу үрдісінде үлкен жарты шарлар қыртысынан импульстер негізінен 3 түрлі төмен кететін жолдар арқылы шығады: пирамидалық жол, мишыққа баратын жол және стриатум арқылы өтетін жол. Қыртыс асты ядролар түрлі қимыл актыларына түзетулер енгізеді, сөйтіп олардың орындалуын жеңілдетеді. 


Бақылау сұрақтары:
1. Бас мидың қабықтары туралы мәлімет.
2. Бас миы бөлімдерінің сипаттамасы
3. Бас миы құрылымдарын атластан қарап латынша атауларын жазып алу керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет