5-тарау. Педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы мен әдістемесі


Тарихи-педагогикалық тәжірибелерді зерттеу әдісі



бет9/33
Дата11.03.2024
өлшемі0.53 Mb.
#494955
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
Глава 5 новый

Тарихи-педагогикалық тәжірибелерді зерттеу әдісі кейде дәстүрлі педагогикалық әдіс деп аталады. Бұл әдістерді кезінде Платон, М. Ф. Квинтилиан, Я. А. Коменский, И. Песталоцци де қолданған, қазіргі ғылымда да пайдаланылады. Педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, байқау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, мектеп құжаттарын талдау, т.б. зерттеу әдіс-тәсілдері ізденіс жұмыстарында қолданылады.
Математикалық және статистикалық әдіс – әр кезеңдегі тарихи-педагогикалық материалдарды салыстыру, жалпы сұрақтар мен эксперимент мәліметтердің қортындысын шығаруда қолданылатын әдіс. Бұл әдіс тәжірибелік - эксперимент жұмыстарының қортындысын сенімділікпен бағалауға жағдай туғызады. Ал статистикалық әдіс көптеп жинақталған материалдарды жүйелеп қорытуда арнайы формула арқылы есептеп, қортындысын график, диаграмма, кестелер арқылы шығаруға мүмкіндік береді.
Түйіндей келсек, педагогика тарихының зерттеулерінде жоғарыда көрсетілген әдіснамалық ұстанымдар негізінде тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері қолданылады. Олар: кешенді әдістер (жалпы ғылыми әдіс - тарихилық және қисындылық); тарихи әдістер (тарихи-генетикалық, тарихи салыстырмалы, тарихи жүйелілік);педагогикалық әдістер (теориялық педагогикалық талдау, педагогикалық тәжірибені қорытындылау); мұрағат құжаттарын оқып, талдау; орта және жоғары мектеп құжаттарымен танысып, мамандар мен оқушылардың құрамы анықтау әдістері; зерттеу нәтижесі мен сапасын бағалау әдістері, т. б. Тарихи-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасында (әдіснамалық тұғыр, ұстаным, мәселелер, тарихи педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық қызметтері мен әдістері) тағы бір ескеретін жайт зерттеудің тарихи көздері (мәдениеттің өнімдері, адам үшін ортақ болып келеді де, олар ғылым аралық зерттеулердің негізін құрайды, тарихи-салыстырмалы зерттеудің пәніне айналады.
Педагогика тарихының мәні және оның әдіснамасы, тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері туралы білімдерді қорытындылай келе, төмендегідей логикалық-құрылымдылық кестені ұсынамыз (3-кесте ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет